120-сұрақ Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы анықтаңыз


Көшпелі өзбектер мемлекеті (Әбілхайыр хандығы), Ноғай Ордасының аумағы және этникалық тарихы туралы баяндаңыз



бет30/67
Дата21.12.2023
өлшемі144,19 Kb.
#142145
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   67
Байланысты:
1-40 тарих

49.Көшпелі өзбектер мемлекеті (Әбілхайыр хандығы), Ноғай Ордасының аумағы және этникалық тарихы туралы баяндаңыз
Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған мемлекеттік бірлестіктің бірі – Ноғай Ордасы. Ол ХІV-ХV ғасырларда Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты. Бұл мемлекеттің атауы Алтын Орда әскерінің қолбасшысы, беклербегі, Жошы ханның немересі (1260-1306) Ноғай есімімен байланысты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды. Оның құрамындағы рулар Каспий маңына қоныс аударып, Ноғай елі атанды. Ноғай Ордасының негізін салушы – әмір Едіге (1395-1419). Ол 15 жылдай Алтын Орданы билеп (1396-1411), «ұлы әмір» атанған. Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едігенің қолында болған. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан Едігенің кезінде бөлектене бастады. Бұл процесс Едігенің ұлы Нұраддин (1426-1440) тұсында аяқталып, Ноғай Ордасы Алтын Ордадан ХҮ ғасыр ортасында бөлініп, дербес мемлекет болды. Территориясы: Еділ-Жайық арасы. Астанасы – Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Халқы – маңғыт, қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлұқ, алшын, тама және т.б. сияқты түркі тайпалары. Ноғай Ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды, оған енген тайпалар ХV ғасыр аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін құрады. Көшпелі ӨЗБЕК ХАНДЫҒЫ – 15 ғасырдың 20-60 жылдарында Қазақстан жерінде өмір сүрген феодалдық мемлекет. Б.А.Ахмедов бұл хандықты «Көшпелі өзбек мемлекеті» деп атауды ұсынды. Өзбек хандығы ішкі өзара қырқыс нәтижесінде 15 ғасырдың 20 жылдарында Жошы әулеті (Жұмадұқ хан, Махмұд қожа хан, Мұстафа хан т.б.) билеген бірнеше феодалдық иеліктерге бөлініп кеткен Ақ Ордадан бөлініп шықты. Орыс ханның немересі Барақ Темір әулетінен шыққан Ұлықбектің көмегімен 1425 жылы Ақ Ордаға хан болды, алайда феодалдық қырқыс тыйылмай, Барақ хан 1428 жылы өлтірілді. Ол кезде Орда-Ежен мен Шайбани ұлыстарының жерлерін өзіне қосып алған өзбек ұлысындағы (жазба деректерде Ақ Орда 14 ғасырдың аяғынан бастап осылай аталады) өкімет билігі Әбілхайыр ханның қолына көшті.
50.Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсерін көрсетіңіз
Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсері.
Қазақ жүздері ХV-ХVІ ғасырлар аралығында Қазақстанның әр өңірінде қалыптасқан тайпалар одағы. Жүздердің шығуы мен«Жүз» атауының тарихи мәні туралы ғылыми тұрғыда дәлелденген ортақ пікір әлі жоқ. Кейбір зерттеушілер бұл атауды әлде бір бүтін нәрсенің, құбылыстың «бөлшегі», «саласы», «бір жағы» деп қарастырса, енді біреулероны «жүз», «жүздік» сандарымен байланыстырады. . Қазақ жүздерінің тарихын зерттеумен кеңестік кезеңде айналысқан ғалымдар баршылық. М. Тынышбаев қазақ жүздері Бату ханның тұсында қалыптасты дейді. Оның үлкен ұлы Орда Еженнің Ақордасының негізінде қазақтың Ұлы жүзі құрылса, Батудың кенжесі Тоқай Темірдің жерінде Кіші жүз, ал осы екі ұлыстың арасындағы территориядаБатый мен Шейбактың ортаңғы ұлдарының иелігінің орнында Орта жүз құрылған деген өзінің тұжырымын алға тартады. Ал «жүз» терминіне қатысты автор зерттеушілердің келтірген уәждерімен келіспейтіндігін білдіріп, «жүз» сөзінің мағынасы ежелгі түрік тілінен аударғанда «доз», яғни «бекініс», «Орда» деген мағынаны білдіреді дейді. Қазақ халқы мен оның этникалық аумағының құрылу дәуіріндегі белгілі бір шаруашылық, мәдени үлгі, этносаяси процестер негізінде ірі этноаумақтық тайпалар бірлестігі ─ жүздер этноәлеуметтік организмнің жоғары санаттарының бірі болды. Жүздер халқының негізгі кәсібі Евразия далаларында ерте заманның өзінде-ақ қалыптасқан өзінше бір шаруашылық-мәдени үлгі – көшпелі мал шаруашылығы болды» деп, қазақ жүздерінің қалыптасу уақытын Ш. Уәлихановтың пікірін қолдап Алтын орданың ыдырау кезеңімен байланыстырады. Жүздер бұрынғы Ордалар тәрізді қазақ рулары мен тайпаларының басты-басты үшкөшу аудандарында топтасып өмірге келді. Бұл көшпелі шаруашылық жағдайында әбден табиғи нәрсе еді. Алайда жүздердің құрылуына экономикалық-шаруашылық факторлардан гөріХVІ ғ. Соңындағы – ХVІІ ғ. Басындағы ішкі-сыртқысаяси, тіптен әскерисоғыстық факторлар басым әсер етті. Жүздік ел басқару құрылымы Есімханның ел басқаруның алғашқы жылдарында 1598-1606 жылдары орнықты деп айтуға негіз бар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет