6.Орхон-Енисей (руникалық) жазуы ежелгі түркі өркениетінің өркениеттік белгісі ретінде баяндаңыз Алғаш рет түріктердің жазуы туралы деректер Византия тарихшысы Менандр Протектордың еңбектерінде айтылады. Ежелгі түркі жазуына түрік көсемдері Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөкке арналып салынған ескерткіш тастағы жазулар жатады. Бұл ескерткіш жазулар ХVІІІ –ХІХ ғасырларда Монғолиядағы орхон өзені бойынан табылған. Ертедегі Түркі руна (сына) жазуларының көбі қайтыс болған кісілердің басына қойылған, ескерткіш жазулары түркілер «бітіг таш» деп атаған. Түркі руна жазуы қағанаттың VI-VIII ғасырлар арасындағы тарихын қысқаша баяндайды.1889 жылы Н.М. Ядринцев Солтүстік Монғолияда, Орхон өзенінің аңғарынан руна жазуы бар үлкен құлпытас тапты. Бұл құлпытастағы жазулардың сырын алғаш ашқан ғалым В.Томсон болды, ал Ресей түріктанушысы В.Ф.Радлов жазуды оқып, үлкен тарихи жаңалық ашты.
Түріктану ғылымында бұл жазу табылған жеріне байланысты «Орхон-Енисей тас жазуы» деп аталады.
7.Атасу кезеңіндегі андронов тұрғындарының мәдениеті туралы баяндаңыз Андронов тайпаларының қоныстанған негізгі аудандарының бірі – Орталық Қазақстан. Қола дәуiрiнiң ерте кезеңi Солтүстiк Қазақстанда Феодоров кезеңi деп аталған, ал Орталық Қазақстанда бұл кезең Нұра кезеңi деп аталды, б.э.д. ХVIII-ХVI ғғ. Қамтыды. Қола дәуiрiнiң орта кезеңi Солтүстiк Қазақстанда Атасу кезеңi б.э.д. –ХV-ХII ғғ. Қамтыды. Б.э.д. ХII-VІІІ ғасыр – Беғазы-Дандыбай кезеңінде Андронов мәдениетi тайпаларының экономикасында тұрмысымен мәдениетiнде өзгерiстер болды.Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлеу жиірек ұшырасады.
8.Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ескерткіштерін сипаттаңыз Беғазы-Дәндібай мәдениеті – қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. 9-8 ғ.) Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті, өнер түрлері.
Қоланың кейінгі кезеңі Орталық Қазақстанда жаңа мәдениет – Беғазы-Дәндібай мәдениетінің құрылуымен белгісі. Бұл мәдениетке тән бір қасиет, ол бірінші жағына, андронов дәстүрін сақтайды, екінші жағынан онда жаңа элементтер: мазарлардың айрықша типі, өзіндік өзгешілігі бар жерлеу салты, қыш ыдыс – аяқтардың жаңа түрлері пайда болады. Бұл дәуірде жер бетіне тастан қалап қабырғалары тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Орталық Қазақстанның таулы аудандарында тұрғын үйлерді салуға ағаш кеңінен пайдаланылған. Жер төлелер қабырғалары ағаш тақталарымен көмкеріліп, оның төбесін ағаш бағандардың тұтас бір жүйесі тіреп тұрған.