18.Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері туралы баяндаңыз Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Олар Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі болды. Қытай деректерінде «Усун-го» (Үйсін мемлекеті) деп аталады. Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз іздерін қалдырған. Біздің заманымыздан бұрынғы 170-160-ыншы жылдары үйсіндер мемлекеті құрылды. Үйсін мемлекетінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы оның көршілес елдер, тайпалармен (қытай, ғұн, қаңлы, ұйғыр, қырғыз және т.б.) саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуына мүмкіндік жасады. Бастапқыда Үйсін мемлекеті ғұндармен қалыпты қарым-қатынаста болды. Бірақ Хань патшалығының ғұндарды жеңіп, батысқа бет алу әрекеті үйсіндерді қытайлармен тығыз байланыс орнатуға мәжбүр етті. Қытайлар ғұндарға қарсы батыста жатқан елдерден одақтастар іздеуге кірісті. Қытай императоры Уди б.з.д. 138 жылы үйсін еліне Чжан Цянь бастаған елшілік жібереді. Осыдан кейін екі жақты қарым-қатынастар етек алып, үйсіндер Қытаймен кең дипломатиялық және туыстық қатынаста болған. Қытайлар үйсіндермен құдандасып, күнбиге Хань патшалығының ханшасын әйелдікке береді. Әрине, бұл құдалық белгілі саяси мақсатты көздеп, хань әулеті үкіметі мен үйсіндер арасындағы одақтастық байланыстың негізін қалады. Өз кезегінде ғұндар да үйсіндермен құдаласып, күнбиге өздерінің қыздарын беріп отырған. Үйсiндер шамамен б.э.д. 160 ж Жетiсу өлкесiнде мекендедi. Олар сақ тайпаларының үстемдiгiн әлсiретiп, олардың жоғарғы князь билеушiлерi -гуньмолар өздерiнiң үстемдiгiн орнатты. Тайпа көсемдері мен рубасылары - бектер. Үйсiндер негiзiнен Iле өңiрiнде қоныстанып өмiр сүрген, ал батыс жағында Талас, Шу алқабында мекендеген қаңлылармен шекаралас қоныстанса, шығысында ғұндармен, оңтүстiгiнде Ферғанамен көршiлес қоныстанып өмiр сүрген. Үйсiндердiң астанасы Чичуген (Қызыл Аңғар қаласы) Ыстықкөл мен Iле өзенiнiң оңтүстiк жағалауы аралығында орналасты. Үйсін мемлекеті үш бөлікке бөлінді : батыс, орталық және шығыс болып. Үйсiндердiң шаруашылығы кешендi түрде мал шаруашылығы және жер шаруашылығы жағдайында дамыды.