Тұлға аралық конфликтіні шешудегі психологиялық әдістер
:
көндіру принциі, мәселені бірлесіп шешу ережесі, жақсылыққа әкелетін әдіс,
өзара екі жаққа да пайдалы әдіс, психологиялық жақындастыру әдісі,
психологиялық оқшаулау әдісі, практикалық эмпатияны қолдану әдісі,
жұмсарту әдісі, конфликтіден кету әдісі, келісім сөз жүргізу әдісі.
Қарым – қатынас процесінде конфликтіге апармайтын кері
байланыстың
нәтижелілігін көтеретін белгілі бір ережелер бар. Бұл
ережелер бірнешеу:
1. Сіз ескертулер айтатын болсаңыз тұлғаның жеке басына тиіспеңіз,
әріптесіңіздің мінез-құлқындағы ерекшеліктерді ескеру керек.
2. Көбінесе қорытынды туралы емес, бақылау туралы айту керек. Бақылау –
сіздің көргеніңіз бен естігеніңіз, ал қорытынды – сіздің мәліметке негізделген
қайта толықтауыңыз.
3. Бағалау формасында сөйлемеу керек, яғни сен жамансың, алдадың деген
сиякты. Баға беріп сөйлеу қарым-қатынас процесіндегі жақсы түсінушілікке
көмектеспейді.
4. Бұрын болған өтіп кеткен маңызды жағдайларға емес, жақын уақытта
болғандарға назар аудару керек.
5.Кеңесті барынша аз беру керек. Қарым-катынас серіктесімен ойлар,
ақпараттар алмаса отырып, өз бақылағаныңызды ғана айтуыңыз керек.
6.Сұқбатта серіктесіңіздің тұлғасына емес оның мінез-құлқындағы
ерекшеліктерін сынға алу артык
7.Қарым-қатынаска жағымды түсу үшін, керекті ақпаратты қолайлы
жағдайда жеткізіп оның жеткізілу формасына мән беру.
Конфликт жағдайдағы мінез-құлықтың психологиялық себептері:
1.Өзара сенім жоқ және серіктестің жағдайын жасамау.
2.Өзгенің мінез-құлқын, қимыл-әрекетін төзімсіз деп бағалау;
3.Психологиялық тұрақтылықтың жетіспеуі;
4.Басқаларды сыйлау, құрметтеу қабілетінің жетіспеуі (эмпатияның нашар
дамуы);
5.Өзін өзгеден жоғары деңгейде санау, өзгелерді кемсіту, кекету, жоғары
талаптар қою.
Достарыңызбен бөлісу: |