126жм назарқұл Еркебұлан



бет79/84
Дата01.03.2023
өлшемі495,92 Kb.
#70665
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84
76. Жүректің көлденең жолақты бұлшықет тіні. Шығу тегі, гистогенез этаптары. Жұмысшы және өткізгіш кардиомициттердің морфофункциональдық сипаттамасы. Регенерациялық мүмкүншілігі.
Уникальность %
Text.ru -78 %
Жалпы айтатын болсақ,жүрек бұлшық ет тіні не содан бастасақ. Жүрек бұлшық ет тіні миокардты дегеніміз – жүректің бұлшық ет қабығын құрайды. Қаңқа бұлшық ет тінінен айырмашылығы - бұл тін нағыз жасушалардан құралған . Микроқұрылымы бойынша жүрек бұлшық ет тіні көлденең жолақты бұлшық ет тіндеріне жатады , себебі оның кардиомиоцит деп аталатын жасушаларында көлденең сызылымды миофибрилдері бар. Функциялық ерекшеліктеріне байланысты жүрек бұлшық ет тіні еріксіздерге жатады . Себебін айтатын болсақ, вегетативтік интервациясына және гуморалды реттелінуіне байланысты жүректің жиырылғыш белсенділігі біздің еркімізге бағынбайды , сол үшін- еріксіз .
Ендігі кезек жүрек бұлшық етінің гистогенезінде . Жалпы,жүректің көлденең бұлшық ет тіні кез келген эмбрионның мойын бөлігінің спланхнотомының висцеральді жапырақшасынан дамиды . Осы целомдық астардан ( төсегіштен ) жұп ( оң және сол ) қатпарлы қалыңдаулар - миоэпикардиальді табақшалар бөлiнедi екен.Бұл табақшаларды құрайтын кардиомиобласт жасушалары митоз арқылы белсенді бөлініп , кейін жіңішке актинді миофиламенттерді синтездей бастайды.Сондай-ақ кардиомиобласттардың аз дифференцияланған кардиомиоциттерге айналуының белгісі неде деп ойласақ ол- цитоплазмасында жуан миозинді жіптердің пайда болуы екен . Бір сәтте олардың маңайында актинді жіпшелер гексагональді буынып - түйінуін бастайды . Осылайша арнайы органеллалар – миофибрилдер пайда болып , одан кейін жасушалар кардиомиоциттер деп аталады . Кардиомиоциттердің бұдан әрі дифференциялануы митохондриялар мен миофибрилдердің саны өсуіне , саркоплазмалық торының дамуына байланысты . Сонымен қатар жасушалардың арасында контакттар яғни қосылыстар құрылып , ендірме дискілер пайда болып, жетіледі . Осының көмегімен кардиомиоциттер "ұшымен ұшқа" өзара байланысып, функциялық жүрек бұлшық ет талшықтарын қалыптастырады .
Аз дифференцияланған кардиомиоциттер жиырыла алады , бірақ пролиферация мен дифференциялану кабілеттерін сақтайды және болашақта сақтай алады. Одан әрі қарай ажырау арқылы дифференциялануы барысында олардан бес түрлі кардиомиоциттер дамиды,атап айтатын болсам : жиырылғыш , өткізгіш (пейсмекерлік, өтпелі және Пуркинье кардиомиоциттері) , секреторлық (эндокриндік) болып бөлінеді екен.
Ең бір маңыздысы дифференциялану барысында кардиомиоциттердің көбею (пролиферация) жылдамдылығы бірте - бірте басылады екен.Сонымен бірге кейбір жасушалар эмбриондық кезеңінде-ақ митоздық циклден қайтымсыз шығып кетіп , жасушалық циклдің G , фазасында тоқтап қалады . Тағы да гистогенезінің соңында кардиомиоциттердің ядролары полиплоидизацияға ұшырайды - эндометоз (аяқталмаған митоздар) арқылы олар екі немесе одан да көп ядролы бола алады.Сонымен қатар , туылу қарсаңында немесе өмірінің бірінші айларында кардиомиоциттердің толық митоздары байқалмайды , жасушалардың 50% көбі полиплоидты (тетра және октаплоидты) бола бастайды .Полиплоидизацияның биологиялық маңызы - жасушаның функциялық белсенділігін күшейту . Сөйтіп , жүрек бұлшық ет тіні гистогенезінің өзіндік ерекшелігіне келсек : 1) камбиалды (қаңқа бұлшық ет тініндегі миоса теллитоциттер сияқты) жасушаларының болмауы; 2)миоэпикардиальді табақшалар жасушаларының симпластқа бірікпеуі болып келеді.
Жүрек бұлшықет тінінің негізгі гистологиялық элеиенті-кардиомиоциттер.Олар бір- бірімен көптеген бойлық , бүйірлік байланыстар арқылы жасушааралық қосылыстар құрайды.Соның арқасында кардиомиоциттер жүректің бұлшықет талшықтарының үш өлшемді торына біріктіріледі.
Келесі кезекте бізде регенерациясының мүмкіншіліктері жайлы сөз қозғасақ..Қалыпты тіршілік әрекеттері барысында жүрек бұлшық ет тіні көп мөлшерлі қанды өмір бойы қан айналым жүйесіне айдап, орасан зор жүктеме - салмақ көтереді. Бұл кезде кардиомиоциттер цитоплазмасының құрылымдық құрамдастары–жалпы және арнайы маңызды органеллалары әрдайым ескіріп, тозып отырады, тіпті жасушалары да өлуі мүмкін. Жүрек бұлшық ет тінінің «жасушалық регенерациясы» , яғни кардиомиоциттердің митоздық бөліну арқылы қалпына келуі физиологиялық жағдайда да және де зақымданғаннан кейін де мүмкін емес, себебі гистогенез барысында кардиомиоциттер митоздық бөліну қабілетінен қайтымсыз айырылған.
Сондай-ақ,жүрек бұлшық ет тінінің қайта жаңаруының жалғыз ғана әдіс-амалы болып жасушаішілік регенерация қалады. Бұл кезде тіршілігі жойылған құрылымдардың орнына , синтездік процестер есебінен жаңа органеллалар (митохондриялар. ЭПТ, миофибрилдер және т.б.)қайта құрылып отырады. Жүктеме - салмақ ұлғайған жағдайда, гипертония ауруы және жүрек ақаулары кезінде жасушаішілік регенерация процестерінің күшеюі салдарынан кардиомиоциттер гипертрофияға яғни ,көлемі мен функциялық белсенділігінің өсуіне ұшырайды. Нәтижесінде миофибрилдердің жуандығы мен мөлшерінің және митохондриялардың саны өсуі есебінен тұтас кардиомиоциттің де диаметрі өседі.
Сонымен бірге әр түрлі патологиялық жағдайлар орын алғанда - миокард инфаркты, жүректің жарақаттануы кезінде кардиомиоциттер өледі. Жасушалық регенерация болмағандықтан, олардың орнын тыртықты қалыптастыратын борпылдақ талшықты дәнекер тін толтырады . «Инфаркттың» шектеулі ошағында кардиомиоциттер некроз арқылы өледі. Соңғы ғылыми деректер бойынша, некроздық ошақты қоршайтын миокардтың көлемдiлеу бөліктерінің кардиомиоциттері апоптоз механизмі арқылы өледі. Демек, инфаркттан соң ерте кездерде кардиомиоциттердің апоптозын басатын дәрілерді қолдану миокард бұзылуының көлемін азайтуға мүмкіндік береді.
Сөйтіп,миокардтың бұзылған орындары жұмысының компенсациясы (өтеу) жасушаішілік регенерация мен полиплоидизация есебінен өтеді .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет