Ауыл мектенбіндегі бейінді оқытудың моделі
Бейінді оқытудың мақсаттары мен міндеттері.
Бейінді оқытудың қамтитыны:
1) оқушылардың жеке пән бойынша жалпы білім алуын тереңдетіп оқыту;
2) жоғары білім алуға дайындау;
3) оқушылардың сәтті әлеуметтенуі;
4) оқушылардың жеке оқу бағдарламасын құру.
50
Бейінді
оқыту
оқушының
даралығын
қарастырады,
білім беруді
ұйымдастыру мен құрылымындағы өзгерістер есебінен баланың бейімі,
қабілетіне қарай оқуды жалғастыруы көзделеді.
Алға қойылған мақсаттарды орындау үшін:
1) бейінді оқытудың бағдарламасын жасау керек (ол оқушының ЖОО
түсуіне, өзінің жекелеген білім траекториясын құруына мүмкіндік беретіндей
болуы тиіс).
2) ол бағдарламаларды ЖОО, ата-аналармен және жұртшылықпен келісіп
жасау керек;
3) 9-сынып оқушыларына бейін алды оқытудың бағдарламасын түсіндіру
қажет, сонда олар негізделген бейінді оқытуды таңдап алады;
4) бейінді оқытудың бағдарламасын меңгерту бойынша эксперимент өткізу;
5) бейінді оқытуды іске асыруға крісу.
Елдімекендегі мектептер санының типтік ахуалы.
Біздің еліміз үшін мына ахуалдар типтік болып саналады:
А. Бір елдімекенге таяу жерде бірнеше ірі мектептер болады.
В.бір елдімекенде бір ірі немесе бірнеше шағын мектептер болады.
С. Бір елдімекенде бір мектеп болады.
Д. Бір елдімекенде бір шағын, бір толық емес мектеп болады.
Осындай мектептер саны төрт типті болады. Мұнда жалпы орта білім беру
жүзеге асырылады.
Бейінді оқытуды ұйымдастырудың негізгі моделі.
Ауыл мектептерінде бейінді оқытудың төрт түрлі моделін айтуға болады:
екі мектепаралық және екі мектепішілік [35].
1.Мектепаралық бейінді оқытуды бірнеше мектепке таратып бір бейінді
етуге болады. Ондай жағдайда бейінді еместі тереңдетіп оқытуға болады.
2. Бейінді оқытуды мектепаралық етіп бөлгенде мектеп екі не одан да көп
бейінді болады. Бұл мектеп саны аз болғанда мүмкін болады. Көп бейінді
мектеп ауыл үшін ресурстық орталық міндетін атқарады. Ондай жағдайда
бейінді сыныптар сол мектепте болады.
3. Бір мектептің ішінде бейінді оқытуды сыныптарға бөлу . Мұндай мектеп
көп бейінді деп аталады. Бейінді емес сыныптарда тереңдетіп оқыту
көзделмейді.
4. Әр жастағы балаларды топқа бөлу әр жастағы оқу тобын құруға
мүмкіндік (9-11 сыныптар) береді [36].
Бейінді оқытуды психологиялық сүйемелдеу
Бейіндік сыныптар шеңберінде оқитын оқушылардың әлеуметтік жағдайын
ата-ана және мұғалім бейнесіндегі қоғам балаға кәсібилену, бір бағытқа бет
бұру, сонымен бірге әмбебап білім алу, тұлғалық сапа мен кең ой-өріс сияқты
бірқатар қасиеттерге ие болуды талап ете отырып қалыптастырады. Әлеуметтік
жағдай өз қатарластарымен қарым-қатынас жасауға бағытталған жасөспірім
кезеңнің әлі қайтпаған мотивтерінің сақталуымен толықтырылады. Бұл
жағдайлар қызмет түрлерін туындатады (жеделдетілген оқу және ерекше
51
әуесқойлық).
«Хобби-реакцилардан»
олардың
айырмашылығы
оқушы
түсінігінде олардың кәсіптілігімен байланысқан, оның өз қатарластарымен
тығыз қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етуінде, өз әуестігін қоғамдық
маңызды іске асыруға ұмтылуында. Көбінесе жеке әуесқойлық әмбебап сипат
алады. Компьютермен немесе жеке оқу пәндерімен әуестену маңызды болып
табылады – бұлар түрлі мамандықтарды іске асыру құралы. Осындай айрықша
әуестенушілік барлық белгілері бойынша жетекші қызметпен ұқсас болып
келеді. Жаңа жас кезеңі үшін бұл жетекші қызмет жаңа ойдың қалыптасуына,
мысалы, псевдокәсіби дүниетаным, яғни өзін ересек сезінетін кезең басталады,
бұл кез қызмет мен айрықша әуесқойлық ішінде пайда болады [37].
Псевдокәсіби дүниетаным ойлаудың, уайымдаудың және өзін-өзі ұстау
сияқты стереотиптердің жиынтығынан тұрады, ал мұндай мінез-құлық қасиеті
белгілі бір саланың мамандарына тән. Осындай дүниетаным ерекше байқалады
және жасөспірімнің тұлғалық қалыптасу орталығына айналады.
Бейінді оқытуды психологиялық қолдау үш міндетті алға тартады: 1) оқушы
дамуындағы мүмкін болатын тұрақсыздыққа мониторинг жасау және уақтылы
алдын алу; 2) оқушының терең кәсіптік бейімделуі; 3) бейіндік сыныптарға
оқушыларды іріктеу кезінде психологиялық диагностика жасау.
Осы міндеттердің әрқайсысын қысқаша сипаттап өтейік. Арнайы түзетусіз
бейінді оқыту біржақты психикалық дамуға әкеп соқтыруы мүмкін. Осындай
жағымсыз әсерлерді болдырмас үшін, бейінді оқыту кезінде жүйелі түрде
оқушының дамуын қадағалап отыру қажет. Тәжірибе жүзінде осы мақсаттарға
жету үшін интеллект тесті мен жетістікке жету тестін пайдаланады. Интеллект
тесті
әртүрлі
интуитивті
таңдалған
мазмұн
негізінде
логикалық
операциялардың даму деңгейін өлшеуне бағытталған. Жетістікке жету тесті
оқушының логикалық операция дамуының деңгейіне қарамастан, нақты білімін
және дағдысын бағалауға мүмкіндік береді. Кәсіптік бейімдеу жұмысы тек
психологиялық қызмет міндеті ғана емес, сонымен бірге оқу үдерісінің әмбебап
құрамдас бөлігі болуы тиіс. Кәсіптік бейімдеу жұмысы оқушының тұлғалық
белсенділігі дамуына, сыни емес тұрғыда меңгерілген ересек кәсіптік
жоспарлар мен бағаларды қайтажасауға бағыттау қажет [38].
Оң кәсіптік уәждеме қандай да бір қызмет саласына оқушының кәсіптік
қызығушылығымен анықталатыны белгілі. Бұл жерде қабілеттіліктер екінші
кезекке
қалады, себебі
әсер ететін мамандықтардың
басым көпшілігі
үміткерлерден кәсіби жарамдылықты ғана талап етеді, жеткілікті мөлшердегі
уәждеме жасалған жағдайда қажетті кәсіптік маңызды сапалар қызметтің жеке
стилінің қалыптасуынан келіп туындайды.
Осылайшы, психологиялық қолдаудағы анықтауыш бөлігі дегеніміз
оқушының мүмкін болатын кәсіптік қызығушылық танытқан және таңдаған
саласына диагностика жасау арқылы анықтау болып табылады.
52
6
Бейіндік
сыныптарда
білім
алатындардың
педагогикалық
кадрларының деңгейіне қойылатын талаптар
Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің ерекшелігі сонда, ол оқушыны тек қана
біліммен қаруландыруға ғана қабілетті болып қоймай, сонымен қатар өздігінен
үздіксіз және шығармашылық
тәсіл арқылы жаңа білім алуға деген
құштарлықты қалыптастыру, өздігінен білімін жетілдіруде біліктілігі мен
дағдыларын шыңдауға жағдай жасау. Білімді жетілдірудің басты нәтижесі
ретінде мектеп бітірушілердің, жастардың өз амандығы үшін де, қоғамның
амандығы үшін де жеке жауапкершілікті көтеруге дайын болуы мен
қабілеттілігі қарастырылады.
Бейінді оқытудың жемістілігінің басты және негізгі шартының бірі, жалпы
білім беру жүйесін жетілдірудің артықшылық бағыты ретінде мұғалімдердің
кәсіби құзіреттілігін арттыру болып саналады.
Бейінді мектепке жаңа кәсіби сана-сезімді мұғалімдер қажет, тәжірибеде:
- білім беру үдерісін нұсқалық және тұлғалық бағыттылығын;
- білім беруді тәжірибелік әрекетке бағыттаушы;
- оқушылардың кәсіби өзіндік таңдауын аяқтауын қамтамасыз ететін
мұғалімдер қажет.
Бейінді
мектептің
мұғалімі
оқушылардың
жобалау,
іздеу-зерттеу
әрекеттерін ұйымдастырудың әдістерін меңгеруі тиіс. Мұғалімдердің кәсіби
қиыншылықтарын оқып-білу, дәл қазіргі уақытта жоғары мектепте бейінді
оқытуды енгізу мұғалімнің өз қызметінің сапалы өзгеріске ұшырауына
дайындығына байланысты екендігі жайлы қорытынды шығарылды. Оларға:
1) пәннің бейінді және базалық деңгейіндегі мазмұнын меңгеру;
2) сабақтың барысында және сабақтан тыс уақытта әрекеттің әр түрлі
тәсілдерін қолдану: оқушылардың зерттеушілік және жобалық жұмыстары,
танымдық әрекетті ұйымдастырудың топтық және жеке түрлері;
3) мектепішілік бағалау жүйесінің өзгеруі, бағаны жинақтау технологиясын
меңгеру;
4) элективті курстардың сабақтарын ұйымдастыру әдістерін меңгеру;
5) оқудағы құзіреттілік көзқарастың мәнін түсіну. Басқа сөзбен айтқанда,
мұғалім әрдайым өз білімін жетілдіріп отыруы, жаңа технологияларды
(сонымен қатар компьютерлікті де) және жұмыстың әдістерін меңгеруі тиіс.
Бейіндік оқытуды енгізудің бір шарты - бейіндік мектепте қызмет ететін
педагог мамандарды дайындау, біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау.
Бейіндік мектептің мұғалімі тек жоғары деңгейдегі маман, бейінге сәйкес
және өз қызметінің маманы болып қана қоймай, мыналарды қамтамасыз етуі
тиіс:
білім беру үдерісінің вариативтілігі мен жеке тұлғаға бағдарлануын (жеке
білім алу траекториясын жобалау);
білім беру үдерісіне интерактивтік, қызметтік компоненттерді енгізе
отырып, практикалық бағдарын қамтамасыз ету (жоба-зерттеушілік және
коммуникативтік әдістерді игеру);
53
жоғары сынып оқушыларының бейіндік еректенуінің аяқталуын және
олардың таңдаған кәсіби саласы бойынша білім алуына қажетті қабілеті мен
құзыреттері қалыптасуын.
Мұғалімге қойылатын жаңа талаптар бейіндік оқытуға көшу жағдайында
педагогикалық білім берудің әрі қарай жалғасуын және қызметте жүрген
педагог мамандардың біліктілігін жоғарылатудың қажет әрі талап екенін
дәлелдейді.
Жуық арадағы жылдарда бейіндік мектептегі оқытушылық жұмыстың
негізгі көлемін қазіргі қызметттегі педагогтердің корпусы атқаратын болады.
Осымен де байланысты, мұғалімдердің кәсіби дайындығының керекті деңгейін
қамтамасыз ету үшін, бейіндік мектепте жұмыс жасауға ниет білдірген арлық
мұғалімдерге арналған қайта даярлау немесе біліктілікті жоғарылатудан өтіп,
арнайы куәлік (сертификат) алу міндеттеледі.
Педагогтерді дайындаудан басқа тағы да бір маңызды мінде бой көтеріп
отыр, ол – бейіндік оқытуға кезеңмен көшу.
Бейіндік оқытуды енгізуді жоспарлау барысында назарда болатын маңызды
тетік – білім беру мазмұнын жаңартуға және оны қамтамасыз етуге
(стандарттар, оқуқұралдары, үлгі бағдарламалар, оқулықтар мен әдістемелік
құралда, мамандарды қайта даярлау т.б.) дайындық жұмыстарының айқын
қажеттілік танытуы.
Бейіндік оқытуды енгізудің
алдын ала кезеңі
–
мектептің
негізгі
басқышыныда бейіналды оқытуға көшу. Білім беруді басқару органдарының
қолдауымен
мұғалімдер
мен
басшылардың
біліктілігін
жетілдіруді
ұйымдастыру керек, мектепті бейіндік оқыту талаптарына жауап беретін оқу
құралдарымен, керек тұста оқулықтармен қамтамасыз ету.
Бейіндік оқытуды енгізер алдында жалпы білім беру ұйымдарында
оқушылардың
бейіндік оқытуды таңдауы бойынша
қомақты жұмыстар
атқарылуы керек (сауалнама жүргізу, ата-аналармен әңгімелесу т.б.).
Осылармен бір қатарда бейіналды сынып түлектерін бейіндік мектептерге
(сыныптарға, топтарға)
қабылдаумен байланысты іс-шаралар жүргізіліп
жатады. Түрлі деңгейдегі білім беруді басқарушы органдар білім беру
ұйымдарының бір-бірімен желілік өзара байланыста жұмыс істеуіне мұрындық
болып, ұсыныстар беруі керек. Мұндай жұмыстардың нәтижесінде жоғары
сынып оқушылары бейіндік деңгейде, бейіндік емес (жалпы білім беретін)
мектептерде, сыныптарда, топтарда толыққанды орта білім алу мүмкіндігіне ие
бола алады.
Келесі кезеңде жұмыс жаңа замандағы оқу әдебиеттерін жасаумен, базалық
оқу жоспарын нақтылаумен, бейіндердің үлгілік оқу жоспарларын әзірлеу мен
қабылдаумен, жыл сайынғы сәйкес аймақтық бағдарламалар негізінде бейіндік
оқытуға көшетін мектептер мен оқушылардың
саныны көбейтілуімен
жалғастырылады.
Мектептің бейіналды дайындауға көшуі - маңызды міндеттердің бірі болып
табылады.
54
Жоғары басқыштың бейінділігі идеясының жүзеге асырылуы негізгі
басқыш түлегін жауапкершілігі жоғары таңдау жасау қажеттілігіне алып келеді
– өзінің
болашақ мамандығын таңдаудың тірегі болып табылатын бейіндік
бағыт алдындағы оқушының еректенуі басталады.
Бейіналды дайындықты таңдау курстары арқылы енгізу - білім кеңістігін
құрудың қажетті шарттары ретінде танылады. Таңдау курстарының басты
қызметі - кәсіби бағдар беру.
Осымен де байланысты, мұндай курстардың саны, мүмкіндігінше, мол
болғаны дұрыс. Ол курстар қысқамерзімді және алмаспалы болып келуі және
оқу модульдері түрінде жинақталып берілуі керек.
Одан әрі негзгі басқыш түлегінің аттестациялануы мен олардың мектептің
жоғарғы бейіндік сатысына түсуін ұйымдастыруы туралы мәселе қойылады.
Қазіргі бар тәжірибеге сүйенетін болсақ, білім алуды нақты жалпы білім беру
ұйымдарының жоғары сыныптарында (лицей, гимназия) жалғастырудың
бейіндік сыныптардан гөрі көп екенін көреміз. Бейіндік оқытуға көшу
жағдайында өзекті болуы мүмкін конкурстық іріктеу жағдаяты туындауы
мүмкін. Сондықтан мұндай конкурстық іріктеудің ашық жариялы өткізілу
жайы туралы мәселені шешу керек.
Атап өтетін мәселе, жекелеген жалпы білім беру ұйымдарының жоғары
сныптарына конкурстық іріктеу әр баланың жалпы білім алуға деген бекітілген
құқығына қайшы келмейді.
Осымен байланысты, мектептің негізгі басқышы түлектерінің қорытынды
аттестациясымен қатар, оқушылардың белгілі бір бейін бойынша білімін
жалғастыруға дайындық
деңгейін айқын бағалаудың белгілі бір формасын
анықтау керек. Сонымен бірге бейіндік мектепке конкурстқы іріктеудің
рационалды және жариялы ашық тетіктерін жаппай тәжірибеге енгізетін
негіздемелерді жасау қажет.
Бұл ретте маңызды орын жинақтау бағасын (портфолио – «жетістіктер
портфолиосы»)
енгізуге
беріледі,
онда
оқушының
түрлі
жобаларды
орындаудағы, реферат жазу, шығармашылық жұмыстар орындаудағы, таңдау
курстары бойынша қолл жеткізген нәтижелерінің
жетістіктері белгіленіп
отырады.
Облыстық білім беруді басқармалары қол жеткізуге ұмтылған әрбір
оқушының жалпы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Қазіргі заманның бейіндік мектебі тек қажетті мамандар болғанда ғана
аяғына тік тұрып кете алады. Ондай мамандар бейіндік пәндерді жүзеге
асырып, оқыту барысын негізсіз ұсақ бөлшектенген оқу материалдарымен
ауырлатпайды, және де бейіндік емес курстарды оқытуға қойылатын
талаптарды күрделендірмейді.
Бейіндік сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдер мыналарды айқын есте
тұтулары тиіс:
бейіндік сыныптардағы білім мазмұнын өзгерту;
білім беру технологияларын өзгерту;
бейіндік оқытуды нормативтік тұрғыдан қамтамасыз ету;
55
оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
оқушылардың бейіндік дайындығын бағалау критерийлерін анықтау.
Жоғары сынып оқушыларын бейіндік оқытатын педагог мамандардың
дайындығы мәселелісн шешуде жоғары педагогикалық білім беретін ұйымдар
мен педагог мамандарды қайта даярлау жүйесіне ерекше орын беріледі.
Бейіндік мектеп мұғалімінің алдына қойылатын жаңа міндеттер оның
барлық күш-қуатын бойына жинап, педагогикалық еңбек еткен жылдарда
жинақтаған білімін, білігін жайып шығара алатын болуы керек.
Бүгінгі күні бейіналды және бейіндік оқыту енгізіліп жатқан облыстарда
оны жүзеге асырып жатқан педагогтердің алдында қалыпты бір қиындықтар
туындап жатыр. Ол қиындықтарды атап айтатын болсақ:
мұғалімдердің
бейіндік оқытудың
енгізудің
нормативтік-құқықтық
базасын білмеу, мақсаты мен міндеттерін айқын түйсінбеуі;
бейіналды және бейіндік оқытудың арасындағы мақсат пен міндеттерінің,
жүзеге асырылуының айырмашылықтарын түсінбеуі;
бейіндік білім берудіңмазмұнын, оны оқу-дидактикалық және әдістемелік
қамтамасыз етудің жолдарын толық білмеуі;
жобалау біліктерін меңгермеуі: мұғалімдер базалық,
бейіндік не
элективтік курстарды жобалай білмейді, белгіленген курстардың мақсатын
айқындай алмайды, ол курстардың мазмұнын әзірлей алмайды;
мұғалімдердің
психологиялық
білімдерінің
таяз
болуы;
сөйтіп
оқушылардың еректену, өзін таныту және ойлағынын іске асыру, ішкі «Мен-
бейнесін» қалыптастыру барысын сауаттылықпен ұйымдастыра білмеуі;
қолжетімді диагностиканыі әдістемесі мен жүргізу жолын білмеуі;
озық педагогикалық технологияларды және оларды білім беру үдерісінде
өз орнымен қолдана білмеуі;
оқытудың белсенді әдістерінің қорыжеткіліксіз білуі, оның ішінде
базистік оқу жоспарында көрсетілген жоба әдісі, ізденім-зерттеу әдісі, оқу
тәжірибесі бар;
компьютерлік сауаттылығының төмен болуы, сөйтіп оқыту барысында
ақпараттық,
мультимедиалық, ғаламторды және интерактивтік
әдістерді
қолдану мүмкіндігінің шектелуі; ал оқушылардың өз бетімен білім алуын
қалыптастыру мүмкіндіктерін пайдалана алмауы т.б.
Бұл тұста бейіндік мектепте жұмыс жасауы тиіс болашақ мұғалімдерді
даярлайтын педагогикалық ЖОО-ң
орны аса
үлкен. Жоғары сынып
оқушыларына бейіналды және бейіндік оқытудың мақсаты мен міндеттерін,
негізгі модельдері мен құралдарын танытатын таңдау курстарын енгізу ғана
қажет емес. Осымен қатар, жоғарыда көрсетілген мәселелерді кең танытатын
психология, педагогика, жекелеген пәнді оқыту әдістемесінің базалық
курстарын қайта құру мәселе де аса маңызды болып табылады.
Бейінді оқытудағы педагогтың рөлі
Үкіметтің
білім беру саясатында оқушылардың
танымдық
және
жасампаздық қабілеттерін дамытуға, жеке жауапкершілігі мен жүйелі білім
алуларына басымдық беріледі.
56
Қазіргі бейінді мектептер мәселесін кадр шешеді. Олар жетекші пәндердің
бағдарламаларын іске асырып артық материалдармен балаға салмақ салмайды.
Қорытындысында әрбір мектеп бейінді оқыту бойынша оқушының моделін
жасайды. Модель мынадай болады:
* бейінді сыныптардағы білім мазмұнын қзгерту;
* білім беру технологияларын өзгерту;
* бейінді оқытуды нормативтік қамтамасыз ету;
* оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
* оқушылардың бейіндік дайындығын бағалаудың өлшемі.
Бейінді мектептің мұғалімі өз мамандығын ғана жетік білмей, бейінді
бағдарламаларды озық технологиялар арқылы іске асырыатын жан болуы
керек.
Бейінді мектепте жұмыс істеуге дайын мұғалімге 4 құрылымдық компонент
тән:
Арнайы-әдістемелік;
Мәдениеттанымдық;
Гуманистік;
Психофизиологиялық.
Арнайы-әдістемелік компонент мұғалімнің педагогикалық қызметінде –
пән мұғалімінің мамандығы бойынша білім, білігі болып балаларды ғылым
негіздеріне үйретуі тиіс.
Мәдениеттанымдық
компонент
мұғалімнің
жалпы және кәсіби
мәдениетінің деңгейіне байланысты, ғылымда кәсіби мәдениетті бағалаудың 3
өлшемі қалыптасқан:
Аксиологиялық (құндылық);
Тұлғалық;
Кәсіптік.
Гуманистік компонентті мұғалімнің педагогикалық қызметіндегі тұлғалық
қасиетінен бөле-жара қарауға болмайды. Гуманитарлық білімнің мазмұны
адамның рухани тілегін, оның ішкі әлемін ашуға, адамгершілік ұрығын себуге
бағытталған.
Аталмыш қасиеттер мынадай жұмыстар нәтижесінде іске асады:
-оқушымен демократиялық стильде қарым-қатынас жасап,
қызығушылықтарын ескеріп, оқу-танымдағы бейімділік ерекшеліктеріне
сәйкес оқытуды ұйымдастырғанда;
-оқу материалдарын таңдағанда оның
балаға тұлға ретінде адами
қасиеттерге тәрбиелеуі керек;
-мектеп курсының мазмұны оқушыны өмір тәжірибесін және денсаулығын
сақтауға тәрбиелеуі керек.
Психофизиологиялық компонент мұғалімнің өзіне тән (темперамент,
ойлау, қабылдау) ерекшеліктері бейінді сыныптардағы оқушылармен табысты
жұмыс істеуіне кепілдік береді. Бейінді оқыту сыныптарына беретін
мұғалімдердің тұлғаллық қасиеттеріне және осы сыныптарда жұмыс істеуге
деген ынтасына қарау керек.
57
Бүгінгі таңда пән-мұғалімі емес, мұғалім-зерттеуші, мұғалім-технолог
қажет, ол өз пәнінен ғылыми-әдістемелік, жұмысына жаңалық енгізетін
істермен белсенді айналысатын жан болуы керек. Ең бастысы мұғалімнің
тұлғалық қасиеті, өз пәнін жаңаша жобалайтын бағдары болуы ауадай қажет.
Бұл арада мұғалімге кәсіби бейіндік мәселелері бойынша ашық сабақтар мен
сынып сағаттары пайдасын тигізеді. Мысалы, 9-сыныпта «Мен және менің
мамандығым» деген сынып сағатының оқушылардың мамандық таңдауына
көмегі тиеді. Осы сияқты басқа да жаттығулар ұсынуға болады.
№ 1 жаттығу. Жүргізуші қатысып отырғандарға қандай мамандық
қызықтыратыны туралы сауал қояды да, тақтаға 10-15 мамандықтың атауын
жазады. Жаттығу кезінде олар ұнағанын өздері айтады. Бірнеше секунд ішінде
қатысушылар құрбыларына қандай мамандықтың оған лайық екендігін айтып
береді. Жүргізушінің белгісінен кейін өздері ұнатқан мамандықты көрсетеді.
Содан кейін дауыс беру
қорытындыланады.(Құрбыларының
болжамы
мұғалімнің және ата-аналарының болжамынан да дәлдірек болады).
№ 2 жаттығу. Топтың ішінен бір адам дәлізге шыға тұрады. Қалғандары
бір адамды ың-шыңсыз таңдайды. Әрбір қатысушы бір мамандықты айтуы
керек. Кімнің айтылған мамандыққа лайықтылығы айтылады.
Бейінді сыныптың мұғалімі-оқушының жетекшісі, ақыл-кеңес берушісі
және оқу ісін ұйымдастырушы. Осының бәрі бейінді оқытуды ұйымдастыруды
кадрмен қамтамасыз етуді талавп етеді. Бейінді мектептің мұғалімдері алдында
жаңа міндеттер тұр. Бейіналды және бейіндік оқытуды ендірудің өзіндік
қиынждықтары бар. Ол қиындықтар:
-бейіндік оқыту мазмұнының толық әдістемелік және дидактикалық
қамтамасыз етілмеуі;
-оқушының өзіндік белсенділігі, өзін-өзі іске асыруына психологиялық
білімі және оны сауатты ұйымдастыруға, мамандық таңдауда «Мен-бейнесі»
жетіспейтіндігі.
-білім беру үрдісінде алдыңғы қатарлы пед. Технологияларды өз деңгейінде
білмеуі жатады.
Мұғалімнің біліктілігін жетілдіруге іштей және сырттай оқу курстарының,
теориялық семинарлардың, стажировкадан өтудің маңызы зор. Осы мәселелерді
шешуде барлық әдіс жақсы: тәжірибе алмасу семинарлары, көшпелі және
қашықтықтан біліктілік көтеру курстары.
Әріптестерінің сабағына қатысу және нормативтік құжаттарды оқу арқылы
мұғалім бейінді мектептің құзырлы маманына айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |