Вестник Института законодательства РК
№5 (54) 2018
131
Из практики законотворчества на государственном языке
нашарлауға беталған күрделі әлеуметтік-эко-
номикалық жағдай, мемлекеттік бюджеттің
жүйелі тапшылығы, банк секторының тұрақ-
сыздығы және көптеген әлеуметтік проблема-
лардың шешілмеуі аясында латын әліпбиіне
көшу жүргізілетіндігі реформаға көптеген
қарсы болушылар үшін қосымша қоздырушы
фактор болып табылады.
Демек, латын әліпбиіне көшу жайында
халық арасында кеңінен насихат жұмыстары
жүргізілуі керек. Бұған ұқсас жағдай қазақ
тілін қолдануға қатысты қалыптасты, яғни,
оның қолданылу аясы үкімет бағдарламалары
мен жоспарларының арқасында емес, өзіндік
табиғи жолмен кеңеюде. Белгілі болғанындай
билік қазақ тілін меңгерген ересек халықтың
үлесін 2017 жылда 93% дейін жеткізуді
жоспарлаған болатын, бірақ бұл көрсеткіш-
ке қол жеткізудің ауылы біз үшін әлі алыс
сияқты. Басқа елдердің тәжірибесі көрсетіп
отырғанындай жаңа графика халықтың негіз-
гі бөлігі мемлекеттік тілді жақсы меңгерген
жерде анағұрлым сәтті енгізілуде.
Осы орайда білікті маман К. Нұровтың:
«Егер қандай да бір қадам орынды болса,
онда ол үшін техникалық құралдар мен мақ-
сатқа жету жолдарын табу қажет» деген пікірі
көңілімізге қонымды. Бүгінгі күндегі басты
проблема кириллица емес, соның негізінде
жасалған әліпбидің ауқымдылығында болып
отыр. 42 символдың болуы қазақ тілін үйре-
нуді де, оны компьютерлерде, телефондарда,
гаджеттерде және т. б. пайдалануды да қиын-
датады. Мысалы, дизайнерлер үнемі қаріп
тапшылығына тап болады. Ерекше белгілерді
пайдалану салдарынан қазақ тіліндегі мәтін-
дер көбінесе қосымша бағдарламалық қамта-
масыз етуді пайдаланбай оқылмайды. Мұ-
ның барлығы латын әліпбиі арқылы шешуге
болатын проблемалар. Демек, мемлекеттік іс
қағаздарын латын әліпбиіне көшіру жоспарлы
түрде жүзеге асырылуы тиіс».
Біздің пікірімізше, қазақ әліпбиінің ла-
тын әліпбиіне көшуі Үкіметтің стратегиялық
жағынан ақталған міндеті. Әлемдік тәжірибе
көрсетіп отырғандай, әліпби реформалары
үнемі және барлық жерде қоғам дамуының
күрделі, өтпелі кезеңдерінде орын алған. Де-
генмен, белгілі бір мемлекеттердің бірінші
тұлғалары ұзақ мерзімді стратегиялық пай-
ымдаулардан шығатын ерікті саяси шешімді
қабылдады және нәтижесінде ол жүзеге асы-
рылды. Бұған қоса, бүкіл әлемдік тарихи
тәжірибе ағымдағы сәттің тек меркандильді
мүдделері ғана емес, сондай-ақ стратеги-
ялық басымдық ретінде белгілі бір социум-
ның негізгі құндылықтары негізге алынған
мемлекеттік бағыттың дәл осы ұзақ мерзімді
стратегиясының болашақта анағұрлым тиімді
болатындығын дәлелдеп отыр.
Қазақстандық социум құндылықтарының
жүйесі бүгінгі таңда қалыптасу сатысында,
алайда Қазақстан Республикасының тәуел-
сіздігін жариялау фактісінің өзі Қазақстан
халқының белгілі бір тарихи таңдауын көр-
сетіп отыр. Өйткені, Елбасымыздың «Біз бұл
мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін те-
рең түсініп, байыппен қарап келеміз және
оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқи-
ят дайындалдық» - деуі бекер емес.
Жалпыжұрт мойындаған әлеуметтік
ғылымда кез келген адам қоғамдастығы бел-
гілі бір құндылықтар жүйесі маңында бірі-
гетіндігі факт болып табылады. Ұлттық
тіл пайдаланатын графика жүйесі (басым
көпшілік жағдайларда - әліпби) сол немесе
өзге социумның символдары жүйесінде бірін-
ші кезектегі рөлде және ұлттық өзгешелікті
қалыптастыруда күшті әсер етеді.
Жоғарыда жазылғанды негізге ала оты-
рып, қазақ тілінің латын графикасына ауысуы
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін
нығайту және қазақтардың дербес саяси сәй-
кестігін қалыптастыру процесінде шешуші
рөл атқаратындығы анық.
Тұжыра айтсақ, бүгінгі күнде латын
әліпбиі әмбебап қолданылатын халықара-
лық әліпби болып табылады. Оны пайдала-
ну біздің Батысқа еліктеуімізге байланысты
емес, еліміздің дүниежүзілік қауымдастыққа
толыққанды мүше ретінде енуімізге байла-
нысты болып отыр. Қазақ әліпбиінің латын
графикасына көшуі ұзақмерзімдік болашақта
стратегиялық жағынан ақталған деуге бола-
ды
2
.
Бұған қоса, аталған жобаны жүзеге асы-
румен байланысты күрделі қауіптердің бар-
лығын да ескеруіміз керек. Әліпби реформасы
оны жүзеге асыру кезінде ана тілін (кирилли-
цаны) жақсы меңгерген, сауатты және оны
кәсіптік немесе оқу қызметінде белсенді пай-
даланатын қазақтарға біршама қиындықтар
тудыратыны белгілі, олардың қатарына Линг-
вистика орталығы қызметкерлерін де жатқы-
зуға болады. Бұл біріншіден, заң жобалары
мен халықаралық шарттарды әзірлеушілерді
қайта бағдарлау үшін қаншалықты жұмыс
ауқымын еңсеру керектігіне тағы да ерекше
назар аударуды қажет етеді.
Екіншіден, «Әділет» электрондық пор-
талында бар база туралы, дәлірек айтқанда
бұл порталдағы қазақ тіліндегі заңнама база-
сының барлығын ауыстыру қажеттігі туралы
мәселе туындайды (барлық деректерді латын
графикасына ауыстыру бойынша жұмыспен
кім шұғылданады?).
2
Переход на латиницу: проблемы и перспективы / https://e-history.kz/ru/publications/view/3452
|