апелляциялық сатыдағы сот істе бар дәлелдемелерді, сондай-ақ тараптар ұсынған жаңа дәлелдемелерді зерттей отырып, бірінші сатыдағы соттың олқылықтарын іс жүзінде толықтыратыны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Кассациялық сатыдағы сот қолда бар материалдар бойынша сот актілерінің заңдылығын тексереді.
Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының Сот актілері кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
ҚР АПК 434 бабына сәйкес сот актiлері кассациялық тәртiппен қайта қарауға жатпайды келесі жағдайларда:
1) осы Кодекстің 12 және 13 тарауларында көзделген оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған;
2) татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған;
3) талап қою сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен кем болған кезде жеке тұлғалардың және талап қою сомасы отыз мың айлық есептік көрсеткіштен кем болған кезде заңды тұлғалардың мүліктік мүдделеріне байланысты;
4) талап қоюдан бас тартуға байланысты аяқталған істер бойынша;
5) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы, сондай-ақ оңалту рәсімі және банкроттық рәсімі шеңберінде туындайтын даулар жөніндегі істер, оның ішінде борышкер жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының талап қоюлары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істер бойынша.
Әдебиет:
1 ҚР Азаматтық Процестік Кодексі 2015 жылы 31 қазанда қабылданған (21 қаңтар 2019 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) // http://online.zakon.kz
2 Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне түсініктеме. - Астана: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Кітапханасы, 2016. – 808 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |