126жм назарқұл Еркебұлан



бет4/84
Дата01.03.2023
өлшемі495,92 Kb.
#70665
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
Гистология сессия жауап 2021

Жасуша мембраналарына плазмолемма, ядро қабығы, митохондриялардың, эндоплазмалық тордың, Гольджи кешенінің, лизосомалардың және пероксисомалардың мембраналары жатады. Бүкіл мембраналардың жалпы сипатына олардың бәрі жіңішке 6-10 нм липопротеинді кабаттар болуы аркылы жаткызуға болады. Жасуша мембраналарының негізгі химиялык компоненттеріне липидтер 40% және нәруыздар 60% жатады; сонымен катар, біркатар мембраналарда көмірсулар 5-10% аныкталған. Суда нашар еритін гидрофобтылық, органикалык еріткіштерде және майларда жақсы еритін липофильділік органикалык заттардың үлкен тобы липидтерге жатады. Липидтердін кұрамы әр түрлі мембраналарда әркалай болады. Мысалы, эндоплазмалык тордың және митохондриялардың мембраналарынан плазмалык мембрананың ерекшелігі, ол холестеринге бай болады. Жасуша мембранасының қалыңдығы 6-10 нм.Бұлармен қатар мембранада 5-10 көмірсулар да бар. Липипдтердің құрамында фосфолипидтер, сфинголипидтер, холестерин де болады.Екі қабатты липидтерден тұратын мембрананың қалындығы 5-7 нм. Биологиялық маңызына байланысты мембрана белоктарын мына түрлерге бөлінеді. 1-ферметті белоктар, 2-тасымалдаушы белоктар, 3-рецепторлық белокта, 4-құрылымдық белоктар.
Жасуша мембранасының құрылысы 1-липидтер, 2-билипті қабаттың гидрофобты аймағы, 3-мембранадағы интегральді белоктар, 4-гликокаликс қабатындағы полисахаридтер.
Жасуша мембранасының қызметі – қорғаныс – тасымалдау – рецепторлық
Осындай қызметтерді атқаратын жасуша мембранасы үш қабаттан тұрады:-гликокаликс, плазмолемма, субмембрана.
Гликокалис-плазмолемманың үстінде орналасады.Қалындығы 3-4 нм.құрамында гликопротеидтер және көмірсулар бар.Гликокалис тор пішіндес құрылым.
Плазмолемма-жасушада тұрақты.Құрамында липидтер, белоктар болады. Сондықтан оны липопротеидті мембрана деп атайды. Плазмолемаманың беріктігі, серпімділігі белоктарға байланысты. Ал липидті қабат майда еритін заттарды жасушаның ішіне қарай өткізеді. Плазмолемма арқылы коректік заттар, оттегі жасушаға енеді, ал зиянды заттар жасуша сыртына шығады. Плазмолемма қалындығы 10нм. Үш қабаттан тұрады. Сыртқы және ішкі қабаты-белоктан, ортаңғысы-липитерден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет