41.Монғолдардың Орта Азиямен Қазақстанды басып алуы туралы ортағасырлық деректер мен зерттеулер туралы жазыңыз. Татар-моңғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, моңғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темужін болды. Ол 1155 ж. ірі ноян Есугей батыр отбасында туған.
Темужін ер жете келе қол астына моңғолдардың барлық тайпаларын біріктіреді. 1206 ж. көктемде Онан өзені жағасында Темужінді жақтаушы моңғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғыс хан деген атпен моңғолдардың әміршісі етіп жариялайды. Шыңғыс хан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алады. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери әкімшілік округке бөліп, әрбір округте он мың адамнан тұратын бірнеше түмгелер (түмендер) болды. Олар өз кезегінде «мыңдық», «жүздік», «ондықтан» тұрды.
1207—1208 жж. қысында Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да «орман халықтарын» бағындырды. 1208-1209 жж. Шыңғыс хан әскерлері тұтқиылдан шабуыл жасап, танпұттық Си ся мемлекетін күйретті. Шыңғыс ханның қахарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар моңғолдарға өз еркімен берілді. 1211 ж. Шыңғыс хан қолы Солтүстік Қытайға бет алды. 1215 ж. олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Бейжіңді) бағындырды.
Қытайда моңғолдар соғыс ісінің сол замандағы жоғарғы техникасымен танысты. Қытайдан көптеген қару-жарақ, қамал бұзатын машиналарын, оны пайдалана білетін адамдарды алған Шыңғыс хан жауынгерлік дайындығын күшейте берді.
Сөйтіп, ол Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуға дайындалды. Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен, босқындардан мәлімет жинады.
42.Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимінің әлеуметтік, этникалық мәні мен мазмұнын көрсетіңіз. XV-XVI ғғ. Қазақ халқы мен оның этникалық аумығының құрылып, қалыптасуының сан ғасырлық процесі негізінен аяқталады. Қазақ халқының құрылуына себеп болған этникалық процесстердің бастау көзі мүлде ежелгі уақыттан – алғашқы қауым қоғамының ыдырау дəуірінен барып шығады да өз дамуында оның бірнеше кезеңі айрықша көзге түседі. Антропологиялық мəліметтерге қарасақ этникалық даму барысында ұзақ замандар бойына халықтың еуропатекті түрі тұрақтанып сақталып қалады да , кейінірек жүре келе азды көпті моңғолтекті түрге қарай өзгере бастайды. Тілдік хал-ахуал да өзгермей тұрмайды, ежелгі тайпалардың иран тілі бірте-бірте сатылап, осынау территорияның кейінгі қоныстанушыларының тілі түрік тіліне орын береді. VI ғ. Көне түрік мемлекеті – Түрік қағанатының, содан кейін Батыс Түрік қағанатының ұйымдасуы түрік тілді тайпалардың батыс жеріне тасқындап келуіне, сөйтіп Қазақстанның жергілікті халқын түріктендіруге, антропологиялық түрдің бірте-бірте моңғолдануына, түрік тайпаларының белгілі бір территорияда тұрақтап қалуына себепші болды. ХҮ ғ. Екінші жартысынан бастап, осы бір қалыптасқан халық көршілері арасында да сол заман оқиғаларын көрсететін жазба деректерде де «қазақ» атымен белгілі болды. Деректерде бұл термин əуелгі кезде əлеуметтік мəнінде қолданылып, «өз мемлекетінен, тайпасы мен руынан оқшауланып шығып, шытырман оқиғалар іздеуге мəжбүр болған адам». (В.В.Бартольд) мағынасында қолданылады. «Тарих-и Рашиди» мен өзге деректерде «қазақ» атауы Жəнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кететін саяси топты білдіру үшін бастапқыда «өзбек-қазақ», сосын «қазақ» түрінде пайдаланылады. Бірте-бірте «қазақ» атауы этникалық мəнге ие болады да, Шығыс Дешті-Қыпшақтың, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның əбден қалыптасқан түріктектес халқының этнонимі ретінде қолданыла бастайды.