126жм назарқұл Еркебұлан



бет18/84
Дата01.03.2023
өлшемі495,92 Kb.
#70665
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   84
Жасушалық цикл деп аналық жасушаның бөлiнyi арқылы eкi дара жасушалар пайда болуынан бастап, олардың әp6ipiнің бөлінуіне немесе өлуіне дейінгі кезеңін атайды. Жасушаның өмірлік циклінің міндетті құрамдастары болып митоздық цикл тыным күйі және көп жсушалы организмге қажет арнайы қызметтерді атқару кезеңі табылады. Митоздық цикл 6ip бөлінуден келесі бөлiнуге дейін жасушада өтетін процестердің жиынтығын атайды. Митоздық цикл екі негізгi бөліктерден тұрады: 1) митоз жене 2) интерфазадан.
Интерфаза деп ядроның екі бөлiнyлepi арасындағы кезеңін атайды. Митозбен салыстырғанда,интерфаза митоздық цикл мерзімінің ұзақ бөлігін құрайды және бұл кезде бөлінуге дайындық құбылыстарының, яғни жасуша құрамдастары синтезделуінің көпшілігі.
Интерфаза үш периодтардан тұрады:
1) пресинтездік немесе постмитоздық G1;
2) синтездік- S;
3) постсинтездік немесе премитоздық G2;
Постмитоздық немесе пресинтездік (G1) период жасушаның митоздық бөлінуі (М) аяқталысымен басталатын кезең. Жаңадан қалыптасқан әpбip жасушаның ядросында генетикалық материал ДНҚ-ның
G1-кезең циклдің ең ұзақ уақьгт бойы- бірнеше сағаттан, бірнеше күнге дейін өтетін кезеңi. Оның соңында S-периодқа дайындық басталады. ДНҚ-ның синтезіне қажет ферменттер синтезделеді.
Синтездік (S) периодтың басты құбылысы келесі буынның eкi жас жасушаларын генетикалық материалмен қамтамасыз ету үшін алдын ала ДНҚ-ның синтезделуі репликациясы. Нәтижесінде, бұл кезеңнің басында ДНҚ мөлшері 2с болса, соңында ол 4с-ға дейін өседі. ДНҚ синтезі өтпейінше, жасуша митоздық бөлінуге кipice алмайды. Ұзактығы 8-12 сағатқа дейін созылатын бұл кезеңнің соңында, центриольдердің саны eкi еселеніп, ДНҚ-ның тығыздалуын қамтамасыз ететін гистондық акуыздар да синтезделеді.
Постсинтездік немесе премитоздық (G2) период ДНҚ-ның репликациясы толық өткеннен соң басталып, митозға дeйiн жалғасады. Бұл кезеңнің басты құбылысы митоздық бөлінуді атқаратын құрылымдардың қалыптасуына қажет РНҚ-лар мен ақуыздардың синтезделуі.Бұл кезеңде митоздық ұршықтың микротүтікшелерін құрайтын тубулиндер, митозды энергиямен жабдықтайтын АТФ молекуласының синтездері өтеді. Ұзақтығы 2-4 сағат. G1-периодтың соңында, хроматиннің тығыздалып, РНҚ мен ақуыздардың синтездері төмендейді.
Митоз жасушалар бөлінуінің универсальді механизмі. Митоз кезінде алдымен ядро (кариокинез сонан соң цитоплазма (цитокинез) екіге бөлінеді.
Митоз 4 фазалардан тұрады:
1)Профаза;
2)Метафаза;
3)Анафаза;
4)Телофаза;
Профаза кезінде: хроматиннің тығыздалуы басталып, хромосомдарға айналады. хромосомдардың ядрошық қалыптастырушы аймақтары да конденсацияға ұшырап,мұнда орналасқан рибосомалық гендердің инактивациялануы салдарынан ядрошық жойылады -соңында ядро қабығы бұзылып, цитоплазмамен араласып кетеді. жұп центриольдер 6ip-6ipiнeн ажырап жасушаның қарсы полюстеріне жылжиды. центроильдерден өсіп шыққан полюстік микротүтікшелер ахроматин жіпшелерін қалыптастырады.
-ахроматин жіпшелерінің бір бөлігі кинетохорларға өсіп жетіп, бекітіледі.Нәтижесінде митоз ұршығы қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет