«№13 жалпы орта білм беру мектебі» мемлекеттік мекемесі



Дата13.10.2024
өлшемі43 Kb.
#147954
Байланысты:
art 972


«№ 13 жалпы орта білм беру мектебі» мемлекеттік мекемесі


Өлең сайысы
«Ана тілім ардағым »
1-4 сыныптар аралығында

Павлодар, 2008 г.


Мақсаты: Оқушылардың қазақ өлеңдеріне деген
қызығушылықтарын арттыру.
Қазақ тілі апталығы



  • Сәлеметсіздерме, құрметті оқушылар, мұғалімдер.

1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы қабылданды. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» -деді Н.Ә. Назарбаев.
Сондықтан бүгін біз «Ана тілім ардағым» тақырыбына байланысты өлең сайысын ашық деп жариялаймыз.
Сахнаға 2-А сынып оқушыларын шақырамыз:
Ана тілін
Ана тілін білмеген
Ақылы жоқ желікбас
Ана тілін сүймеген
Халқын сүйіп жарытпас (Б. Сарноғаев)

«Ана тілін сүйеміз»


Мейрімі мол балаға,
Барлық, барлық анаға,
Басымызды иеміз,
Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Ана тілін,
Ана тілін,
Ана тілін сүйеміз.
(Ш. Сариев)
Сахнаға 2-Б сынып оқушыларын шақырайық
Тіл туралы асыл сөз

Асыл сөзді іздесең,


Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көзесең,
Жад тоқып ал көңілге.
(С. Торайғыров)

Ана тілін сүймеген,


Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген
Халқын сүйіп жарытпас.
(Б. Сарноғаев)

Су түбінде асыл тас,


Жел толқытса шығады.
Ой түбінде асыл сөз,
Шер толқытса шығады
(Асан Қайғы )
Сахнаға 3-А сыныбын шақырамыз.

  1. «Ана –тілім»

Ана тілім –ұраным,
Ана тілім- құралым.
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым.
Ана тілім –елдігім
Ана тілім –ерлігім,
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.
(С. Кәттебайұлы)

Ана тілін сүйеміз


Мейрімі мол балаға
Барлық, барлық анаға,
Басымызды иеміз,
Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Ана тілін,
Ана тілін,
Ана тілін сүйеміз.


Сахнаға 4- А сыныбын шақырайық
«Ана тілі»
Ақыл -ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
Өсірген ой, білімді
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.
(Ә. Табылдиев )
Ана тілім – ардағым

Сүйемін туған тілді –анам тілін,


Бесікте жатқанымда –ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен, құлыным, жаным деген.
Сол тілменен бірінші білгізілген
«Апа» деген сүйген едік сөз әнменен.
Қылжақтап алып қашып құрбы бөркін,
Сол тілменен ойнадым далада еркін,
Сол тілменен бірінші сыртқа шыққан
Өмірден, ен даладан ұққан көркім.
Сол тілменен білгіздім тілегімді.
Маған қарай тығылып: «жаным» деген,
Мойнына апарғанда білегімді.
Сол тілменен үйрендім нәрсе аттарын,
Сол тілменен ұғымды, әдетті мен жаттадым.
Ең бірінші сол тілменен сыртқа шықты
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.
(С. Торайғыров)

Ана тілің –арың бұл,


Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Ана тілің, біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің, біліп қой,
Мақтанышың елдігің.
(Қ. Мырзалиев)


Өз Астанам -өз Ордам

Жаса, жаңа Астанам,


Өркен жая бастаған!
Болашақтың есігін
Өз қолыңмен аш маған!
Асқақтай бер, Астанам,
Берекеге бастаған!
Болашақтың есігін
Өз қолыңмен аш маған!
Сахнаға 4-Б сынып оқушыларын шақырамыз

Ана тілің – арың бұл,


Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл, -
Өз тіліңді құрметте! (Қ. Мырзалиев)
Ана тілін білмеген –
Ақылы жоқ желікбас
Ана тілін сүймеген –
Халқын сүйп жарытпас. (Б. Сарноғаев)

Сүйемін туған тілді –анам тілін,


Бесікте жатқанымда –ақ берген білім,
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім...
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным. (С.Торайғыров)
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылады сыр ойдағы.
Өссе тілім , мен де бірге өһсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін (Ә. Тәжібаев)

Осы сайыстың қорытындысын аптаның аяғында хабарлаймыз.


Жауаптылар: Садымова З.А.
Байқуанышева Д.Б.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет