Тектоника ғылымы жер қыртысында тоқтаусыз жүріп жатқан қозғалыстарды зерттейді.
Эндогендік процестер
– Жердің ішкі энергиясына, ауырлық күшіне және Жер айналған кезде пайда болатын күштерге байланысты оның қойнауында жүретін геологиялық процестер. Эндогендік процестерге радиоактивті заттардың ыдырауы, әр түрлі химиялық реакциялар және жер қыртысының астындағы массалардың өзгеруі және т.б. жатады. Эндогендік процестер тектоникалық қозғалыстар (жер қыртысының баяу көтерілуі мен төмендеуі, қатпарлану, бедердің ірі элементтерінің пайда болуы, жер сілкіну), вулканизм процестері (магманың көтерілуі, бедердін жанартаулық пішіндерінің құрылуы мен жанартаулардың атқылауы), тау жыныстарының метаморфизмі және пайдалы қазбалар кенорындарының қалыптасуы түрінде көрініс береді. Эндогендік процестер жер бетінің морфоқұрылымына себепші болады және экзогендік процестермен бірге Жер бедерінің қалыптасуына қатысады.
Экзогендік процестер
сыртқы процестер – Күнэнергиясы мен Жердің өзіне тарту (гравитация) күшіне негізделген геологиялық процестер жиынтығы. Экзогендік процестерге атмосферагаздарының, жел, жауын-шашынның, организмдерінің әрекеттерінен туатын, бір-бірімен тығыз байланысты физика-химиялық, физика-механикалық т.б. процестер жатады. Жер бетінің әр бөлігінде Экзогендік процестердің белгілі тобы құрлықта физика және химия үгілу басым келеді. Экзогендік процестер әсерінен барлық түпкі тау жыныстарының минералдары мүжіліп үгіледі, әр түрлі жылдамдықпен ыдырайды, үгілген материал бастапқы орнынан жылжып көшеді, жаңа орынға келіп жиналады.
Ішкі күштер
Жердің ішкі қойнауындағы жылу, химиялық, радиоактивті энергия әсерінен жер қыртысында Тау түзілу Тербелмелі қозғалыстар
Геохронологиялық кесте бойынша Қазақстандағы тау жасалулар