13-ДӘріс. Мінез-қҰЛЫҚ модельдері жәНЕ КОНФЛИКТІЛІК Мінез-қҰЛЫҚТЫҢ ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата11.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#137348
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
13-дәріс

 4. Әділетсіздікті қабылдау
. «Бұл әділетсіздік ғой» деген пікірлерді көп 
естиміз, мұндай пікірілер конфликт жағдайына сай келеді, адам өзін 
басқаша сезінеді (дисбаланс орнайды).
Қорыта айтсақ екі адамның, екі топтың немесе екі елдің арасындағы 
кез келген өзара әрекеттесуде олардың қажеттіліктері мен мақсаттарына орай
қарама-қайшылық туындауы мүмкін. Неге көптеген әлеуметтік мәселелер
туындайды, себебі адамдардың психологиясы сондай, әрқашанда олар 


өздерінің жеке бастық эгоистік қызығуларын қоғамның жалпы 
қызығуларына зиян келтіре отырып қанағаттандырады.
Сондыктанда эгоистік мінез-құлықты реттеу үшін аз санды топтар өте 
ыңғайлы, алайда топтағы адам санынан тәуелсіз коммуникация адамдарды 
алтуристік сезімдерге жетелейді, өзара сенімсіздіктерді төмендетуі мүмкін. 
Әрине адамдар бәсекелестікке түскенде міндетті түрде өшпенділікке бой 
ұруы мүмкін.
Конфликт қай кезде көп туындайды, егер адам өзімне басқаның 
әділетсіздік 
жасағанын 
сезінгенде, 
алайда 
кейде 
конфликтілер 
рационалдылықты да бере алады, яғни конфликтіні конструктивті шеше алса 
конфликтінің арқасында адамдар тіпті достасып та кетеді.
Ең бастысы конфликтіде төрт нәрсе маңызды, олар байланыс, 
кооперация, коммуникация және консилиация (тыныштандыру).
Байланыс, егер адамдар тең құқылы байланыс орната білсе, бір бірін 
жақынырақ біліп өзара симпатия туындай бастайды.
Кооперация, әрине тең құқылы байланыс орнату пайдалы болсада 
кейде ол да жеткіліксіз болады, сондыктан коопеарция керек, яғни позитивті 
ішкі дйындыққа бару, топтық идентификацияға түсу ол да конфликтіде 
көмектеседі.
Коммуникация арқылы конфликтіге түскен екі жақта өздерінің
қайшылықтарын шешуге бірнеше тәсілдерді қолдана алады, мәселен бір 
бірімен тікелей кездесіп сөйлесу, немесе үшінші адамды алып соның 
айтқанына жүгіну немесе арбитражға да сұраныс жасай алады.
Конфликтіде ең маңыздысы «мен жеңдім-сен жеңілдің» деген мінез-
құлық моделінен «мен жеңдім-сен жеңдің» деген модельге өту.
Психологияда Ян Готлиб және Кэтрин Колби деструктивті дауласуда 
не істеу керек тіпті дауласып қалсаңыз оның өзін конструктивті жасау кажет 
екенін ұсынады, келесі 1-кестеден сол ұсынысты көруге болады 
1-кесте. Психологиялық ұсыныс 
Жасауға болмайды 
Жасау керек 
1.
Мерзімінен бұрын кешірім сұрау 
1.Балалардың көзінше емес, жалғыз 
қалғанда дауласу 
2. Даудан қашу, үндемей қою 
арқылы жазалау немесе «соғысу» 
2.Даудың мазмұныны нақты 
анықтау және басқаның позициясын өз 
сөзіңмен тұжырымдау 
3. Басқа адамның сізге белгілі 
ақпараттарын оны төмендету үшін,
қорлауға қолданбау 
3.Өзіңнің негативті және позитивті 
сезімдеріңді суреттеу 
4Дауға 
қатысы 
жок 
нәрсені 
пайдалану 
4.Өз мінез-құлқың жайлы пікірлерді 
тыңдай білу, онымен келісу 
5.Ниетіңді артыңа тығып қойып 
келісім жасауға тырысу 
5.Сіз үшін қайсысымен келісесіз, 
қайсысымен келіспейсіз соның ішінде 
сіз үшін қайсысы маңызды 


6.Ол нені сезінеді соны оған айту 
6.Басқаға көмектесетін сұрақтарды 
қою, оның мазасы кетіп тұрған
сезіміне орай қажетті сөзді тауып айту 
7.Жасырын шабуылды қолданбау 
7.Аяқ асты болған ашудың басылуын 
күту 
8.Басқа адамды қорқыта отырып 
оның 
күшін 
әлсіретпеу, 
мазасыздануын күшейтпеу 
8.Өзара 
үйлесімділікке 
әкелетін 
позитивті ұсыныс айту.
Белгілі психолог Чарльз Осгуд конфликтіге байланысты жаңа термин 
кіргізді, «Шиеленісті сейілту бойынша біртіндеп жасалған екі жақты 
бастамалар» деп атады (постепенное и обоюдные инициативы по разрядке 
напряженности)-ағылшын тілінді аббревиатурасы GRIT, автордың 
пікірінше мінездің беріктігі, адалдық, достық көңіл барлық қауіпке 
төтеп бере алады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет