13. Глицерин өнеркәсіптік синтезінің технологиялық кезеңдері


Фуросемид өндірісінің технологиялық кезеңдерін сипаттаңыз



бет2/5
Дата17.07.2023
өлшемі1,09 Mb.
#104437
1   2   3   4   5
Байланысты:
13-18

14. Фуросемид өндірісінің технологиялық кезеңдерін сипаттаңыз.
Фуросемид-сульфаниламидтер тобынан жоғары белсенді диуретикалық, натрийуретикалық және хлоруретикалық зат. Ақ кремді реңді кристалды ұнтақ иіссіз.
Өнеркәсіпте дихлорбензой қышқылын хлорсульфирдеу және кейіннен хлорлардың бірін фурфуриламинмен алмастыру арқылы алынады:


Шикізат, аралық заттар, материалдар

Кезеңдер

Сапа бақылау нүктелері

Дихлорбензой қышқылы, фурфуриламин, NH3, ClSO3H

1 Кезең.
Шикізат дайындау.
-Салмақ өлшеу (таразы)

Шикізат тазалығы:
Фармакопеялық талдау (ФТ)
Дихлорбензой қышқылы, Cl2, фурфуриламин, NH3, ClSO3H

Дихлорбензой қышқылы, NH3, ClSO3H

2. Кезең. Дихлорбензой қышқылын хлорсульфирдеу.
-Араластырғыш реактор



- температура 0 градус
- Шикізат беру жылдамдығы
- ФТ бензолсульфон қышқылы

Бензолсульфон қышқылы, фурфуриламин

3. Бензолсульфон қышқыл хлорлардың бірін фурфуриламинмен алмастыру.
- Реактор

-температура 130 градус
- ФТ Фуросемид

Фуросемид

4. Фильтрация, кристаллизация

- ФТ Фуросемид

Фуросемид

5. Кептіру
-Кептіру шкафы

- Сыртқы түрі, массасы

Фуросемид

6. Майдалау
- Елеуіш

-Бөлшек мөлшері

Фуросемид

7. Таблеткалау
- Роторлық машина

-Сыртқы түрі

Фуросемид

8. Орау, таңбалау
-таңбалау үшін құрал

- Сыртқы түрі


15. Сірке қышқылынан глицинді өнеркәсіптік синтездеуде қолданылатын әдістер.
Глицин-қарапайым алифатты амин қышқылы, оптикалық изомерлері жоқ жалғыз амин қышқылы. Атауы «гликис» грек тілінен тәтті дегенді білдіреді— бұл амин қышқылының тәтті дәміне байланысты. Медицинада ноотропты дәрі ретінде қолданылады.
Өнеркәсіптік тәжірибеде гексаметилентетраминнің қатысуымен сулы ерітіндіде аммонолиз монохлорацет қышқылын (МХАҚ) алу әдісі кең таралған:
CH3COOH + Cl2 + (катализатор) → CH2ClCOOH + HCl;
CH2ClCOOH + 2NH3 → NH2 —CH2COOH + NH4Cl
Осы әдіс кезеңдер:
1.Шикізаттарды дайындау. Аммонолиз температурасында кемінде 0,5 сағат қыздырғанда МХАҚ пен гексаметилентетраминнің метанол ерітіндісін алдын ала дайындау. Салмағын өлшеу. Фармакопеядық талдау жүргізу.
2. Сірке қышқылы мен хлорды реакторда катализатор қатысында әрекеттестіріп, монохлорацет қышқылын (МХАҚ) алу.
3. МХАҚ аммонолизінің реакциясы гексаметилентетраминнің қатысуымен 10% су бар метанол ортасында аммиак газымен жүреді, ал аммиак газың осы ертіндіге барбитурайды.
90% Сулы метанолда гексаметилентетраминді ерітеді, содан кейін МХАҚ араластырып, оны 55-60оС-та кемінде 0,5 сағат бойы қыздырады. Алынған қоспада 60-70 ° c-та 1,5-2 сағат ішінде аммиакті барбитурайды.
4. Реакция нәтижесінде пайда болған глицин NH4Cl қоспасында ұсақ кристалды тұнба түрінде түседі, ол реакциялық қоспаны 20 ° C-қа дейін салқындағаннан кейін центрифугалау арқылы бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет