120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


Қарлұқтардың, оғыздардың, кимектердің мал шаруашылығы мен аң аулау кәсібін сипаттаңыз



бет16/84
Дата21.12.2023
өлшемі346,68 Kb.
#142148
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   84
Байланысты:
120 (40-80) (1)

33.Қарлұқтардың, оғыздардың, кимектердің мал шаруашылығы мен аң аулау кәсібін сипаттаңыз.
Оғыздардың, қарлұқтардың және қимақтардың көпшілігінің басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Көшпелілер маусымдық жайылымдардың бірінен соң біріне ауысып, ұзак уақыт көшіп жүрді. Өзендердін белгілі өткелдерінен, қолайлы тау асуларынан өтіп, суы мол, шөбі қалың жайлауларга жететін ғасырлар бойы қалыптаскан көші- қон жолдары болды. Жайылымдарды дұрыс пайдалану үшін жылдың кай кезінде кай жерде шөптің қалың болатынын білу керек еді. Бұрыннан келе жатқан көшу жолдарының бағыты бір үлкен экономикалық немесе саяси жағдайлар болғанда ғана езгерді.
Қимақтардың кейбір топтары қыста Жайық пен Жемнің арасын қыстап, жазда Ертіс жағасын жайлап жүрді. Оғыздардың бір бөлігі Сырдарияның төменгі бойын қыстап, жайлауға Каспий маңындағы далаға көшетін болды. Әл-Бируни оғыздардың қара күзде Хорезм шекараларына таяу көшіп келетінін жазады және олардың енді бір топтарының қимақтар елінде Манқұр көліне таяу жерде151 (Ұлытау баурайы) кәшіп жүретінін айтады.
Оғыздарда ұлан-байтақ даламен алыс жерлерге қоныс аударып жүретін көшпелілерге тән кішкене жолым үйлер қондырылған арбалар болған. Орта ғасыр авторлары қимақтардың, оғыздар мен қарлұқтардың жылқы, қой, ешкі, сиыр, огіз, түйе өсіргенін айтады.
Олардың шаруашылығанда қой өсіру аса маңызды рөл атқарды. «Өсімдік майының орнына мал майын пайдаланды, тоң майды шам етіп жақты». Оғыздар елінен Хорасан мен Мауараннахрға жеткізілетін қой еті ол кезде ең жақсы ет саналды. Ибн әл-Факих түрік қойлары «өте ірі келеді, батпандай құйрықтары жер сызады» деп жазады. Қаракөл қойлары да өсірілген болса керек. Мысалы, Ибн Хаукаль Түркістанда әдемі елтірілер алынатын қойлар бар деп жазады. Әсіресе қара, қызыл және қоңыр-қызыл қозылардың елтірісі ерекше бағаланған.
Көшпелі шаруашылықта жылқы өсірудің ерекше маңызы болды. Жылқынын жүрдектігі, тезімділігі арқасында ғана алыста жатқан жайылымдар игеріліп отырды. Жылқы соғыска, аң аулауға пайдаланылды. Әл-Жахиздің сөзімен айтқанда, «түрік жерден гөрі ат үстінде көп отырады». Ибн Фадлан мен Гардизи X ғасырда оғыздар мен қимақтардың жер қайыстырған қалың жылқы өсіргенін жазады. Түрік жылқысы жергілікті табиғат жағдайына және жыл бойы аяғынан жайылуға жақсы бейімделген, етті де, сүтті де болды. Көшпелі түрік тайпалары сиыр еті мен қой етінен жылқы етін артық көрді, ал биенің сүтінен қымыз ашытты.
Жылқының екі түрі — аласа, басы үлкен, мойны қысқа әрі жуан келетін түрі және басы кішірек, тірсегі жіңішке салт мінілетін тұрықты тұқымы өсірілді. Тамим ибн Бахр қимақтар патшасы мен оның әскері аттарының «тұяқтары жұка келеді» дегенде, бәйге аттарын айтқан болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет