|
128 Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынанБайланысты: aza-l-pbi-n-lat-n-grafikas-na-k-sh-rud-keyb-r-m-seleler
Вестник Института законодательства РК
№5 (54) 2018
128
Мемлекеттік тілдегі заң шығармашылығы практикасынан
ӘОЖ: 811.512.122,35:811.124,06
ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІН ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА
КӨШІРУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Талғат Егінбайұлы
Мұшанов
ҚР Заңнама институты Лингвистика орталығының басшысы;
Астана қ., Қазақстан Республикасы; e-mail: t.mushanov@adilet.gov.kz
Назгүл Амантайқызы Хамзина
ҚР Заңнама институты Лингвистика орталығыныңаға ғылыми қызметкері;
Астана қ., Қазақстан Республикасы; e-mail: abutai_79@mail.ru
Түйін сөздер:
кириллица; латындандыру; реформа; латын әліпбиіне көшірілген гра-
фика; құндылықтар жүйесі; стратегиялық басымдық.
Аннотация.
Авторлар өз мақаласында қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын
графикасына ауысуы мәселесін ең алдымен ана тілінің өткен ғасырдағы даму тарихына
үңіле отырып қарастырады.
Авторлар ұлттық латын әліпбиіне көшірілген графиканы жасаған кезде жазылуын
анағұрлым қысқа ету идеясын негізге алған жалпы қағидаттарға назар аударылған-
дығын еске салады, тілдің бір графикалық жазудан екіншісіне осыншалықты жылдам
ауысу себептерін сипаттайды.
Еліміз латын әліпбиіне толық өтетін кезеңге дейін, яғни 2025 жылға дейін алда күр-
делі қаржы шығыстары мен ресурстарын талап ететін ауқымды жұмыс күтіп тұрға-
нына назар аударды.
Осыған байланысты, авторлар Қазақстан Республикасы Заңнама институтының
Лингвистика орталығы латын әліпбиіне ауысқан кезде назар аударуға тиіс аспектілерді,
Орталық алдында қандай магистральды қиындықтар тұрғандығын және қандай ықти-
мал қиындықтарды еңсеру керектігін қарастырады.
Мемлекет басшысы алға қойған күрделі міндеттерге қарамастан, авторлар елорда-
мыздың Астанаға көшуін мысал ретінде келтіре отырып, барлық қазақстандықтардың
латын әліпбиіне ауысуы кезіндегі мүмкіндіктеріне оң баға береді және Лингвистика ор-
талығының болашағына оңтайлы қарайды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|