128 Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан


Вестник Института законодательства РК



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата06.01.2022
өлшемі21,61 Mb.
#12892
түріЗакон
1   2   3   4   5   6   7   8
Вестник Института законодательства РК

№5 (54) 2018



130

Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан

•  Қос әріптік мағынадан аулақ болу;

•  Әріптен  бөлек  жазылатын  диакрити-

калық таңбалардан аулақ болу; оның орнына 

біріктірілген диакритикалық таңбаларды қол-

дану («Қ» және «Ң» қазақ дыбыстары сияқты 

немесе жол үстінде таңбаларды немесе сызу-

ларды қолдану); 

•  Қажет болған жағдайда басқа жазулар-

дан латын әліпбиінің стиліне ұқсайтын таңба-

ларды алу (мәселен, ағылшын);

•  Қажет болған кезде дыбысталуына қа-

рай әріптердің таңбалануын өзгерту;

•  Алайда  әріптерді  тым  көп  тізбеле-

меу, яғни дыбыстардың жіңішке позициялық 

нұсқаларын емес, ортақ фонемаларды көрсе-

ту сияқты жалпы қағидаттарға назар аударыл-

ды

1



.

Қазақтың көрнекті лингвист-ғалымы Ах-

мет Байтұрсынұлы: «Біздің заманымыз – жазу 

заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден 

артық дәрежеге жеткен заман. Сондықтан сөй-

лей білу қандай керек болса, жаза білу керек-

тігі одан да артық»,- деген болатын. Біз мұны 

қоғамның дамуына орай жаңа үрдістердің қа-

лыптасу  қажеттілігіне  байланысты  айтылған 

деп  ұғамыз.  Олай  болса,  бүгінде  жаңарған 

қазақстандық  қоғам  үшін  латын  әліпбиіне 

көшу – рухани жаңғыру талабы болып отыр. 

Өйткені бұл ұлттың өзіндік болмысын таны-

татын  таңбалар  жүйесі  ғана  емес,  қазақтың 

арғы-бергі  тарихы  таңбаланған  жәдігер,  ер-

теңгі күнгі ұрпақтар сабақтастығын қамтама-

сыз ететін соны құбылыс.  

Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданыла-

ды. Латын әліпбиінің ислам әлемінде көшбас-

шы болып табылатын алыс шетелдің бірқатар 

елдерінде  (Түркия,  Индонезия,  Малайзия) 

пайдаланылатындығын атап өту керек. Мыса-

лы,  Азиялық  континенттің  ислам  дінін  ұста-

натындар  тұратын  бөлігінде  латын  әліпбиі 

пайдаланылады,  ал  Қытай  мен  Жапонияда 

иероглиф  жазуымен  қатар  латын  транскрип-

циясы  белсенді  түрде  пайдаланылады  (атап 

айтқанда, аталған елдерде компьютерлендіру 

проблемасы дәл осы тәсілмен шешілген). Со-

нымен қатар, латын әліпбиін Латын Америка-

ның барлық елдері, сондай-ақ Африка халқы-

ның анағұрлым дамыған елдері пайдалануда. 

Демек  енді  2025  жылға  дейін  күрделі 

қаржы  мен  ресурстар  шығындарын  талап 

ететін  үлкен  жұмыс  алда  тұр.  2000  жылдың 

басында-ақ  ҚР  БҒМ  Ғылым  комитетінің  жұ-

мыс  тобы  экономикалық  белсенді  халықтың 

белгілі бір бөлігін үйретудің өзіне аз шығын 

талап  етіледі  деп  есептеген  болатын.  Латын 

әліпбиіне  ауысуға  байланысты  шығындарды 

талап  ететін  оқытудан  басқа  іс-шаралар  өте 

көп. 


Жаһандану  дәуірінде  еліміздің  түркі  ха-

лықтары  қолданатын  латын  әліпбиіне  көшуі 

рухани  жаңғырудың  алғы  кезектегі  маңызды 

сатысы болатыны сөзсіз.

Латын әліпбиіне көшу заман талабы

Қазақ  әліпбиінің  латын  әліпбиіне  көшуі 

жайында  бүгінде  әртүрлі  пікірлер  айтылуда. 

Филология ғылымдарының докторы, профес-

сор  Әлімхан  Жүнісбектің  пікірінше:  «Латын 

әліпбиіне көшудің қиыншылығы қазіргі біздің 

қолданып  жүрген  әліпбиіміз  қазақтың  төл 

әліпбиі емес, орыс тілімен араласып кеткені, 

бізге  өзге  тілден  енген  дыбыстар  араласып 

кетсе  онда  кедергілер  туындайтынын,  латын 

әліпбиіне  төл  дыбыстарымызды  баптап,  со-

ның аясында көшуін және қазақ жазуына тек 

әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа 

керек екенін, ол реформа үш мәселені дыбыс, 

әліпби және емле ережені бірдей қамтиды».

Айтса  айтқандай,  латын  әліпбиіне  көшу 

мәселесінің жүгін негізінен қазақ тілді ауди-

торияның  көтеретіні  белгілі.  Бұл  маңызды 

міндетті  атқаруда  біздің  Заңнама  институты-

ның  Лингвистика  орталығының  да  алдында 

күн  тәртібінде  тұр.  Латын  әліпбиіне  көшуге 

байланысты  Орталық  атқаруға  тиіс  жұмы-

старға  тоқталсақ.  Орталықтың  сарапшыла-

ры  қазақ  және  орыс  тілдерінде  заңдар  мен 

халықаралық  шарттар  жобаларының  мәтін-

деріне  теңтүпнұсқалылыққа  лингвистикалық 

сараптама жүргізеді. Штат саны бойынша 22 

адам  жұмыс  істейтін  біздің  Орталықты  мы-

салға ала отырып, қандай іс-шаралар жүргізу 

қажеттігін болжап көрелік:

1) қазақ жазуының тарихымен таныстыру;

2) латын әліпбиінің жаңа қағидаларын үй-

рету;

3)  іргелі  және  ғылыми  қолданбалы  зерт-



теу шеңберінде заңнама терминдерінің орыс-

ша-қазақша және қазақша-орысша сөздіктерін 

латын әліпбиіне негіздеп қайта басып шығару;

4)  латын  әліпбиіне  көшу  мәселесін  заң 

жобаларын  әзірлеушілермен  дөңгелек  үстел-

дер  мен  конференциялар,  отырыстар  өткізіп 

талқылау қажет және т.б.

Бұл алдағы уақытта біз атқаратын іс-ша-

ралардың ауқымды бағыттары ғана, бұдан да 

басқа  шешімін  табуға  тиіс  мәселелер  жетіп 

жатыр.

Белгілі  талдаушы  С.  Сұлтанғалиевтің 



пікірінше, сарапшылар Қазақстан Өзбекстан-

ның қателіктерін қайталауы мүмкін деп қауіп-

тенеді.  Бұл  елде  латын  әліпбиіне  көшу  1993 

жылы басталған еді. Соңғы мерзім 2005 жыл 

болып,  кейін  2010  жыл  болып  аталған  еді, 

алайда  осы  уақытқа  дейін  бұл  мәселеде  әлі 

де  айқындылық  жоқ.  Оның  пікірінше,  елде-

гі  мұнай  бағасының  ауытқуына  байланысты 





Википедия «Латинизация» /https://ru.wikipedia.org/wiki/Латинизация. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет