Үгілген борпылдақ тау жыныстарын тасымалдау арқылы жер бедерін өзгертуде желдің маңызы зор Ағын су да жер бетін тілімдеп, жыралар, сайлар жасайды. Өзімен көптеген тау жыныстарын тасымалдайды. Эрозия (лат. еrosіo – мүжілу), геологияда – тау жыныстары мен топырақ бетін аққан судың шаюы. Шайылу және ұсақ түйірлердің тасымалдану қарқыны тау жыныстарының қаттылығына, топырақ қабаттарының жатыс бағытына, су ағынының жылдамдығына және мүжілу нәтижесінде пайда болған массаның ірілі-ұсақтығына байланысты. Эрозиялық құбылыстың дамуына сол жердің топырақ-өсімдік жамылғысы және геол. құрылысы да әсер етеді. Эрозия – жер бедерін қалыптастырушы факторлардың бірі.
Сел (арабша сайль — жойқын тасқын) — таулы аудандарда мұздықтардың, қардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің арнасынан асып тасуынан пайда болатын табиғаттың жойқын құбылысы.
Мұздықтар биік тау басындағы тау жыныстарының үгілуі мен тасымалдануына себепші болады. Мұздықпен өңделген тау жоталары үшкір шыңды, беткейлері тік болып келеді
Жерасты суларының әрекеті – суда тез еритін әктас, ас тұзы, гипс сияқты жыныстар тараған аудандарда болады. Бұл жыныстарды су еріте отырып, бос кеңістіктерді – кеуектерді қалыптастырады, кеуектер ойылып, орнына үңгірлер пайда болады.
Шарын шатқалы
Сел тасқыны
Қорытынды
Барлық әрекеттердің қозғаушы күші күн сәулесінің түсу мөлшері мен соған сәйкес климаттағы өзгерістер. Мәселен, таулардың биіктеуі бәсеңдесе немесе қарқындығы артса, сыртқы күш әрекетінің де жүру сипаты мен жылдамдығы өзгереді. Демек, қазіргі жер бедерінің қалыптасуы – ішкі және сыртқы күштердің ұзақ геологиялық уақыт аралығында өзара әрекетінің нәтижесі болып табылады.