13.Күндік және жұлдыздық уақыт. Жер бетінің әр меридианында уақыт (жұлдыз уақыты, не күн уақыты) әр түрлі. Бір меридианның бойында анықталған уақыт жергілікті уақыт деп аталады. Жер бетінде сансыз меридиан өткізуге болады, ендеше жергілікті уақытта сансыз көп болады. Екі меридианның жергілікті уақыттарының айырымы олардың географиялық бойлықтарының айырымына тең: Географиялық меридиандар радиустармен бейнеленген. Егерде меридианда нүктенің жоғарғы кульминациясы болса, онда PNA, PNB, PNC, PNД меридиандарында жұлдыздық уақыт төменгі сағаттармен анықталады: ал, PNM1 және PNM2 меридиандарында жұлдызды уақыт сағат пен алған бұрыштарға тең болады: Осы меридиандардың географиялық бойлықтары тең. бұрышын екі жолмен анықтауға болады: немесе
Астрономиялық бақылаудан жергілікті уақыт анықталады.
Уақыттың теңдеуі және оның құраушылары. Уақыт теңдеуі. Орташа күн уақыты мен шын күн уақытының арасындағы айырым уақыт теңдеуі деп аталады. Басқаша айтқанда уақыт теңдеуі , орташа уақытты шығарып алу үшін, шын күн уақытына қосатын түзету, яғни . Уақыт теңдеуінің мәні күннен күнге өзгеріп отырады. Жылдың әр күні -ның мәнін арнаулы кестелерден, не графиктен тауып алуға болады. Орташа күн уақыты мен жұлдыз уақыты. Бір тропикалық жылдың ұзақтығы орташа күн уақытымен анықтағанда 365, 2422 орташа күн тәулігіне тең, ал жұлдыз уақыты бойынша 366, 2422 жұлдыз тәулігіне тең болады, яғни 365, 2422 орташа күн тәулігі = 366, 2422 жұлдыз тәулігіне тең. Осыдан, , Егерде бірінші бөлімі К, ал екінші бөлімді К1 деп орташа күн уақыты -ды есептейтін формула: ал жұлдыз -тың орташа күн уақыты арқылы өрнектелуі төмендегідей болады: Орташа күн тәулігі жұлдыз тәулігінен ұзақырақ, дәл жазатын болсақ:
16.Күнтізбектің пайда болу және дамуы тарихы. Жаңа және ескі күнтізбек. Мұсылман календары ай қозғалысына негізделген. Бір жыл ішінде 12 ай бар деп, бір айда 29, екінші айда 30 күн бар деп, кезек-кезек есептелінеді; сөйтіп бір айда орташа есеппен 29,5 күн, бір жыл 354 күн бар. Қазіргі кезде көптеген елдерде күн календары қолданылады. Ол күннің қозғалысына негізделген. Тропикалық жылдың ұзақтылығы 365,2422 о.к.т. тең болғандықтан, күн календарының өзін құрастырғанда екі шартты қарастыру керек:
1. Календарлық жылдың орташа ұзақтылығы тропикалық жылдың ұзақтылығына тең болу керек.
2. Календарлық жылда тәуліктердің саны бүтін болуы керек.
Юлиан календары (ескі стиль). Біздің жыл санауымызға дейінгі 46 жылда Юлий Цезарь астроном Созигеннің көмегімен календарға реформа жасады, яғни әр жылдың ұзақтылығы 365 күн болып, бірақ әрбір төртінші жылға бір артық күн қосылатын болды. Сонымен, юлиан жылының орташа ұзақтығы 365, 25 күннен тұрады.
Григорий календары (жаңа стиль). Юлиан жылы тропикалық жылдан 311 мин. 14 секундтай ұзағырақ, бұл айырма 400 жылда 3 тәуліктен артып кетеді. Сондықтан, күн теңелу, күн тоқырау нүктелері 400 жыл сайын үш күн ілгері ауысып келіп отыратын болады. Осы кездегі қолданып жүрген (Григорий) календары да, нағыз дәл емес. Бірақ оның дәл еместігі тек 400 жылда 2 сағат 53 минуит болады да, 3300 жылда ғана 1 күнге тең болады.