126жм назарқұл Еркебұлан


Бұлшықеттің жиырылу механизмі- бұл ме



бет78/84
Дата01.03.2023
өлшемі495,92 Kb.
#70665
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   84
Бұлшықеттің жиырылу механизмі- бұл механизм Хакслидің түсініктемесіне сәйкес жүргізіледі. Әр саркомердің тұсында жіңішке және жуан жіпшелер көпіршіктер құру арқылы өзара бірнеше секунд ішінді бір-бірімен әрекеттеседі. Нәтижесінде актинді жіпшелер миозинділерге қатысты «сырғанайды», яғни А дискінің ортасына қарай еніп,жылжиды. Бұл әр саркомердің және жалпы түрде алғанда бұлшықет талшығының барлық миофибриллалардың ұзындығы бойының қысқарылуына яғни жиырылуына алып келеді.
Миосателлитоциттер-ірі ядролы, аз дифференцияланған, жалпақ пішінді ұсақ жасушалар.Олар миосимпласттың саркоплазмасына батып, оның сарколеммасы мен базальді мембранасының арасында орналасады. Созылған ядросында гетерохроматинібасым.Цитоплазмасында жалпы маңызды органеллалары (ЭПТ, Гольджи комплексі, митохондриялар, босрибосомдар, центриолдер) нашар дамыған және біркелкі орналасқан. Арнайы маңызды органеллалары жоқ. Миосателлитоциттердің функциясы - камбиалды резерв ретінде қаңқа бұлшық ет тінінің физиологиялық және ре-паративтік регенерациясын қамтамасыз ету. Регенерация барысында бұлжасушалар белсенді күйіне айналып, бұлшық ет талшығының симпласттық бөлігімен бірігеді.
Бұлшықет талшықтарының түрлері:
-Қызыл бұлшықет талшықтары- саркоплазмада миоглобин мен митохондрия көп, липидті қосындылар,тотықсыздану ферменттерінің белсенділігі жоғары. Қызыл түсті болуып келуінің себебі құрамында гемоглобин мөлшерінің көп болуы және қанмен жақсы қамтамасыз етілгендіктен түсі қызыл.Жиырылуы әлсіз соған байанысты энергия шығыны да аз.Қызыл бұлшықет талшықтарында көптеген миосателлитоциттер бар және олар қантамырлармен қамтамасыз етілген. Олар тонустық жүктемелер көп түсетін бұлшықеттерде жақсы дамыған (мысалы, қоныс аударатын құстардың кеуде бұлшықеттері).
Ақ бұлшықет талшықтары - тотығу ферменттерінің белсенділігі аз, ал гликолиздік ферменттерінің белсенділігі жоғары. Олардың құрамында гикогендер жақсы дамыған.Тез қимылдайтын бұлшықет талшықтары. Ақ түсі сарколплазманың құрамында миоглобиннің аз кездесуіне байланысты. Сонымен қатар олардың қанмен қамтамасыз етілуі салыстырмалы түрде әлсіздеу , қызыл бұлшықет талшықтарына қарағанда гипертрофияға тез ұшырайды. Ақ бұлшықет талшықтары тез жиырылады соған байланысты энергияны көп қажет етеді және тез шаршайды.Аяқтың бұлшықеттері осы бұлшықет талшықтарынан құралған.
Аралық бұлшықет талшықтары- бірінші және екінші типтегі бұлшықет талшықтарына ұқсас. Ақ және қызыл бұлшықеттер арасында орналасады. Осыған байланысты ақ және қызыл екеуінің де қасиеттері бар-тез және күшті жиырылады,төзімділігі жоғары.Бұл бұлшықет талшықтары адамдарда әртүрлі болып келеді, ол тікелей адам организмінің физикалық және спорттық қабілеттерімен байланысты.
ҚАҢҚА БҰЛШЫҚЕТ ТІНІНІҢ РЕГЕНЕРАЦИЯСЫ
-Қайта қалпына келу жасушаішілік және жасушалық регенерация есебінен жүреді. Жасушалық регенрация камбиальды жасушалардың -миосателлитоциттердің көбеюі, олардың миобластарға айналуы, содан кейін бұлшықет талшығының фрагментіне дифференциалдау кіреді.Көлденең жолақты бұлшықет тінінің толық қалпына келуі бұлшықет талшықтарының аз ғана зақымдалуымен жүреді.
Бұлшықеттердің жиырылу күштері сіңірлер арқылы қаңқаға немесе басқа да құрылымдарға тікелей беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет