№13 Дәріс. Саясат философиядағы еркіндік мәселесі Дәрістің мақсаты



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата25.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#126495
  1   2   3


№13 Дәріс. Саясат философиядағы еркіндік мәселесі 
 
Дәрістің мақсаты:
Саяси еркіндік мәселесі негізгі мүмкіндіктерімен оның 
ішкі логикасын студенттерге жан жақты түсіндіру. 
 Дәріс жоспары 
 
1. Саяси философиядағы еркіндік ұғымы 
2. Еркіндік пен жауапкершілік мәні 
3. Филсофия тарихынды еркіндік мәселесінің қарастырылуы 
Ең әуелі «еркіндік» ұғымының мағынасын қысқаша таразылап көрсек. 
«Еркіндік» көп мағыналы және тиянақсыздау ұғым болып көрінгенімен, ол 
қоғамның бүкіл құрылымына айтарлықтай әсер ететін нақты құбылыс. 
Осыған дейінгі тарихи тәжірибе еркіндіктің ешнәрсемен ауыстыруға 
келмейтін құндылық екенін, адам мінезінің болмыстық ерекшелігі екенін 
және адам өмірінің онтологиялық түп-тамыры екенін көрсетіп отыр. С.Л. 
Франк айтқандай, «еркіндіктен бас тарту ол рухани түрде өзін-өзі өлтірумен 
тең және басқа адамның бостандығына қол сұғу оны өлтіргенмен, яғни оның 
бойында 
«Құдайдың 
бейне-болмысын» 
жойып 
оны 
хайуанға 
айналдырғанмен барабар».
Алайда бостандықтың жай ғана бостандық үшін болмайтынын және 
абстракты бостандық болмайтынын есепке алу керек. Оның табиғатын және 
кәдеге асырылуын анықтап алу, адам болмысы мен тірлігі, оның өмірінің 
мағынасы, қоғамдағы ролі мен орны, еркіндіктің шегі мен жауапкершіліктің 
арасалмағы туралы және басқа да қат-қабат мәселелердің бетін ашады. 
Дегенмен біз бастан кешіріп жатқан ғаламдық деңгейдегі өзгерістер және 
соның төңірегінде өрбіген пікірталастар мен талқылаулар аясында, жедел 
және кең ауқымды бостандық туралы талаптар қою, оның көп қырлығына, 
көп бейнелігіне, бір мағыналы еместігіне, қарама-қайшылығына, көптеген 
қоғамдық-саяси құбылыстармен, құрылымдармен байланысына және де 
бедел, билік, теңдік, әділдік, жауапкершілік, өнегелік сияқты құрылымдармен 
сабақтастығына көлеңке түсіреді.
Әрине, бір тарау қаншалықты үлкен болмасын, онда бұл күрделі және көп 
қырлы проблеманың ең маңызды деген астарларына үңіліп оған тезисті түрде 
анықтама беру мүмкін емес. Менің қарастырып отырғаным-саяси әлем және 
саяси философия тұрғысында осы ұғымның не екендігіне көз жүгірту 
мәселелері ғана.
Бостандық - бұл әлеуметтік категория. Біз қоғамнан тыс бостандық 
туралы айта алмаймыз, өйткені ол адамдардың өзара қарым-қатынастары 
жүйесінде ғана іске асырылады. Бостандық ұғымы мен оны пайдалану 
хақында жалпыға бірдей сипаттамалар бар. Дегенмен, бостандық әр 
қоғамда басымдыққа ие ұлттық-мәдени, тарихи, діни қағидалар, ережелер 
мен құндылықтарға тәуелді болады. Мәселен Батыста әрбір жеке тұлғаның 
хұқтары мен еркіндігі басты назарда болса, Шығыста топтың, этностың, 


халықтың, ұлттың, яғни жалпы ұжымның хұқтары мен еркіндігіне 
басымдық беріліп қарастырылады. Сонымен бір мезетте бостандық бұл 
тарихи категория, өйткені ол туралы қазіргі түсінік ұзақ тарихи даму 
процесінде қалыптасқан. Расында, бұл ұғым турасында алғашқы 
қауымдық құрлыста я болмаса ежелгі грек полисінде өмір сүрген адамның 
көзқарасы мен қазіргі заманғы америкалықтың, француздың немесе 
орыстың түсінігі әр өзге.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет