1. Тиімді коммуникация ұғымы
2.Тиімді коммуникация технологиялары, қағидалары, ережелері, тәсілдері
3. Келіссөз процесінің технологиясы
Бүгінде ғылыми технологияның қарыштап дамыған дәуірінде коммуникация ұғымы көпшілікке таңсық емес, санаға сіңісті түсінік болып кеткен. Латын тілінен енген бұл терминнің аудармасы communicatio жалпы жасаймын, байланысытырамын деген мағынада келеді. Ал жалпы кең мағынада әртүрлі ақпаратты қабылдау және тарату мүмкіндігі бар қарым-қатынас тәсілдері деп түсіндіре кетсек те болады. Коммуникация тек бірнеше гуманитарлы пәндердің объектісі ретінде ғана емес, сондай-ақ нақты ғылымдардың объектісі екендігін білуіміз қажет.
Күнделікті тіршілігіміздегі, қоғамдық-әлеуметтік ортадағы адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, тіптен ауызша сөйлесуінің өзі коммуникацияның алғашқы формаларының бірі болып саналады. Біздің күнделікті өмірімізде коммуникацияның бұл түрі жиі қолданылады. Бұл жерде коммуникация тікелей болғандықтан мұнда ең алдымен ауызекі тіл қолданысқа түседі, бейвербалды амалдар, яғни мимика, ым, ишаралар сөзбен теңдей дәрежеде молынан қолданылады. Мәселен, бас изу – белгілі бір нәрсемен келісуді білдірсе, таңғалу – иығын көтеріп, ауызын ашуды білдіреді т.б. Күнделікті өмірде мұндай бейвербалды амалдарды көптеп кездестіреміз. Бұл контактілі қарымқатынастың негізгі ерекшелігі. Және де сонымен қатар тікелей қарым-қатынаста уақыт пен кеңістік факторы және «көз контактісі» бірлікте көрініс береді. Көз контактісі – коммуниканттың бір-біріне деген көзқарасы, олардың ішкі жай-күйінің жағдайы. Мысалы, көзін ары-бері жүгіртіп сөйлеу – коммуниканттың өзіне деген сенімсіздігін көрсетеді. Осы ретте зерттеуші лингвист Л.П. Буева: «Личный контакт обладает большой силой эмоционального воздействия, внушения, в нем непосредственно действует социально-психологический «механизм» заражения и подражения» деп тұшымды пікір айтады.
Тарихи жағынан коммуникация туралы ілім ағартушылыққа қарай өрлейтін қоғамдық шарт доктринасына қарама-қарсы қалыптасты. Коммуникация теориясын жақтаушылар қатарында К. Ясперс, Б. Больнов, Э. Мунье секілді теоретиктер қоғамдық шарт ұғымын контракт, мәміле деп атап көрсетеді, бұл мәмілеге қатынасушылар екі жақка бірдей міндеттемелермен шектелген: олар бір-бірін осы міндеттемелерге сай, яғни абстрактілі, бейнесіз түрде ұғынады. Шарт дегеніміз – адамдардың іс жүзіндегі бытыраңқылығында жатқан байланыс. Ал коммуникация шартқа қарама-қарсы, саналы түрде орнатылатын өзара тәуелділік ретінде қарастырылады. "Контрактының орнына жанасым" (Ф. Кауфман). Коммуникация орнатудың құралы пікір-сайыс деп жария етті.
Әлеуметтік коммуникация деп қоғамда әлеуметтік маңызды бағалармен нақты жағдайлар, коммуникативті салалармен қарым-қатынас нормалары бекітілген адамдардың коммуникативті іс-әрекеттерін айтамыз. Бүгінгі күні коммуникациялық принциптегі ең ұшқыр форматтағы интернет немесе жаһандық желі тек ақпаратты (мәліметті) жеткізу құралы ғана емес, сондайақ дүние әлеміндегі адамның бағыт-бағдарын айқындап отыратын маңызды құралдардың бірі болып саналады. Осыған сәйкес адам өмірінің қарқынды ырғағына үнемі сәйкес болып отырады. Адам желі арқылы пайдалы ақпараттарды аша алады, өмірлік серігін, саяхатқа шығатын жолсерігін табады, ұтымды сатып алу, сату әрекеттері болады, жұмыс жасап пайда табады, әскери келіміс-шарт жасайды, әйгілі немесе танымал болады, қызығушылық мүдделері ортақ жандармен сұхбаттаса алады т.б. Адамның осылайша түрлі әлеуметтік желілер жүйесі арқылы ықпалдасуы, тікелей қатыстылығы әртүрлі білім мен ғылым саласындағы зерттеушілердің қызығушылығын тудырып жатады.
Компютерлік желілердің ақпарат алмасуға арналған бүкіләлемдік қауымдастығы, бірбірімен телекомуникация арналары (телефон, радио, жасанды жер серігі көмегімен байланыс) арқылы мәлімет алмасатын әртүрлі аймақтағы компьютерлік желілердің біріктірілген торабы интернет деп аталады.
Қазіргі біздің контексіміздегі «ғаламдық» ұғымы теориялық және практикалық дәстүрімізде бұрынан бар интернационалдық, әлемдік және планетарлық бұқаралық коммуникация құралдары деген түсінікті ығыстырып шығарды. Коммуникация тарихы – бұл жаңа техникалық байланыс құралдарының, оның ішінде спутниктік байланыс құралдарының, ақпаратты жолдау арналарының, ғаламдық ақпараттық желілерінің, трансұлттық мультимедиалық құрылымдарының даму тарихы.
Осы кезеңге дейін белгілі бір дәрежеде шектеулі ақпараттық шеңберде өмір сүріп, өзгелерден саяси, тілдік, мәдени, идеологиялық, әлеуметтік әрі психологиялық тұрғыдан да, техникалық-коммуникациялық және басқа да тұсаулармен тұйықталған ұлттар мен халықтар жаңа дәуірдің жаңа ғылыми жетістіктерімен танысып, сана көкжиегін кеңейте бастады. Адамзат тарихында тұңғыш рет тек бір аймақтық шеңберде ғана емес, жалпы планетарлық коммуникатиівті-қызмет жүйелері қалыптастырудың мүмкіндігі пайда болды. Прогресс пен технология арқасында адамзаттың таным көк-жиегі кеңейе түсті. Жаһандық бұқаралық ақпарат құралдарының пайда болуы қазіргі мәдениет сипатын ғана емес, сонымен қабат реалдылық сипатын да анықтап берді, тіпті реалдылықтың орнын виртуалдылық басып ала бастады.
Ғаламдық коммуникациялық кеңістік әлемдегі философияның, әлеуметтанудың, психологияның мәдениеттанудың, журналистиканың және техникалық ғылымдардың өрістеуімен, ілгерілеуімен тығыз байланысты. Жаңа коммуникациялық жүйелердің пәрменді ықпалы нәтижесінде «реалды виртуалдылық» мәдениеті дүниеге келді. Виртуалды әлем билігі адамзат санасының типін, рухани әлемін, құндылықтар мен әлеуметтік қарым-қатынас жүйелерін өзгерте бастады. Виртуалды дизайн адамның психофизиологиялық жүйесін қайта құруға ден қойып, ақпаратты бивербалды сипатта алуға дағдыландыруда, ой-санасы мен коммуникациясын логикалық конструкцияға емес, энергетикалық кванттарға, визуалды образ-бейнелерге бейімдеуде. Сайып келгенде, ақпарат көлемінің, оның таралу жылдамдығының күрт арта түсуі адамның социумға, басқару құрылымдарына қарайлата бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |