12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата15.03.2017
өлшемі2,65 Mb.
#9686
1   2   3   4   5   6   7   8

Қорытынды

Бейіндік оқытуды ұйымдастыруда оқушылар мен ата-аналардан  алдын ала

сұрақтар  бойынша  пікірлерін  білу  және  нақты  аймақ,  қала,  ауданның еңбек

нарығының

сұранысы  тірек  ретінде  алынады.  Мектептің  (мамандар,

материалдық-техникалық  қоры)  мүмкіндігі  де  маңыздылығы  жағынан  жоғары

көрсеткіш болып саналады.

Әрине,  бейіндік  оқытуды  енгізу  экспериментін  іске  асыру  барысында

көптеген  мәселелер  туындайтны  белгілі.  Мысалы,  мұғалімдерді қайта  оқыту,

мектептің

материалдық-техникалық

базасын  нығайту,  емтихандар  алу,

оқушыларды іріктеу.

Бірақ ештеңеге қарамастан,  болашақ – бейіндік  мектептікі.  Ол  болашақты

сауаттылықпен басқаратын азаматтар даярлайтын бейіндік мектептікі.

Әрине тұспалдауымызша, оқушыларға  белгілі бір тартыншақтық тән болып

келеді,  ол  тартыншақтық

ата-аналардың,

мұғалімдерің

консервативтілігі

арқасында күшейе де түсуі мүмкін. Шынтуайтына келгенде, сөзсіз, балалардың

көпшілігі өздері іштей  таңдаған  мамандығына қарай ұмтылып  тұратыны

белгілі.

Ресми  статистиканың мәліметінше: жоғары  сынып  оқушыларының тең

жартысы  мектеп  бағдарламасын  игермейді.  Бірақ сәтсіздіктің себептері –

оқытуға    дұрыс  тұрғыдан  келмеуі,  мұғалімдердің  өз әріптестерінің озық

тәжірибесін, үлгілі әдістемелері  мен  технологияларын қолданғысы  келмеуі,

жеке  тұрғыдан  келу ұстанымдары,  оқытудың  ұжымдық тәсілдері  т.б.  болуы

мүмкін.  Сонымен қатар, әрине,  көптен  бері  айтылып  келе  жатқандай,  бейіндік

оқытуды  тәжірибеде  жүзеге  асыруға құлқы  болмауы  да  басты  себептердің

бірінен саналады. Көп жағдайда, негізсіз айтылып келе жатқаны белгілі.

Барлығы  демесек  те,  көптеген  ата-аналар, өз  перзенттерінің белгілі  бір

бейіндік  бағыттағы  мектепте  оқуына  тілектестігін  білдіреді.  Еліміздің барлық

мектептерінде бейіндік оқытуды енгізу – қоғамдағы көптеген құбылыстар үшін

қиғаш  және  төңкеріс  сипатында  болатын  мәселе.  Бұл  ретте  осындай

жаңалықтарды  енгізуге  аса  сақтықпен қарайтын  адамдармен  жасалатын

жұмыстардың түрлі баламаларын қарастырып қойған дұрыс болады.

Түптеп  келгенде,  егер  бұл  мәселе  жеке  тұлғаның

көздегендеріне

байланысты  болса,  нақты  бір  мектепте  бейіндік  оқытуды ұйымдастыру    ата-

аналар мен балалардың тілегін ескере отырып шешілуі керек. Бұл тұста нақты

мектептің мүмкіншіліктері де алдыңғы орында болады.

Мектептің жоғары сыныптарында бейіндік оқытуды ұйымдастыру оныншы

сынып  оқушысы үшін әрі қарай  білім  алуды  бейіндендіруді    маңызды  және

өзекті  мәселеге  айналдырады.  Егер,  негізгі  мектеп  түлегінің көпшілігі  жоғары

сыныпта оқуға бет алатын болса, бейінді таңдау бұқаралық сипатқа ие болады.

9-сыныпта таңдау курстарының, факультативтің жүйесін енгізу керек, олар

модульдік негізде құралған болуы тиіс, соған қарап әр оқушы өзінің белгілі бір

білім  саласы  бойынша  танымдық  қызығушылығын,  мүмкіндіктерін  бағалай

алатын  болуы керек.


68

Осылай, бейіндік  оқыту



оқыту  мен  тәрбиелеуде

жеке  тұлғаға

бағдарланғанбілім  берудің жаңа  парадигмасы  жағдайындағы  саралай  оқыту

теориясын іске асыру және дамытудың заңды нәтижесі. Ол біздің қоғамымызда,

әлеуметтік

өмірімізде,

құндылықтар  жүйесінде  болып  жатқан  күрделі

өзгерістермен шартты байланыста. Бейіндік оқытуды енгізу – қазіргі білім беру

саласындағы  реформаның негізгі  бағыттарының бірі.  Жаңа  бейіндік  мектеп

құру – жауапкершілікті,  білім  мазмұнын қалыптастыру мен  білім  беруді

ұйымдастырудың формаларын  таңдауда,    мамандарды қарқынмен  даярлауда

сапалы өзгерістерді қалайтын маңызды үдеріс.



69

А қосымшасы

Ж О Б А

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

Жалпы білім беретін ұйымдардың

бейіндік 11 сыныбына қабылдау

ЕРЕЖЕСІ

Астана-2012

70

1 Жалпы қағидалар

1.1  Осы  Ереже Қазақстан  Республикасының  2007 жылдың  27 шілдесіндегі

№319-ІІІ «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 24

қазанындағы  487-ІҮ  «Білім  туралы»  Заңына өзгерістер  мен  толықтырулар

енгізу туралы» сәйкес әзірленді.

1.2. Жалпы орта білім  білім алушылардың табиғат, қоғам және адам туралы

біртұтас  аяқталған  білім  жүйесін  игеруді,  жеке  тұлғаның олардың  әрі қарайғы

интеллектуалдық, рухани және дене өсуі мен дамуы, білім мазмұнын саралау,

кіріктіру  және  бейіндеу  негізінде  болашақ мамандығын  таңдауын қамтамасыз

етеді.


1.3. 

Жалпы 


орта 

білім


үш 

бағытта


қоғамдық-гуманитарлық,

жаратылыстану-математикалық, технологиялық бағытта - жүргізілетін бейіндік

оқыту негізінде екі жыл бойы жүргізіледі.

11-12  сыныптардағы  таңдалған  (қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-

математикалық, технологиялық) бағыт бойынша бейіндік оқыту түлектерді:

- болашақ мамандығы бойынша жоғары білім алуды таңдауға;

- жоғары оқу орындарында оқытуғадайындау қажеттілігімен анықталады.

Осыға сәйкес, бейіндік оқытудың мақсаты – жоғары білімді биік біліктілігі

бар  мамандар  мен  болашақ  ғалымдарды  дайындаудың алғашқы  іргетасын

қалыптастыру  болып  табылады.  Саралай  оқытуды  іске  асыру  және  білім

алушылардың танымдық  қажеттіліктерін қанағаттандыру  мақсатында  аталған

үш бағыт аясында оқытуды туыстас пәндер бойынша бейіндеу енгізіледі.

Бұл ретте бейіндік оқытудың мақсаты мектеп қабырғасында мамандықтың

алғашқы  буынын ұсыну болып табылмайды.

1.4.  Жалпы  орта  білім  (бейіндік  оқыту)  11-12  сыныптарда  білім  беруді

ұйымдарының мынадай түрлерінде:

- үш  бағыттағы  (ЖМБ, ҚГБ,  технологиялық) бейіндік  сыныптары  бар

жалпы орта білім беретін мектептерде;

- бір  бағыт  бойынша  (ЖМБ -лицейлер, ҚГБ – гимназия) (бір  бейінді

мектептер) оқытуды жүргізетін «Бейіндік мектеп» бейіндік мектептерінде;

- ірі  ауылдық мекендерде  ашылған  тірек  метептерінде  («Ресурстық

орталықтарды»)іске асырылады.

Қалалық немесе  ауылдық

мекендердегібейіндік  сыныптары  бар  жалпы

орта  білім  беру ұйымдары  немесе  бейіндік  мектептер жұмыс  істеп  жатқан

жалпы  орта  білім  мектептерінде құрылып,  оқыту үш  (жаратылыстану-

математикалық,  қоғамдық-гуманитарлық, технологиялық) бағыт  бойынша

жүргізіледі.



Бірбейіндік  мектеп  дегеніміз – бір  бағыттағы  оқытуды  жүргізетін  жалпы

білім  беру ұйымдары.  Бірбейіндік  мектептің бағытын  анықтауда  оның

материалдық-техникалық қоры мен мамандар әлеуеті баса ескеріледі. Мысалы,

жұмыс  жасап  жатқан  лицейлерде  жаратылыстану-математикалық бағыттағы

бейіндік  мектептің

ашылуына  лайықты,    гимназияларда

қоғамдық-



гуманитарлық бағыттағы  бейіндік  мектептің ашылуына  лайықты  алғышарттар

71

қалыптасқан. 

Облыс 

орталықтары 



мен 

ірі


қалаларда 

аймақтардың

экономикалық сұраныстарын екере отырып, қосымша  жаңа бейіндік мектептер

салынуы мүмкін.



Тірек  метептері  («Ресурстық орталықтар») дегеніміз – жақын өрісте

орналасқан  ШЖМ-лардың білімдік қоры  шоғырланатын  білім  беру ұйымы.

Әрбір ресурстық орталықтың өзіне бекітіліп тіркелетін бірнеше ШЖМ болады.

ШЖМ-да білім алушылар үш рет он күннен тірек мектебінде оқып, онда аралық

және қорытынды  аттестация  тапсырады.  Сессияаралық уақытта  ШЖМ-да

оқутірек  мектептің мұғалімдері  мен қашықтан  оқыту  технологиясы  арқылы

жүргізіледі.  Осылай,  ШЖМ  мәселесі  тірек  мектептер,  интернаттар  мен  тасып-

жеткізу    есебінен  шешіледі (ББДМБ қағидаттары  бойынша).  Осы  ереже

негізінде  «Бейіндік  мектеп»  тірек  бейіндік  мектебі  ірі  ауылдық мекендерде

құрылып, қосымша – балаларға арналған жатақхана салынады, оқыту ұзақтығы

барлық бейіндік мектептерді оқыту тәртібіне сәйкес 34 апталық болады.

1.5.  Бейіндік  сыныптар    білім  беру ұйымдарының мәртебесіне  сай,  білім

беру басқармаларының бұйрығымен ашылады.

2 Бейіндік сыныптарды құрамдау

2.1.  Он  бірінші  сыныптарға қабылданатын  оқушыларға қойылатын  басты

талап – олардың негізгі  орта  білім  бағдарламасын  аяқтауы  және  оны

дәлелдейтін куәлік алуы.

2.2

Қоғамдық-гуманитарлық,



жаратылыстану-математикалық,

технологиялық бағыттардың бейіндік  сыныптарын құрамдауда  бейіналды

дайындықтары мен негізгі орта білімді аяқтауда өткізілген тестілеу нәтижелері

баса ескерілерід.

2.3    Бейіндік  сыныптары  бар қалалық және  ауылдық орта  мектептеріне

куәліктерінде  «өте  жақсы»,  «жақсы»,  «қанағаттанарлық» бағалары  және

бейіналды  дайындыққа  сай  келетін  бір-екі  сертификаты  бар  негізгі  орта

мектептің түлектері қабылданады.

2.4 Шетелдіктер мен Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ тұлғалар

бейіндік мектептерге түсерде Қазақстан Республикасында тұрақты мекен етуге

құқық беретін құжатын көрсетуі,  ол құжатта тұратын мекенжайына тіркелгені

көрсетілуі, ҚР ратификацияланған, халықаралық келісімдерге сәйкес (ҚР «Білім

туралы»  Заңы,  56  б.  1  т.), Қазақстан  Республикасында  танылатын  негізгі  орта

білім деңгейін бітіргені туралы құжатын көрсетуі міндетті.

2.5.Қалалық бірбейіндік  мектепке  не  ауылдық    «Бейіндік  мектеп»  тірек

мектебіне    куәліктерінде  «өте  жақсы»,  «жақсы»,  «қанағаттанарлық» бағалары

және  бейіналды  дайындыққа  сай  келетін  бір-екі  сертификаты,  сонымен  бірге

«Жекелеген  пәндерді  меңгерудегі  ерекше  жетістіктері үшін»  (бейіндік  пәндер

бойынша)  мақтау  грамоталары  бар,  сонымен қатар  таңдалған  бағыттың

бейіндік  пәндері  бойынша қалалық, аудандық және  республикалық олимпиада

жеңімпаздары  мен қалалық, аудандық, республикалық конференциялардың

дипломанттары болған  негізгі орта мектептің түлектері қабылданады.

2.6.  Ашылатын  он бірінші  бейіндік  сыныптардың саны  мен  бейіндік  білім

мазмұны мына мәселелерді шешуге міндетті:



72

- негізгі  орта  білім  бағдарламасын  меңгеріп,  жалпы  орта  білім  алуды

жалғастыратын оныншы сынып түлектерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға;

-

түлектер  берген



өтініштер  бойынша  және  білім  беру

үдерісін


ұйымдастырудың санитарлық нормаларының ескерілуі  бойынша  мәселелердің

білім беру басқармаларымен келісілген болуы.

2.7.  Бейіндік  сыныптарға    тіркеу үшін  төменде  көрсетілген құжаттар

ұсынылуы керек:

- негізгі орта мектеп түлегінің өтініші;

-білім  алушының

белгіленген үлгі  бойынша  толтырылған  медициналық

картасы;


- таңдаған  бейіні  бойынша  оқуға  жарамдылығы  туралы  медициналық

анықтаманың типтік формасы;

- негізгі орта білім туралы куәлік;

- бейіналды  дайындық  қорытындылары  бойынша алған сертикаттары  (егер

болса);

- «жекелеген  пәндерді  меңгерудегі  ерекше  жетістіктері үшін»  (бейіндік



пәндер бойынша) мақтау грамоталары (егер болса);

- таңдалған  бағыттың бейіндік  пәндері  бойынша қалалық, аудандық және

республикалық, халықаралық олимпиада жеңімпаздары дипломы (егер болса);

- қалалық, аудандық, республикалық конференцияларға қатысқаны  туралы

сертификаттары  және  жарияланған  жұмыстары  (құрастырылған  модельдері,

сызбалары т.б.).

2.8

Өтініштерді қабылдау  16  маусымнан  бастап  31  тамызға  дейінгі



аралықта жүргізіледі.

2.9. Ұсынылған құжаттар  жалпы  орта  мектептердің немесе  бейіндік

мектептердің хатшылық арқылы  11  сыныпқа қабылдау  журналдарында

тіркеледі.

2.10. Бейіндік сыныптарды құрамдау қоғам үшін шынайы, әділ және айқын

негізде  іске  асрылуы  тиіс,  ол үдеріске үміткер-оқушылардың, олардың ата-

аналарының  (олардың орнындағы  тұлғалардың), сол  жалпы  орта  білім

ұйымдарының

педагогтерінің,

жергілікті 

атқару 

органның, 



өндірістік

мекемелердің  өкілдерінің, психологиялық  қызмет  мамандары қатыстырылуы

керек.

2.11. Жалпы орта мектептердің бейіндік сыныптары мен «Бейіндік мектеп»



бейіндік  мектебіне  тіркеу  осы  Ереженің  2.8. т.  көрсетілген  тізімге  сәйкес

құжаттардыңұсынылуы 

негізінде,

үміткер-оқушылардың,

олардың

ата-


аналарының  (олардың орнындағы  тұлғалардың), сол  жалпы  орта  білім

ұйымдарының

педагогтерінің,

жергілікті 

атқару 

органның, 



өндірістік

мекемелердің  өкілдерінің, психологиялық  қызмет  мамандары қатысқан  жалпы

орта  білім ұйымдарының кеңейтілген  Педагогикалық кеңесінің  қорытындысы

негізінде өткізіледі.

2.12.  Бейіндік  сыныптарға  тіркеу  мектептің кеңейтілген  педагогикалық

кеңесінің

Шешіміне  сүйене  отырып  жасалған  мектеп  директорының

бұйрығымен рәсімделеді.



