Жарақаттанулар кезінде шұғыл ерекше иммундау кестесі
р/с
№
Иммундық мәртебесі
Құрамында АКДС бар
вакцина,
АДС-М
СҚАИ немесе СҚС
Кейінгі егулер
1 Толық алғашқы кешен (3
және одан көп доза).
Соңғы егуден кейін 10
жыл немесе одан көп
уақыт өткенде енгізеді
(көлемді жарақаттарда,
ластанған жарақаттарда,
үсіктерде, күйіктерде,
жарақаттарда – 5 жыл
және одан да көп уақыт)
Ластанған жарақаттарда,
үсіктерде, күйіктерде,
жарақаттарда соңғы
егуден кейін 5 жыл
және одан да көп уақыт
өткенде енгізеді
Егулер күнтізбесіне сәйкес
жоспарлы егулер
2 Ішінара вакцинациялау
(кемінде 3 доза).
Егер соңғы егуден 1
ай және одан да астам
уақыт өткен болса,
енгізіледі
Жарақат ластанған
жағдайда
препараттардың біреуі
енгізіледі
Вакцинациялау циклінде
кезекті егу алады және
кейіннен аумақтық
медициналық ұйымда
егудің алғашқы кешенін
аяқтауы тиіс (кемінде
3 доза).
Препаратты таңдау
егілуші адамның жасына
байланысты.
3 Егілмеген немесе егу
мәртебесі белгісіз
Жасына байланы-
сты таңдап алынатын
сіреспеге қарсы препа-
рат енгізіледі
Препараттардың біреуі
енгізіледі
Кейіннен аумақтық
медициналық ұйымда
иммундаудың толық кур-
сы жүргізіледі (бірінші
енгізілген дозаны есеп-
ке ала отырып, кемінде
3 доза)
4 Медициналық ұйымнан
тыс жаңа туған
нәрестелер және
жарақат алған кемінде 2
ай жасындағы балалар
Енгізілмейді
Егер анасы егілмесе,
ішінара егілген не-
месе егілу мәртебесі
белгісіз болса, балаға
препараттардың біреуі
енгізіледі. Анасы толық
егілген болса, препарат
енгізілмейді
Егулер күнтізбесіне сәйкес
жоспарлы егу
5 2 айдан асқан жастағы
егілмеген балалар
Егулер күнтізбесіне
сәйкес құрамында АКДС
бар вакцинаны енгізеді
Препараттардың біреуі
енгізіледі
Егулер күнтізбесіне сәйкес
жоспарлы егу
6 Әйелдер (аурухана-
дан тыс босануда не-
месе түсікте), егер
олар егілмеген немесе
егулері туралы деректері
болмаған жағдайда
АДС-М енгізеді
Препараттардың біреуі
енгізіледі
Екінші вакцинация 1 ай
аралығында, 6 айдан соң
– АДС-М-мен ревакци-
нация, одан әрі әрбір 10
жылда – бір рет ревак-
цинация
7 Әйелдер (ауруханадан
тыс босануда немесе
түсікте), егер олар бұрын
ішінара егілген жағдайда
(3 дозадан кем)
Егер соңғы егуден кейін 1
айдан астам уақыт өткен
болса, АДС-М енгізеді
Ластанған жағдайда
енгізеді
Егулер күнтізбесіне сәйкес
әрбір 10 жылда – АДС-М-
мен бір рет ревакцинация
8 Бұрын толық алғашқы
кешенді алған әйелдер
(ауруханадан тыс бо-
сануда немесе түсікте)
(3 және одан да астам
доза)
Соңғы егуден кейін 10
жыл немесе одан да
астам уақыт өткенде
АДС-М енгізеді
(ластанған жарақат алу
кезінде – 5 жыл және
одан астам уақыт)
Соңғы егуден кейін 10
жыл немесе одан да
астам уақыт өткенде
енгізеді (ластанған
жарақат алу кезінде – 5
жыл және одан астам
уақыт)
Егулер күнтізбесіне сәйкес
әрбір 10 жылда – АДС-М-
мен бір рет ревакцинация
Ескертпе:
Сіреспеге қарсы препарат жасына байланысты таңдап алынады.
Препаратты əрбір енгізу алдында препаратқа қоса берілген нұсқаулықпен мұқият танысу жəне оны қатаң
сақтау керек.
СҚАИ препаратының дозасы мына жағдайларда екі еселенеді:
жыртылған немесе жұқпалы жарақаттар;
СҚАИ кешіктіріп енгізу (жарақаттанудан кейін 24 сағат өткенде);
орташадан едəуір жоғары салмағы бар ересектерде.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2015 жылғы 28 сəуірдегі Нормативтік
құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10827 болып енгізілді.
(Соңы. Басы 15-бетте)
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы
2015 жылғы 17 наурыз №216 Астана қаласы
Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы
Кодексінің 62-1-бабының 11-тармағына сəйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті
заңнамада белгіленген тəртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында
жəне «Əділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында ор-
наластырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика
вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Е.ДОСАЕВ
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі
_____________Т.Дүйсенова
2015 жылғы 2 сəуір
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 17 наурыздағы №216 бұйрығымен бекітілген
Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қағидалары (бұдан əрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы
жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан
əрі – Кодекс) 62-1-бабының 11-тармағына сəйкес əзірленген жəне жеке жəне заңды тұлғалардың санитариялық-
эпидемиологиялық аудит жүргізу тəртібін айқындайды.
2. Санитариялық-эпидемиологиялық аудитке санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер
жатады.
3. Осы қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
1) аудитор – санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
2) аудиторлық шарт – өтініш беруші мен аудитордың арасында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне
сəйкес жасалатын санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге арналған шарт;
3) аудиторлық есеп – жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит нəтижелері бойынша жасалатын
жазбаша ресми құжат;
4) аудиторлық ұйым – санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру үшін
құрылған заңды тұлға (коммерциялық ұйым);
5) аудиттелетін субъект – санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізілетін заңды тұлға, заңды тұлғаның
атынан əрекет ететін оның филиалдары жəне (немесе) өкілдікте рі, дара кəсіпкер;
6) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жəне қадағалау объектілері – Кодексті ң 21-бабы
3-тармағына сəйкес эпидемиялық маңызы бар объектілер;
7) санитариялық-эпидемиологиялық аудит – мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын
эпидемиялық маңызы бар объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық тəуекелдерді анықтау мен бағалау жəне
көрсетілген объектілерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік
құқықтық актілердің талаптарына сəйкес келтіру жөнінде ұсынымдар əзірлеу тұрғысынан тексеру.
2. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит
4. Санитариялық-эпидемиологиялық аудитті Кодекстің 62-1-бабының ережелері мен осы Қағидаларға сəйкес
аудиторлық шартта көзделген санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің нақты міндеттерін, мерзімдерін жəне
көлемдерін ескере отырып, аудиттелетін субъектінің өтініші бойынша аудитор немесе аудиторлық ұйым жүргізеді.
5. Аудитор, аудиторлық ұйым жəне аудиттелетін субъектінің арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан
Республикасының азаматтық заңнамасына сəйкес санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге арналған
шарттың негізінде туындайды.
6. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызмет басталғанға дейін аудиторлар мен ауди торлық
ұйымдар «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңын да
белгіленген тəртіппен рұқсаттар жəне хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы халықтың санита-
риялық-эпиде миологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомоствосын бұл туралы хабардар етеді.
7. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу үшін аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар Кодекстің
62-1-бабының 4-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сəйкес келуі тиіс.
8. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу үшін аудиттелетін субьект қаржыландыруды қамтамасыз
етеді жəне аудиторға (аудиторлық ұйымға) мынадай құжаттарды ұсынады:
1) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге өтініш;
2) санитариялық-эпидемиологиялық аудитке жататын обьектіге қатысты материалдар (соңғы жылғы
санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актілері (олар болмаған жағдайда соңғы тексеру актісі), халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның басшысы бекіткен
эпидемиялық маңызды обьектінің тəуекел дəрежесін анықтау нысаны, объектінің санитариялық қағидалардың
талаптарына сəйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды);
3) шаруашылық жүргізуші субъектінің менеджмент жүйесі бойынша құжаттамасы болған кезде, санитариялық-
эпидемиологиялық аудит бойынша алдыңғы қорытындылары;
4) аудиторлық шартта көзделген объектіні бағалау үшін қажетті өзге де материалдар.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы
2015 жылғы 18 наурыз №221 Астана қаласы
Салыстырмалы талдау əдісін қолдана отырып
тарифтерді есептеу əдістемесін бекіту туралы
«Табиғи монополиялар жəне реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы
Заңының 12-1-бабы 2) тармақшас ына жəне 15-2- бабының 1-тармағына сəйкес бұйырамын:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сəйкес Салыстырмалы талдау əдісін қолдана отырып тарифтерді есептеу
əдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу жəне бəсекелестікті
қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін күнтізбелік он күн ішінде «Əділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде
жəне мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республика сы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналасты-
руды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне
жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е.ДОСАЕВ
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
______________ В.Школьник
2015 жылғы «____» ____________
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 18 наурыздағы №221 бұйрығымен бекітілген
Салыстырмалы талдау əдісін қолдана отырып тарифтерді есептеу əдістемесі
Əдістемеге сəйкес тиімділіктің белгілі бір өлшеміне
түзетілген, тарифте шығындарды ескеру арқылы
қызмет тиімділігін арттыру бойынша міндетті белгілеуді;
3) өңірлік электр желілік компаниялардың
тарифінде амортизациялы қ аударымдар мен пайда-
ны қоса инвестициялық құрамдасты есептеуді көздейді.
2. Өңірлік электр желілік компаниялардың
жұмыс істеу тиімділігін салыстырмалы талдау
үшін көрсеткіштерді таңдау
5. Өңірлік электр желілік компаниялар ұсынған
ақпараттан өңірлік электр желілік компаниялардың
жұмыс істеу тиімділігіне салыстырмалы талдау жүргізу
үшін көрсеткіштерді: нəтижелілік жəне факторлық
белгілерді таңдау жүзеге асырылады.
Салыстырмалы талдау кейінгі төрт жəне одан
астам жылдары тарифті бірінші жылы бекіткенде салы-
стырмалы талдау жүргізу кезінде пайдаланылған сол
факторлық белгілердің негізінде жүргізіледі. Факторлық
белгілердің мəндері негіздеуші материалдармен
расталған алдыңғы күнтізбелік жылдағы ө ндірістік
жəне қаржылық көрсеткіштері туралы ақпараттың
негізінде анықталады.
6. Əрбір өңірлік электр желілік компанияның нəти-
желілік белгісі оның қызметінің тиімділігін тікелей
көрсетеді жəне барлық өңірлік электр желілік компания-
лардың қызметтерінің өткен талданатын кезең үшін
жиынтық тиімділігінің нəтижелерге ықпал ету шама-
сын жанама көрсетеді жəне келесі жылдарға тарифті
түзету үшін қолданылады. Салыстырмалы талдау дың
нəтижелілік белгісі (шығу факторы) электр энергиясын
беру жəне тарату қызметтерін көрсетуге арналған
(өңірлік электр желілік компаниялардың бақылан-
байтын шығындары мен амортизацияны қоспағанда)
алдыңғы күнтізбел ік жылдағы өңірлік электр желілік
компаниялардың нақты шығындары болып табылады.
7. Өңірлік электр желілік компаниялардың тиімді
жұмыс істеуіне салыстырмалы талдаудың факторлық
белгілері (кіру деректері) нəтижелілік белгінің (шығу
деректері) шамасына жəне ресурстарды пайдаланудың
нəтижелілігінің дең гейіне елеулі əсер ететін белгілер
болып табылады. Факторлық белгілер ретінде мына
көрсеткіштер пайдаланылады:
1) қызмет көрсету аумағының алаңы;
2) қосылған тұтынушылар (абоненттер) саны;
3) электр берілісі желілерінің жалпы ұзындығы;
4) күштік трансформаторлар саны;
5) күштік трансформаторлардың жалпы қуаты;
6) электр желілеріндегі жыл бойы тіркелген ең
көп жүктеме;
7) өткен күнтізбелік жыл ішінде электр желілеріндегі
электр энергиясының нақты ысыраптары;
8) күнтізбелік жыл ішінде электр энергиясын
беру көлемі.
3. Өңірлік электр желілік компаниялардың
жұмыс істеу тиімділігін салыстырмалы талдау
8. Салыстырмалы талдауды жүргізу үшін өңірлік
электр желілік компаниялар тобының нəтижелілік
белгілерінің жиынтығы мынадай түрде беріледі:
Y
i
= y
1
, y
2
, …, y
n
(1),
мұндағы:
і = 1, 2,.7.., n – топтағы өңірлік электр желілік
компаниялардың саны;
y
1
, y
2
, …, y
n
– бақыланбайтын шығындар мен амор-
тизацияны шегере отырып, күнтізбелі к жыл ішінде
қызметтер көрсетуге жұмсалған өңірлік электр желілік
компаниялардың нақты шығындары (тиімділік белгісі).
9. Салыстырмалы талдауды жүргізуге арналған
өңірлік электр желілік компаниялар тобының факторлық
белгілерінің жиынтығы мəндер матрицасы түрінде
беріледі:
(2),
мұндағы:
і = 1, 2,.., n – топтардағы өңірлік электр желілік
компаниялардың саны;
m – салыстырмалы талдауда пай дал анылатын
факторлық белгілерді бірдейлендіргіш;
x
mi
– өңірлік электр желілік компаниялардың
і-бойынша m факторлық белгісінің мəні.
10. өңірлік электр желілік компаниялардың
жұмыс істеуінің тиімділігін салыстырмалы талдау
өңірлік электр желілік компаниялардың тобы бойын-
ша регрессиялық тəуелділікті құру жолымен жүзеге
асырылады.
Барлық өңірлік электр желілік компаниялар бір
топқа құрылады.
11. Регрессиялық талдауды жүргізу Ү нəтижелілік
белгісі мен Х
m
факторлық белгілер жиынтығы
арасындағы талдамалық тəуелділікті алудан тұрады:
Y = a
0
+ a
1
X
1
+ a
2
X
2
+ … + a
m
X
m
(3),
мұндағы:
m – салыстырмалы талдауда пайдаланыл атын
факторлық белгілердің бірдейлендіргіші;
а
0
, а
1
, а
2
, а
m
- Х
m
факторлық белгісінің əрбірімен Ү
нəтижелілік белгісінің байланысын анықтайтын регрес-
сия коэффициенті.
12. Регрессиялық талдау мынадай тəртіппен
жүргізіледі:
1) Регрессия теңдеуінің коэффициенттерін
теңдеулер жүйесін шешу жолымен алу:
(4);
2) Регрессияның алынған тең деуінің статистикалық
анықтығы мен коэффициенттер мəнділігін тексеру;
Регрессиялық талдауды жүргізу үшін МS Excel
«Талдау пакеті» баптауының «Регрессия» режимі
пайдаланылады.
13. Мыналар регрессиялық талдау нəтижесі бо-
лып табылады:
1) əрбір өңірлік электр желілік компаниялар
үшін: Х салыстырмалы талдаудың факторлық
белгілері мен Ү нəтижелілік белгісінің мəндері
арасындағы сəйкес регрессиялық тəуелділіктің
болжанған нəтижелілік белгісінің мəні (y
1
нəт
, y
2
нəт
, …,
y
n
нəт
) - регрессиялық тəуелділікке кірмеген Ү нəтижелілік
белгісінің қалдықтарының мəндері y
1
қалд
, y
2
қалд
, …, y
n
қалд
.
у
i
= y
i
нəт
∙у
і
қалд
(5);
2) əрбір факторлық белгі үшін: регрессия
коэффициенттерінің мəні (а
0
, а
1
, а
2
, …, а
m
), регрессия
коэффициенттерінің стандартты қателіктері (σ
a0
, σ
a1
, σ
a2
,
…, σ
am
) жəне регрессия коэффициенттерінің мəнділігін
сипаттайтын t-критерийдің мəнділік деңгейінің
Р-мəндері (p
0
, p
1
, p
2
, …, p
m
).
р
m
= Стьюдент
таратуы (tai)
(6),
мұндағы:
(7);
3) регрессия сапасын (нақтылығын) сипаттай-
тын жəне мына формула бойынша анықталатын R
2
көрсеткіші:
(8),
мұндағы:
σ – мына формула бойынша есептелетін, негізі,
сол сияқты қалдық факторлардың əсерін бейнелейтін
Ү нəтижелілік белгісінің жалпы дисперсиясы:
(9),
мұндағы: у
ср
– Ү нəтижелілік белгісінің орташа мəні:
σ
ф
– мына формула бойынша есептелетін, тек
негізі факторлардың əсерін бейнелейтін Ү нəтижелілік
белгісінің факторлық дисперсиясы:
(10)
σ
о
– м ына формула бойынша есептелетін, тек
қалдық факторларға əсерін бейнелейтін Ү нəтижелілік
белгісінің қалдық дисперсиясы:
(11);
4) R
2
статистикалық мəнділігін тексеру жолымен
регрессияның алынған теңдеуінің барабарлығын
анықтайтын Фишердің F-критерийінің Мəнділік
деңгейінің мəні.
14. Регрессия теңдеуінің статистикалық анықтығын
жəне регрессия теңдеуінің коэффициентінің мəнділігін
тексеру.
1) Егер Ү операциялық шығындарының кемінде 85%
вариациясы X факторлық белгілерінің вариациясымен
түсіндірілсе, Ү нəтижелілік белгісі жəне белгіленген
X факторлық белгілерінің арасындағы регрессиялық
тəуелділік анық деп қабылданады. Əлемдік практикада
қабылданған ережелерге сəйкес регрессияның анықтық
көрсеткішінің R
2
мəні 0,85-тен кем болмауға тиіс.
R
2
≥ 0,85 (12);
2) егер F – критерийінің мəнділігі мəнділік (дəлдік)
деңгейінен 10%-ға аспаса, Ү нəтижелілік белгісінің
болжалған мəнінің деңгейін түсіндіретін X салысты-
ру талдауының факторлық мəндерін таңдау дұрыс
деп саналады.
F мəнділігі < 0,1 (13)
F мəнділігі = Фишердің таратуы (F) (14)
мұндағы:
(15);
3) а
0
, а
1
, а
2
,..., а
m
регрессиясының коэффициенттері
егер:
- регрессия коэффициентінің стандартты қате-
ліктерінің мəндері (σ
a0
, σ
a1
, σ
a2
, …, σ
am
) регрессия ның
өз коэффициенттерінің тиісті мəндерінен кем болса
(а
0
, а
1
, а
2
,..., а
m
);
σ
a0
, σ
a1
, σ
a2
, …, σ
am
< а
0
, а
1
, а
2
,..., а
m
(16)
- t-критерийінің мəнділік деңгейлерінің Р-мəні (р
0
, p
1
,
р
2
, …, p
m
) мəнділік деңгейінен 20% кем болса объективті
(мəнді) деп қабылданады
р
0
, p
1
, р
2
, …, p
m
< 0,2
(17).
15. Егер X факторлық белгілерінің жиынтығы
статистикалық мəнді регрессиялық үлгіні алуға
мүмкіндік бермесе, тиімділік белгісіне қатынасы бой-
ынша фактор лық белгінің түрлі жинағымен бірнеше
регрессиялық үлгі құрылады.
16. Тарифтерді есептеу үшін ынталандырушы
ықпал жасау (бұдан əрі - X-факторының коэффициенті)
жыл сайын анықталады, ол R2 алынған анықтық
коэффициенттерін ескеріп əрбір желілік компанияның
тиімділік белгісі қалдығының мəніне регрессиялық
үлгі құру жолымен алынған болжалған тиімділік белгі
мəндерінің арақатынасынан 20%-ды құрайды.
(18),
мұндағы:
y
i
нəт
– X салыстыру талдауының факторлық белгілері
мен Ү нəтижелі белгісі арасындағы регрессиялық
тəуелділікке сəйкес келетін болжалданған тиімділік
мəндері;
у
i
қалд
– өңірлік электр желілік компаниялар тобының
і тиімділік белгісінің қалдық мəні;
і = 1, 2,..., n – топтағы өңірлік электр желілік
компаниялардың саны.
0,85 < R
2
< 1 - топтағы регрессиялық талдаудың
анықтық көрсеткіші.
17. Бірнеше регрессиялық үлгі құрылған жағдайда
Х-фактор əрбір үлгіден алынған Х-факторлардың ор-
таша мəні ретінде анықталады.
(19),
мұндағы:
k
ij
x
– j-үлгідегі і-нің өңірлік электр желілік
компаниялардың Х-факторының коэффициенті;
j – топтағы құрылған үлгілер саны.
18. Нəтижелілік белгінің соңғы көрсеткіштерін (ын-
таландырушы ықпал жасау X-фактор коэффициентінің
деңгейін) уəкілетті орган өзінің ресми интернет-ре-
сурсында ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін
жариялайды.
Достарыңызбен бөлісу: |