126жм назарқұл Еркебұлан



бет31/84
Дата01.03.2023
өлшемі495,92 Kb.
#70665
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   84
Бөлшектену - бұл эмбрионның бөлінуі, бірақ бұл бөліну митоздың әдеттегі бөлінуінен біршама ерекшеленеді: бөлшектену кезінде G1-нің пресинтетикалық фазасы болмайды. Бөлшектену аясында бластула пайда болады.Бластулла дегеніміз көп жасушалы бір қабатты ұрық. Эмбриогенездің осы сатысында бір жасушалы ұрық зигота, көп жасушалы ұрық бластулаға айналады. Толықтай сипаттап жазсақ, ұрықтану нәтижесінде бір қабатты ұрық зигота түзіледі, кейін митоздық бөлінулер жүріп, екі жаңа жасушалар бластомерлер түзіледі. Зиготаның алғашқы бөлінуі фаллопий түтігінде ұрықтанудан кейінгі 30 сағатта басталады. Осылайша екі бластомер пайда болады. Одан кейін 2 және 4 бластомер сатысы өтеді. Олардың арасында үшінші бөліну сатысы өтеді. Ол кезде 8 бластомерлі ұрық қалыптасады. Ұрықтың ішіне үңілетін болсақ, бластомерлердің арасында бос қуыстар болады. Ұрықтанудан кейінгі 3 тәулікте ұрық компактизацияға ұшырап, бластомерлер жиналып тығыздала бастайды. Дамудың 3 тәулігінің соңында 12-16 бластомерлер жиналып, ерте кездік морулла түзеді. Ол жидек тәрізді болады. Морулланың ортасында ақпарат алмасуға мүмкіндік жасайтын арнайы жасушалар орналасады. Кейін олар ұрықтық және ұрықтан тыс қабаттардың даму көзі ретінде роль ойнайды. 4 тәулікте ерте кездік морулла жатыр түтігінен жатыр қуысына ауысады. Осы кездерде жасушалар арасы кеңейіп, ол жерде бластоцель қалыптасады. Бластоцель қуысы үлкейген кезде, оның формасы көпірішік тәрізді болады. Дамудың 4-5 тәулігінде бластоциста түзіледі. Бластоциста 58 жасушадан тұрады. Бластуланың қабырғасын бластодерма, ал сұйықтыққа толтырылған қуысын бластоцель деп атайды. Бөлшектенудің негізгі екі түрі бар: толық және толық емес бөлшектену. Зиготаның толық бөлшектенуінде оның тірі заты түгелдей, қалдықсыз бластомерлерге таралады, ал толық емес бөлшектенуде зиготаның тек ақуызы ғана бөлініп, сары уызы бөлінбейді.
Адам ұрығының бөлшектенуі толық бөлшектенуге жатады.
Бөлшектенудегі клетка бөлінуінің екі белгісі бар:
1) бөлінген клеткалар өспейді;
2) кəдімгі митоздағыдай ДНКның саны əрбір бөлінуден кейін екі есе көбейіп тұрады.
Бөлшектену бластулалардың құралуымен аяқталады. Бластула көпклеткалы бірқабатты ұрық. Бастулаларды құрайтын клеткалар бластомерлер деп аталады.
Бөлшектену кезінде ядролардың саны тез көбейеді де, цитоплазманың көлемі өзгермейді. Мұның өзі ұрықтық клеткаларының ядролықцитоплазмалық қатынасын соматикалық клеткаларына жақындатады.

28. Бөлшектенудің әртүрлі сатысындағы ұрықтың құрылысы. Морула, бластоциста, эмбриобласт пен трофобласт.


Бөлшектену- көп жасушалы ұрық бластула қалыптасуымен аяқталатын, зиготаның және одан пайда болатын бластомерлердің митоздық бөліну қатары.
Зиготаның 1-ші бөлінуі жатыр түтігінің ампуласында ұрықтанудан 30 сағаттан кейін басталады. Пайда болатын бластомерлердің өлшемі түрлі. Екінші бөліну асинхронды өтеді, 2-4 бластомерлі сатылары арасында 3 бластомерлі ұрық сатысы бар. Үшінші бөліну дамудың 40 сағаты, 8 бластомерлі ұрық пайда болады.
Дамудың 3 тәулігі аяғында жылдам өтетін бөлінулердің нәтижесінде мөлдір қабаттың ішінде 12-16 бластомерлер жинақталып ерте кездік морула ұрық қалыптасады. Моруланы сыртқы ортадан қоршап тұратын тосқауыл қалыптасады да 4 тәулікте 28-32 бластомерден тұратын морула жатыр қуысына түседі.
Дамудын 4,5-5 тәулігінде 58-ден астам жасушалардан тұратын адам ұрығы бластоциста деп аталады. Бластоциста ішкі жасушалық масса мен бластоцельден және оларды қоршаған трофбласттан құралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет