120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


Оғыздардың этникалық тарихының мәселелері және олардың қазақ халқының этногенезіндегі рөлін сипаттаңыз



бет15/84
Дата21.12.2023
өлшемі346,68 Kb.
#142148
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   84
Байланысты:
120 (40-80) (1)

31.Оғыздардың этникалық тарихының мәселелері және олардың қазақ халқының этногенезіндегі рөлін сипаттаңыз
Оғыздар (ежелгі түркіше – оғуз; қазақша – оғыз) —— орта ғасырларда Орталық Азияда өмір сүрген түркі тілдес тайпалар. Оғыздар атауын бірқатар зерттеушілер алғашқыда «тайпалар», «тайпалар бірлестігі» деген ұғымды білдірген деп есептеді.Оғыздар жайлы деректер түрлі жазба ескерткіштерде, шежіреде, жыр, аңыз әңгіме үлгілерінде ғұз, оғыз деген атаулармен ертеде орта ғасырлардан басталғаны белгілі. Оғыз атауының ұлыстық, тайпалық этнонимге айналуы түркі халықтарына ортақ «Оғызнама» жырындағы басты кейіпкер Оғыз қаған есімімен тікелей байланысты. Жырда ол барша түркі ру-тайпаларының арғы атасы етіп көрсетіледі. Уақыт өте келе оның есімі этностық атау мағынасына айналған.Бұл кезде Жетiсу мен Талас бойында қарлықтар, шiгiлдер, яғмалар, адғұлар мекен етсе, Орта Қазақстан мен Сырдария бойында оғыздар мен қыпшақтар үстемдiк еттi. 9 ғ.-дың аяғы мен 11 ғ.-дың басында оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Едiлдiң төменгі бойына дейiнгi кең-байтақ аумақты мекендедi. Оғыздардың қоныс-өрiстерi Ырғыз, Жайық, Жем, Ойыл өзендерiнiң бойларында, Сырдария бойындағы Қаратау баурайлары мен Исфиджаб шегiне дейiн шашырап жатқан. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үндi-еуропа және финн-угор тектес ежелгi этникалық топтары және сонымен бiрге Жетiсу мен Сiбiрдiң халаджы, жагар, чарук, қарлұқ, имур, байандұр, қай секiлдi көшпелi және жартылай көшпелi тайпалар да кiрдi.
32. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттермен, тайпалармен қарым-қатынастары туралы жазыңыз
Қарлұқ қағанаты (756-940 жж. Немесе 8-10 ғғ. Аралығы)– Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет.
VIII ғасырдың ортасында қарлұқтар елеулі әскери-саяси күшке айналды да, Шығыс Түрік қағандығын талқандауда (745) маңызды рөл атқарып, тоғыз оғыздармен бірге Орхон тағына Тон-ябғу қағанды отырғызды. 736 жылы қарлұқтар бұрынғыдан да күшейді. Өздерінің бұрынғы одақтасы ұйғырлармен бәсекелесіп, «он тайпа қағанының (он-оқ елі) байырғы жерінде», Жетісуға қоныс аударды. Суяб пен Талас қалалары қарлұқтар қолбасшыларының тұрақты мекеніне айналды. Қарлұқ қаласының құрамындағы негізгі тайпалар – көшпелі түріктер мал өсіруді кәсіп еткен. Қарлұқтар мекендеген атыраптың өзге халықтар тұрған жерлерге қарағанда бақшалы, мәдениетті қалалары, елді мекендері болған. Талас алқабында VIII-IX ғасыр Атлах, Хамукет, Шельджи, Сус, Куль, Такабетсияқты қалалары болған. Жергілікті отырықшы халықтың басым көпшілігі түсті және асыл металдар (алтын, күміс, мыс) өндірумен шұғылданды.
Қарлұқ тайпаларынын негізгі мекені – Алтай тауынан Балқаш көліне дейін. VIII ғ. Бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. Арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. Қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет