Жыл мезгілдерінің алмасуы және климаттық белдеулер. Астрономияның негізгі мақсаттарының бірі – уақытты өлшеу. Уақытты айналадағы табиғаттың өзгерістерін бақылау арқылы өлшей аламыз. Осындай өзгерістердің бірі – жұлдызды аспанның тәуліктік айналысы, екіншісі – жыл мезгілдерінің алмасуы. Бұл екі құбылыс Жердің өз осімен айналуынан және Күнді айналып қозғалуынан болады. Жердің кез-келген орнында жыл сайын жылдың 4 мезгілі бірінен соң бірі алмасып келіп отырады. Бұның себебі Жердің осі орбита жазықтығына көлбеу орналасуынан болады. Бірақ Жер Күнді айналғанда ол өзінің осінің параллел күйін сақтап отырады. Жер бетіндегі климаттық белдеулердің болуы Жер осінің орбита жазықтығына көлбеу болатындығына негізделеді. Жер бетінде екі суық, бір ыстық, екі қоңыржайлы климаттық белдеулер бар.
Уақытты өлшеу проблемасы. Уақытты өлшеу бірліктері. Астрономияның негізгі мақсаттарының бірі – уақытты өлшеу. Уақытты тропикалық жылмен өлшейді. Тропикалық жыл дегеніміз – Күннің дискасының центрінің көктемгі күн мен түн теңескен нүктесі арқылы тетелес екі рет өтуіне кеткен уақыт аралығы. Тропикалық жылдың ұзақтылығы 365 күн 5 сағат 48 минут 46 секунд не 365, 2422 орташа күн тәулікке тең. Жердің өз осінен бір айналуына кеткен уақыт тәулік болады. Тәулік түпкілікті уақыт өлшемі, ол сағат, минут, секундтерге бөлінеді. Жердің өз осінен айналасын көктемгі күн мен түн теңелу нүктесіне қатысты, не күнге қатысты алынуына байланысты жұлдыз тәулігі не күн тәулігі тағайындалады. Осы өлшемдер арқылы өлшенетін уақыт жұлдыз уақыты, не күн уақыты деп аталады. Ұзақ уақыт аралықтарын есептеу жүйесін календарь деп атайды. Оның негізгі үш түсі бар: күн, ай, ай-күн. Күн календарының негізіне тропикалық жылдың ұзақтылығы алынған, ай календары синодтық айдың ұзақтылығына негізделген, ал ай-күн календарында екі период бірге алынған. Мұсылман календары ай қозғалысына негізделген. Бір жыл ішінде 12 ай бар деп, бір айда 29, екінші айда 30 күн бар деп, кезек-кезек есептелінеді; сөйтіп бір айда орташа есеппен 29,5 күн, бір жыл 354 күн бар. Дүниежүзілік уақыт. Гринвич (бастапқы) меридианның жергілікті уақыты дүниежүзілік уақыт деп аталады. Жергілікті уақытты дүниежүзілік уақыт арқылы өрнектеуге болады. Екі меридианның жергілікті уақыттарының теңдеуін алып, деп есептейік. Онда: немесе орындалады.