73

2.13. Жалпы орта мектептің бейіндік сыныптарына түскенде оқушылар мен

олардың ата-аналары  (олардың орнындағы  тұлғалар)  барлық  құжаттармен,

мектеп  Жарғысымен,  бейіндік  оқыту  сыныптары  туралы  Ережемен,  басқа  да

керекті нормативтік-құқықтық актілермен таныс болуы тиіс.

2.14  Бейіндік  оқыту  сыныптарындағы  оқушылардың саны  жиырма  бестен

(25) аспауы тиіс.

2.15  Оқушыларды қосымша қабылдау  оқу  жылы  басталмай  тұрып,  жалпы

білім ұйымдарының Педагогикалық кеңесінің шешімі  негізінде  оқушылардың

жеке  оқу  жетістіктерінің портфелін  және  білім  рейтингін  ескере  отырып  бос

орындар  болған  кезде  (егер  сыныптағы  оқушылар  саны  25-тен  аспаса)

жүргізіледі және мектеп директорының қосымша бұйрығымен рәсімделеді.

2.16  Оқушының бейіндік  сыныпқа  тіркелгені  туралы  бұйрықпен  танысу

Актісі  оның ата-анасының  (олардың орнындағы  тұлғалардың)  қолымен

сендіріліп бекітіледі.

3 Білім беру үдерісінің мазмұны мен ұйымдастырылуы

3.1. Бейіндік оқыту сыныптарындағы оқу мерзімі - 2 жыл (11-12 сыныптар),

оқу түрі – күндізгі.

3.2.  Бейіндік  оқыту  сыныптарыміндетті  базалық компонент,  бейіндік

пәндер,  элективтік  курстар,  оқу  тәжірибесі,  сонымен  бірге  сыныптан  тыс  іс-

әрекеттер  жүйесі,  жалпымектеп  іс-шаралары, қосымша  білім  алу  енгізілген

бағдарламалар  бойынша  жұмыс  жасайды.  Бағдарламаларды  педагогикалық

ұжымы әзірлейді, мектептің әдістемелік кеңесі бекітеді.

3.3  Бейіндік  оқытуды

қамтамасыз  ететін  жалпы  орта білім  жүйесін

қаржыландыру  шарттары Қазақстан  Республикасының барлық жалпы  білім

беру ұйымдары

үшін  міндетті  болып  табылады.  Жалпы  орта  білім  беру

ұйымдарын қаржылық  қамтамасыз  ету – кепілденген  тегін  жалпы  орта  білім

беру үшін,  жалпы  орта ұйымдарында қажетті  материалдық-техникалық база

құру үшін,  бейіндік  оқыту  барысында  оқушылардың  өмір қауіпсіздігі  мен

денсаулығын  сақтауға  жағдай  жасауға, әсіресе,  оқу  тәжірибесін  жүрізу

барысында керекті жағдай жасауға жеткілікті болуы міндетті.



4 Материалдық база

Жалпы


орта  білім

ұйымдары  санитарлық-гигиеналық

талаптар  мен

нормаларға  жауап  бере  алатын  материалдық-техникалық базамен қамтамасыз

етіледі.

Жалпы  орта  білім ұйымдарының материалдық-техникалық базасының

құрамында  мыналар  болады:  бейіндік  оқытуды,  демалысты,  тамақтануды,

дәрігерлік қызмет  көрсетуді,  спортпен  айналысуды,  мәндеи-көпшілік  іс-

шаралар өткізуді  және  оқушылардың шығармашылығын  дамытуды,  сонымен

қатар,  санитарлық-эпидемологиялық талаптарға  сай  келетіндей қауіпсіз  және

жайлы жағдайда ұйымдастыру ережеріне сәйкес инфрақұрылымы бар ғимарат;

заман  талабына  сай    (байланыс  және  коммуникация құралдары,  желілік

қатынас, кеңжолақты интернет, мультимедиалық кабинеттер, интерактив тақта,

есту- және  көру  техникалары,  цехтар,  шеберханалар)  оқыту құралдарымен



74

жабдықталған пәндік оқу кабинеттері; үй-жайдың қажетті жарықтық және ауа-

жылыту  тәрітібіболуы,  санитарлық-гигиеналық нормаларға  жауап  беретін

санитарлық

орындар  мен  жеке  бас  гигиенасына  арналған  бөлмелер;

ғимараттағы  мүмкіндігі  шектеулі  оқушыларға үшін  арнайы қарастырылған

жабдықтар;  мектеп-интернат  болса,  оқушылар  тұратын,  тамақтанатын,  және

демалатын мекенжайлар; мектепалды учаскелер болуы міндетті.



5 Оқушыларды оқудан шығару негіздемесі және тәртібі

5.1.  Мектеп әкімшілігі  бейіндік  сынып  мұғалімдерінің  ұсынуы  бойынша,

оқушыларды бейіндік сыныптан шығаруға мыналар негіздеме болып табылады:

- оқушының бір  не  бірнеше  пән  бойынша ұзақ уақыт  бойы  жүйелі  түрде

үлгірмеуі;

- оқушының сабаққа ұзақ уақыт бойы себепсіз қатыспауы;

- оқушылардың өзін-өзі ұстау ережесін дөрекілікпен бұзуы.

5.2. Оқушыларды оқудан шығару мәселесі Жарғыда бекітілген тәртіпке сай,

комиссия  мен  жалпы  орта  мектептің не  бейіндік  мектептің педагогикалық

кеңесінің

біріккен  шешімі  негізінде    жүзеге  асады.  Шешім  мектеп

директорының бұйрығымен рәсімделеді.



6 Бейіндік оқыту сыныптарын басқару

6.1.  Бейіндік  оқыту  сыныптарының іс-әрекеті  Жарғымен  және  мектептің

ішкі тәртіп ережелеріне сай ұйымдастырылады.

6.2. Бейіндік оқыту сыныптарында оқыту барысын мектеп мұғалімдері және

мектептің

уақытша 


азаматтық-құқықтық

келісім 


негізінде 

шақырған


мамандарыжүргізеді. 

Педагогикалық 

ұжымды 

мектеп 


директоры

қалыптастырады.



7 Оқушының құқықтары мен міндеттері

Бейіндік  сыныптың оқушылары  мектеп  Жарғысында,  осы  Ережеде  және

мектептің басқа  жергілікті  актілеріне  сай  көрсетілген  барлық  құқықтарды

пайдаланады және барлық міндеттерді жауапкершілікпен орындайды.



75

Ә қосымшасы

Бейіналды оқытуды ұйымдастыру бойынша

эксперименттік мектептердің пән мұғалімдерімен жүргізілген

сауалнама нәтижелері

2012-2013  оқу  жылында    бейіналды  оқытудың мақсаты  оқыту  бағытын

оқушылардың өздігінен таңдауға мүмкіндік беретін оқыту бағыттарын анықтау

болып табылады.

Сауалнамада бейіналды сыныптарды еңгізудің өзекті мәселелері ескерілген.

Ондағы алты  сұраққа берілген  жауап  нәтижелері  келесі  диаграммаларда

көрсетілген.

Сауалнамаға  14  облыс  және  Астана,  Алматы қалаларының 12  жылдық

оқытудағы эксперименттік мектептердегі барлығы 274 мұғалім қатысты.

1-сұрақ.

Сіздің мектепте  бейінді  сыныптар  жеткілікті  ме,  олар

көпшілік оқушылардың мүддесіне сәйкес келе ме?

Жауаптардың нұсқасы:

а) иә


б) жоқ

Жауаптардың таралуы:

Мұғалімдердің 63,1 %-ының көрсетуі бойынша мектептерде бейіндік оқыту

жеткілікті  деңгейде  жүзеге  асырылуда,  бұның  өзі  көптеген  оқушылардың

қызығушылықтарына 

сәйкес 

болып 


отыр. 

 

Мұғалімдердің 



36,9%-ы

мектептердегі бейіндік сыныптар жеткіліксіз деп есептейді.



76

2-сұрақ.  Келесі  оқу  жылында    мектептер

қандай  бейіндерді

жүзеге

асыруы тиіс?

Жауаптардың нұсқасы:

а) физикалық-математикалық;

б) физика-химиялық;

в) химия-биологиялық;

г) әлеуметтік-экономикалық;

д) әлеуметтік-гуманитарлық;

е) филологиялық;

ж) ақпараттық-технологиялық;

з) спорттық сауықтыру;

и) көркем-графикалық;

к) қорғаныс-техникалық;

л) гуманитарлық;

м) өз ұсынысыңыз___________________________________________

Жауптардың таралуы:

Диаграммада әртүрлі  бейіндік  оқытудың  ұсыныстарының  әртекті  екендігі

жақсы  көрініп  тұр.  Мұғалімдердің 52,5%-ы физика-математикалық бағытты

ұсынса,  25,2%-ы

химия-биологиялық,    12,4%-ы

физика-химиялық және

қоғамдық бағыттарды ұсынған,      мұғалімдердің  10,2%-ы өз  нұсқасын,  яғни,

информатика-математикалық

бағытты

ұсынған.


9,5%-ы 

ақпараттық-

технологиялық бағытты таңдаған,  мұғалімдердің  8,8%-ы өз  мектептерінде

спорт-сауықтыру бағытын атап  отыр,  мұғалімдердің  8,4%-ы әлеуметтік-

қоғамдық және  филологиялық бағытты  таңдаған, әлеумет-экономикалық

бағытты – 5,8  %-ы,  ал  көркем-графикалық бағытты  3,3%-ы ұсынған  болса,

мұғалімдердің  0,3%-ы қорғаныс-техникалық бағытты таңдаған.


77

Сонымен бірге, физика-математикалық бағытты 144 мұғалім таңдап отырса,

көркем-графикалық бағытты 9  мұғалім  таңдаған.  Ең төменгі процентті

қорғаныс-техникалық бағыт құрайды.

Берілген  сауалнама

қорытындысы  бойынша,  жалпы  білім  беретін

ұйымдардағы 

мұғалімдердің

бейіндік 

бағыт


деген 

не 


екендігін

түсінбегендіктері

байқалады. 

Мамандыққа 

дайындау 

бейіндік 

болып

табылмайды. Бейіндік - кең мағынадағы ұғым. Ол қызмет саласын анықтайды.



3-сұрақ. Бейінді таңдауда Сіз нені басшылыққа алдыңыз?

Жауаптардың нұсқасы:

а) балалар мен ата-аналар сұранысын;

б) кадрлардың жеткіліктігін;

в) осы бағыттағы тәжірибенің болуын;

г) басқасы __________________________________________________

Жауаптардың таралуы:

Мұғалімдердің 76,3%-ының пікірінше бейіналды таңдауда оқушының және

ата-ананың  қажеттілігі  ескерілу қажет,  43%-ы берілген  бағытта  жұмыс

тәжірибесінің болуын  атап өткен,  23%-ы кадрлардың жетіспеушілігіне  ерекше

назар  аударған;  бейінді  таңдауда  еңбек  нарығын  және  оқушылардың  қалауы

бойынша ескеруді  мұғалімдердің 1,8% -ы көрсетті.



4-сұрақ. Бейінді мектептегі өз орныңыз қалай елестетесіз?

Жауаптардың нұсқасы:

а) бейінді сыныпта жұмыс жасайтын мұғалім;

б) бейінді пәнді оқытатын мұғалім;

в) элективтік курсты жүргізетін мұғалім;



78

г) бейінді сыныптың сынып жетекшісі;

д) жауапқа дайын емеспін

Жауаптардың таралуы:

Экспериментатор-мұғалімдердің көпшілігі (55,5%)  бейіндік  сыныптарда

жұмыс істейді немесе істегісі келеді,  мұғалімдердің 51,4%-ы элективті курсты

жүргізгісі  келеді;  31,4%-ы  бейіналды  пәндерден  сабақ

бергісі  келетін

мұғалімдер,  8,4%-ы өздерін  бейіндік  сыныптардың сынып  жетекшісі  ретінде

көреді, 0,7% мұғалімдер  бұл жауапқа дайын еместігін білдірді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет