Латын әліпбиі. Өткенге үңілсек
Еліміздің бағдаршамына айналған «Бо-
лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
мақаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
«Менеліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоға-
ры Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай
қадам басатынымыз және бұқаралық сананы
қалай өзгертетініміз туралы көзқарастарымды
ортаға салуды жөн көрдім» дей келіп, атал-
мыш мақаланың «Таяу жылдардағы міндет-
тер» деген бөлімінде қазақ тілін латын әліп-
биіне көшірудің маңыздылығы туралы айтты.
«Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағида-
ларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен
бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп
беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге
асыруымызды да талап етеді. Осыған байла-
нысты, мен алдағы жылдарда мықтап қолға
алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсына-
мын. Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын
әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз
керек»- деді Елбасы.
Осылайша 2025 жылдан бастап латын
әліпбиіне көшу туралы мәселе күн тәртібіне
қойылды. Елбасымыздың бұл идеясы маңы-
здылыққа ие өміршең тақырып. Өйткені, өр-
кениетті елдерде латын графикасы бұрыннан
бері пайдаланылуда. Мысалы, Түркия 1929
жылы, Әзербайжан 1992 жылы, Өзбекстан
мен Түрікменстан 1993 жылы латын әліпбиі-
не ауысты. Ал еліміздің тарихына үңілсек,
латын әліпбиі 1929 жыл мен 1940 жылдар
аралығында пайдаланылған. Алайда кеңес
дәуірінің идеологиялық саясатына байланы-
сты Қазақстан кейін кириллицаға ауысты.
Өткен ғасырда Қазақстанда әліпби үш рет
ауыстырылған (1929 жылға дейін араб графи-
касы, 1929-1940 жылдары латын графикасы,
1940 жылдан бастап кириллица пайдаланыл-
ды) [1].
Википедияның мәліметтері бойынша,
1929 жылдың 8 тамызында «КСРО араб жазуы
халықтарының жаңа латын әліпбиі туралы»
КСРО Орталық сайлау комиссиясы мен ХКК
қаулысымен латын әліпбиіне ресми мәртебе
берілді.
Ұлттық әліпбиді латын графикасына
көшіру кезінде жазуды неғұрлым қысқартып алу
идеясына негізделген мынадай (баспагерлердің
еңбегін және қағаз бен бояуды үнемдеу үшін):
|