ә) бейімделу (көнгіштік), бұл бәсекелестікке қарағанда, өз мүдделерін
басқа біреудің мүддесі үшін құрбан етуді білдіреді;
б) өзара ымыраға келу арқылы конфликтіге түскен
тараптардың
келісімі ретінде ымыраға келу;
в) ынтымақтастыққа деген құлшыныстың болмауымен де, өз
мақсаттарына жету тенденциясының болмауымен де сипатталатын жалтару
(кету, елемеу);
г) конфликтілі жағдайға қатысушы екі жақтың да мүдделерін толық
қанағаттандыратын және баламаға келгенде орнайтын ынтымақтастық
Конфликтідегі қызығушылықтарды бағалау арқылы мінез-құлықтың
сапалық сипаттамасын жасауға болады. Томас-Килман моделінде ол сандық
параметрлермен корреляцияланады:
қызығушылықтары төмен, орташа
немесе жоғары деңгейде болады.
Модельде конфликт жағдайын талдайды, өз мүдделеріне немесе
қарсыластың мүдделеріне назар аудару деңгейі үш жағдайға байланысты
екенін көрсетеді:
1) конфликт тақырыбының мазмұны;
2) тұлғааралық қатынастардың мәндері;
3) жеке тұлғаның психологиялық қасиеттері.
Сонымен қатар екі өлшемді Томас-Килман моделін үшінші өлшеммен
толықтыруға болады яғни тұлғааралық қатынастар мәнімен (MЛO)
толыктырамыз.
Томас-Килманның моделі конфликтіні
реттеудегі өте ыңғайлы
классикалық инструмент болып саналады. Авторлар 30 жұп пікірден тұратын
сұрақнама жасады, нәтижесінде сыналушы үшін қай тәсіл конфликт
барысында тиімді болатыны анықталады.
Моделде конфликтіге деген мүмкін болатын 5 бағытты көрсетеді,
әдетте оларды екі өлшемді матрицада береді, вертикаль осьте талапшылдық,
ал горизонталь осьте - ынтымақтастыққа бейімділік көрсетіледі. Төмендегі
кестеден конфликт жағдайындағы мінез-құлықтың стратегиялары берілген
Стратегия
Сипаттамасы
Дұрыс қолдану үшін
мысалдар
Қашу
Конфликтіге
кіргіңіз
келмейді, сондықтанда
сіз болып жатқанды
тоқтатасыз
немесе
елемейсіз
Бір
немесе бірнеше
тарапқа
жағдайды
тыныштандыруға
немесе
қарастыруға
уақыт қажет болғанда
Жағдай үлкен маңызға
ие болмаған кезде
Бейімделу
Сіз өзіңіздің қызығу -
шылықтарыңыздан
бас
тартасыз, риясыз әрекет
етесіз,
бұйрыққа
Сіз жаңа дағдыларды
үйренесіз, сіз үшін
жағдай
өте маңызды
емес