2. Күннің эклиптика бойынша жылдық қозғалысы. Эклиптика бойынша күн экваторлық координаттарының өзгеруі оның қозғалысы бойынша келесідей негізде жүргізіледі. Егер Күн көктемгі күн теңелеу ^ нүктесінде орналасса, онда оның тік көтерілуі (α) мен еңкеюі (d) нөлге тең. Одан кейін әр күн сайын Күннің тік көтерілуі мен еңкеюі ұлғаяды, ал Күн жаздық күн жағдайының нүктесіне келгенде оның тік көтерілуі (α) 900 немесе 6 h тең болады, ал еңкеюі (d) +230 26/ шекті мәнге жетеді. Осыдан кейін Күннің еңкеюі күздік күн теңелу нүктесіне d келеді, оның тік көтерілуі =1800 немесе 12 h, ал еңкеюі =00. Әрі қарай, Күннің тік көтерілуі ұлғая отырып, қысқы күн жағдайынүктесінде 2700 немесе 18 h теңеледі, ал еңкеюіөзінің шекті мәні -230 26/ жетеді. Осыдан кейін Күн еңкеюі өсе бастайды және енді Күн көктемгі күн мен түн теңелу нүктесіне келеді, оның еңкеюі қайтадан нөлге тең болады, ал тік көтерілуі 3600 немесе 24h мәнге жеткеннен кейін нөлге айналады.
Күннің экваторлық координатының бұл өзгерістері жыл ішінде тепе-тең негізде жүргізілмейді. Еңкею Күннің барлық қозғалысында күн мен түн теңелу нүктелерге жақын тез өзгереді және күн жағдайының нүктелеріне қарай жай өзгереді. Ал тік көтерілу, керісінше, күн мен түн теңелу нүктелерге жақын жай өзгереді. Сондықтан Күннің тік көтерілу өзгерісінің жылдамдығы жазғы күн жағдайының нүктесіне жақындағанда қысқы күн жағдайының нүктелеріне жақындағанда қарағанда азаяды. Эклиптика бойынша Күннің көрінетін қозғалыстары Жердің нақты қозғалысының себебінің, яғни оны Күннің айналуы болып табылады.
Күн айналасындағы Жердің қозғалысы да сол бағытта жүргізіледі, ось айналасындағы Жердің айналуы тепе-тең болмайды. Осыдан Жердің айналу осі әрқашанда 66034/ бұрышпен Жер орбиталарының жазықтығына еңкейеді. Сондықтан бізге Күн де жұлдыздар ортасында аспан мәліметі бойынша батыстан шығысқа қарай тепе-тең айналмайтындай көрінеді, бірақ айнала бойынша (эклиптика) аспан экваторының жазықтығына еңкейгенжазықтық 23026/ =900-66034/ бұрышқа тең.
Егер Күн көктемгі күн мен түн теңелу нүктесінде болса, онда ол барлық жер қабатының географиялық ендігіндегі шығыс нүктесінен шығады және батыс нүктесіне кіреді. Оның тәуліктік жолының жартысы горизонтта, жартысы горизонт астында болады. Сәйкесінше, барлық жер шарында полюстерден басқа, бұл күннің ұзақтығы түннің ұзықтығына тең болады. Бұл күн көктемгі күн мен түн теңелу күні деп аталады (21 наурызға қарай) және Жердің солтүстік шарында көктем басталды деп есептелінеді (Оңтүстік шарда бұл кезең күздің басына сәйкес келеді).
Берілген солтүстік ендіктегі көктемгі күн мен түн теңелу күніндегі Күннің жарты күндегі биіктігі мына формулаға сәйкес (1.5):
h0=900-
Егер Күн жазғы күн жағдайының нүктесінде болса (d=+230 26/), онда ол солтүстік ендікте солтүстік шығыстан шығады, ал солтүстік батысқа батады. Оның тәуліктік жолдарының үлкен бөлігі горизонтта болады. Жердің солтүстік шарындағы күн ұзақтығы максимальды, түні аз шекті, ал оңтүстікте керісінше. Бұл күн жазғы күн жағдайының күні (22 маусымға қарай) деп аталады және жердің солтүстік жарты шарында жаздың басталуын білдіреді (оңтүстікте бұл кезең қыстың басталуына сәйкес келеді).
Жазғы күн жағдайында берілген солтүстік ендікте Күннің жарты күндік биіктігі максимальды мәнге жетеді:
h max=900- +230 26/ Егер Күн күзгі күн мен түн теңелу нүктесінде болса, онда ол қайтадан Жердің барлығында шығыс нүктесінен шығады және батыс нүктесіне батады, полюстерден басқа барлық ендікте күн ұзақтығы түн ұзақтығына тең болады. Бұл күн күзгі күн мен түн теңелу күні (23 қыркүйекке жуық) деп аталады және Жердің солтүстік жарты шарында күздің басталғанын білдіреді (оңтүстік жарты шарда көктемнің басталуы).
Аталған ендікте күндіз Күннің биіктігі күзгі күн мен түн теңелу күнінде қайтадан 900 тең. Сонымен, егер Күн қысқы күн жағдайының ( =-23026/) нүктесінде болса, онда ол оңтүстік шығыстан шығып, оңтүстік батыста батады.