13. Глицерин өнеркәсіптік синтезінің технологиялық кезеңдері


Хош иісті сульфон қышқылдарының туындысы - стрептоцидті алудың өндірістік әдісі



бет4/5
Дата17.07.2023
өлшемі1,09 Mb.
#104437
1   2   3   4   5
Байланысты:
13-18

17. Хош иісті сульфон қышқылдарының туындысы - стрептоцидті алудың өндірістік әдісі.
Стрептоцид – ақ кристалданған ұнтақ, иісі жоқ, дәмі ащы болып келеді. Стрептоцид формуласы-C6H8N2O2S. Жалпы стрептоцид суда, этанолда, метанолда, эфирде және ацетонда аз ериді, бірақ қайнаған суда, глицеринде, тұз қышқылында (HCl), натрий гидроксидінде және калий гидроксиді ерітіндісінде , хлороформда ерімейді.
Стрептоцид (яғни,сульфаниламид) құрылымы жағынан р-аминобензой қышқылына ұқсас болып келеді және де органикалық күкірт қосылысы болып табылады және бактерия жасушаларында фолий қышқылының синтезін тежейтін, нәтижесінде жасуша өліміне әкелетін бактерияға қарсы қасиетке ие болып табылады.
Стрептоцидтің алыну жолы:

Сульфаниламид (стрептоцид) алу үшін алынған пара-карбометоксиаминобензолсульфохлоридтен фенилметилуретанды хлорсульфирлейді, амидтеу арқылы пара-уретиланбензолсульфамид алынады, ол натрий гидроксидінің сулы ерітіндісінде жуылады.
1. Шикізатты дайындау кезеңі. Барлығы өлшенеді және фармакопеялық талдау жасалады.
2.Фенилметилуретанды хлорлау арқылы пара-карбометоксиаминобензолсульфохлорид алу кезеңі. Хлорсульфон қышқылы реакторға тиеледі және 10±5°С температураға дейін салқындатылады. Реакциялық масса (45±5)°С температураға дейін қыздырылады және (1-2) сағат бойы араластыру кезінде ұсталады. Реакция аяқталғаннан кейін температура 20С градусқа дейін салқындатылады. Алынған аралық өнім фармакопеялық талдаудан өтеді.
3.Пара-карбометоксиаминобензолсульфохлоридін амидтау арқылы пара-уретиланбензолсульфамид алу сатысы (пара-уретиланбензолсульфохлорид, сульфохлорид суспензиясы).
Реакторға аммиак және сульфохлорид тиеледі және араластыру және (25±10)°С температурада (20-40) минут бойы реакция өтеді. Алынған пара-уретиланбензолсульфамид фармакопеялық талдаудан өтеді.
5.Натрий гидроксидінің сулы ерітіндісінде пара-уретиланбензолсульфамидін сабындау арқылы сульфаниламид (стрептоцид) синтезінің сатысы.
Сабындау процесі үнемі араластыра отырып, 300 кПа (4,5-5,5) сағат бойы жоғары емес қысым кезінде жүргізіледі. Ұстау аяқталғаннан кейін реакциялық масса (80±10)°С температураға дейін салқындатылады, Стрептоцид ФТ өтеді.
6.Стрептоцид друк сүзгісі арқылы кристаллизаторға өтеді. Кристаллизаторда ол (15±5)°C температураға дейін салқындатылады, содан кейін ол Центрифугаға ауысады және сығылады.Сульфаниламид (стрептоцид) (105±15)°С температурада кептіріледі. ФТ өтеді.
7.Стрептоцид ұсақталып, електен өтеді . Әрі қарай, ол айналмалы машинада таблеткаға түседі.
8. Таңбалау және буып-түю. Сыртқы түрі тексеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет