17. Ішкі суда жүзу кемелерінің тұрғын жəне қоғамдық үй-жайларын күтіп-ұстауға жəне
пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
365. Экипаждың барлық мүшелері мынадай жеке жататын орындарымен жəне төсек керек-жарақтарымен: тысы
бар матраспен, жастықпен, көрпемен, кемінде үш рет ауыстырылатын төсек жабдықтарымен жəне сүлгілермен
қамтамасыз етіледі.
366. Кемедегі жолаушылардың саны кеменің жобаланған қуатынан аспайды.
367. Жататын орындары бар жолаушылар төсек жабдықтарымен қамтамасыз етіледі. Жолаушыға арналған
таза төсек жиыны пломбаланған немесе тігілген конвертте (пакетте) болуы тиіс. Жылдамдықтағы кемелерде
жолаушылардың креслосы бас сүйегіштермен (кемінде екі жиын) қамтамасыз етіледі.
368. Барлық кемелерде төсек жабдықтарын ауыстыру жеті күнде бір реттен сиретпей жүргізіледі, жастықтар,
көрпелер, матрастар үш айда бір реттен сиретпей желдетіліп, кептіріледі жəне тазартылады, мата көрпелер айына
бір реттен сиретпей жуылады. Төсек жабдықтарын дезинфекциялау эпидемиологиялық айғақтар бойынша жүргізіледі.
369. Тұрғын жəне қоғамдық үй-жайлар, ас блогы, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар күн сайын ылғалды жи-
налуы тиіс. Күрделі жинау сапардың соңында, бірақ жеті күнде бір реттен сиретпей жүргізіледі.
370. Санитариялық тораптарда жəне санитариялық блоктарда айна, сабынға арналған сөре, теңіз дауы-
лы кезінде қол тежегіш, сүлгі ілгіштер, унитазды тазартуға арналған ысқыш, лас қағаздарға арналған ыдыстар
көзделеді, дəретхана қағаз ымен, сабынмен, бір рет қолданылатын сүлгімен, салфеткамен немесе электр сүлгімен
қамтамасыз етіледі.
371. Ортақ пайдаланылатын қолжуғыштарға, сондай-ақ каютадағы қолжуғыш раковиналарға ауыз су сапасындағы
ыстық жəне суық су тартылады. Əр раковинаның алдында айна, сүлгі ілгіш, сабынға арналған сөре орнатылады.
Себезгі секциялары немесе себезгі кабиналары жеке бас гигиенасы з аттарына арналған заттармен жабдықталады.
372. Киім ауыстыратын үй-жай: орындықтармен, киім жəне сүлгі ілгіштермен, киімге, жеке бас гигиенасына
арналған сөрелермен жабдықталады.
373. Экипаждың жеке киімдерін жуатын бөлмелері кір жуатын машиналармен, суық жəне ыстық сумен, кептіру
бөлмесі – бөлме ішіндегі температураны плюс 45 °С-тан төме н болмауын қамтамасыз ететін жылыту аспаптары-
мен, киім ілуге арналған құралдармен жабдықталады.
374. Таза жəне лас киімдер бөлек қоймаларда (шкафтарда) сақталады.
375. Экипаждың арнайы киімдерін сақтайтын үй-жайлар киімге арналған ілгіштері бар шкафтармен жəне аяқ
киімге арналған сөрелермен жабдықталады.
376. Медициналық үй-жайларда ылғал өткізбейтін материалмен қапталған кушетка, жазу үстелі, емшара үстелі,
тоңазытқыш, хирургиялық аспаптарға жəне науқастарды күту жабдықтарына арналған шкаф, дəріханалық шкаф,
қатты əсер ететін д əрі-дəрмекке арналған бөлек каф (сейф), науқастарды тасуға арналған зембілдер, орындықтар
орнатылады.
377. Изоляторда медициналық кереует, кереуеттің қасына үстел, аурудың киіміне арналған шкаф, табуретка-
лар, медициналық каютада – медициналық кереует, дəрі-дəрмекке жəне таңу материалдарына арналған емшара
шкафы, тоңазытқыш, табуреткалар қойылады.
378. Кемелерде жəндіктерді болдырм ау мақсатында дезинсекциялау іс- шаралары жүргізіледі.
379. Барлық кемелерде дератизация туралы куəлігі немесе дератизациялаудан босатылғаны туралы куəлігі
болады.
380. Кеменің үй-жайлары кеміргіштер кірмейтіндей етіп көзделеді. Үй-жайлардың палубалары төсеніштері тесіктер
мен саңылаулар болмайтындай етіп жасалады, құбырлар оқшауланады, олардың палубадан өтетін жерлері мен
бөлгіші металл тормен қорғалады, үй-жайдың есіктері жақсы жабылуы тиіс. Ас блогы үй-жайларындағы есіктердің
төменгі жағы жəне провизиялық ағаш жəшіктердің беті металдан жасалады.
1 8. Ішкі суда жүзу кемелері экипажының жəне жолаушылардың тамақтану
жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
381. Тамақ өнімдерін тиеу жолаушыларды отырғызудан бұрын жүргізіледі. Тиеу орны ластану көздерінен (шай-
ынды жəне мұнайлы суды ағызатын жерлерден) барынша алшақ болады.
382. Тамақ өнімдері мен тағамдық шикізаттың шығуын жəне қауіпсіздігін дəлелдейтін сертификаттары болады.
383. Барлық кемелерде қабылданған шикізатты, тағамды жəне дайын тағамдардың сапасына өндірістік бақылау
жүргізіледі. Зертханалық тексерулер портта жүргізіледі.
384. Экипажға арнал ған камбуз тұрмыстық тоңазытқыштармен, құрғақ тағамдарға арналған шкафтармен, электр
плитасымен (газ немесе басқа отынмен), электр су қайнатқышпен, беті тот баспайтын болаттан жасалған бөлшектегіш
жəне ү лестіру үстелдерімен, ыдысқа арналған шкафпен немесе сөремен, камбузға жəне асхана ыдысына арналған
үш секциялы ваннамен, қол жууға арналған раковинамен жабдықталады. Ванна мен раковинаға суық жəне ыстық
су келтіріледі, сабынмен, жуу жəне дезинфекциялау құралдарымен жабдықталады.
385. Шикі жəне дайын тағамда рдың, таза жəне лас ыдыстардың қарсы ағынына жол берілмейді
386. Өндірістік жəне жуу ванналары кəріз желісіне қосылады. Сарқынды судың құбыры май сүзгіш қондырғымен
жабдықталады.
387. Тез бұзылатын тағамдарды сақтайтын тоңазытқыш шкаф жəне мұздатқыш камера термометрмен
жабдықталады. Қоймалардағы шкафтардың төменгі сөресі кемінде 35 см биіктікте орналастырылады.
388. Асхананың жəне мейрамхананың дайындау бөлмелері тегіс, тот баспайтын болаттан жасалған қаптамасы
бар үстелдермен жабдықталады. Ет пен жəне балық үшін ерітуге арналған ванналар көзделеді.
389. Мармиттер бірінші ыстық тағамдардың жəне ыстық сусындардың температурасын +75 °С-тан, екінші
тағамдардың температурасын +65 °С-тан төмен болмауын қамтамасыз етеді. Тоңазытқыштар салқын тағамдардың
жəне сусындардың температурасын +7 °С-тан -14 °С арасында болуын қамтамасыз етеді.
390. Ыдыс жуатын үй-жайларда: лас ыдыстарды қабылдайтын жəне таза ыдыс жіберетін екі терезе, таза жəне
лас ыдыстарға арналған үстелдер, кептіру шкафтарын жуу құралдарын сақтайтын шкаф болады. Ыдыс жууға тем-
пературасы +65 °С-тан төмен емес ауыз су сапасындағы су пайдаланылады. Жуу ваннасының үшінші секцияс ында
жуылған ыдысты шаюға арналған майысатын шланг болады.
391. Буфеттің сауда үй-жайы жайма сөремен (шкафпен), тұрмыстық тоңазытқышпен жəне ыстық, суық су
жүргізілген раковинамен жабдықталады. Тағамды ысытуға жəне жеңіл тағамдар ды дайындауға арналған бөлмеде
электр плита, су қайнатқыш, үш секциялы суық жəне ыстық су келтірілетін ванна, қақпағы жəне аяқпен басатын
педалі бар, тағам қалдықтарын жинайтын ыдыс қойылады.
392. Ас блогында, асханада, мейрамханада қызметкерлердің санитариялық киімдеріне арналған шкаф, жинау,
жуу жəне дезинфекция құралдарына арналған шкафтар орнатылады.
3 93. Тағам қалдықтарын жинау үшін қақпағы жəне педальді қондырғысы бар сыйымдылық көзделеді.
19. Ішкі суда жүзу кемелерінде тұрмыстық жəне өндірістік қалдықтарды жинауға, сақтауға жəне
зарарсыздандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
394. Кемелерде су ортасын тазартылмаған жəне зарарсыздандырылмаған сарқынды, құрамында мұнай
бар сумен, тұрмыстық жəне өн дірістік қалдықтармен ластауды болдырмауды қамтамасыз ететін жүйелер жəне
қондырғылар көзделеді.
395. Дəретханалардан, себезгіден, камбуздан, кір жуатын орыннан, медициналық үй-жайлардан шыққан сарқынды
су ортақ цистернаға құйылады, құрамында мұнай бар сарқынды су бөлек цистернаға жинақталады.
396. Жинақтау цистерналарына жиналған сарқынды жəне құрамында мұнай бар су кеменің тазарту станциясына,
жағадағы немесе жылжымалы су қорғайтын қабылдау пункттеріне өңдеуге жіберіледі.
397. Сарқынды суды тазартқан кезде жиналған қоқым, құрамында мұнай бар суды тазарту кезінде бөлінген
мұнай өнімдері бөлек цистерналарға жиналып, инсинератор-пештерде жағылады немесе кемеден тыс су қорғайтын
қабылдау пункттеріне жіберіледі.
398. Сарқынды суды жинайтын цистерналарды тексеру, бояу, жөндеу бойынша жұмыстардың барлық түрі ал-
дын ала дезинфекция жасалғаннан кейін жүргізіледі.
399. Ағу жүйесінің санитариялық-техникалық жабдықтарында жəне құбыр жүйесінде гидравликалық бекітпелер
болады. Сарқынды жəне құрамында мұнай бар суды су сақтайтын қабылдау пункттеріне жіберу үшін жеке құбыр
жолы көзделеді.
400. Кемелерде тасымалдауға, шығару мен дезинфекциялауға ыңғайлы, құрғақ тұрмыстық қалдықтар мен тамақ
қалдықтарын бөлек жинайтын жəне сақтайтын қақпағы бар ыдыстар көзделеді.
401. Құрғақ қоқыс жəне тамақ қалдықтары кемелердің өзінде инсинератор-пештерде (инсинератор-қазанда)
жағылады немесе арнайы тазарту кемелеріне немесе жағалаудағы қондырғыларға жіберіледі.
402. Кемеде су сақтайтын қондырғылар болмаған жағдайда сарқынды жəне құрамында мұнай бар су цистер-
наларда, құрғақ қоқыс жəне қатты қалдықтар арнайы ыдыстарда (бактарда) жинақталады. Жиналған лас заттар
жағалаудағы немесе қабылдау пункттеріндегі су сақтайтын жерге тапсырылады.
403. Тамақ қалдықтары жиналатын ыдыстар (бактар) босағаннан кейін ыстық сумен жуылады, айына екі реттен
сиретпей дезинфекцияланады.
404.Жылжымалы су сақтайтын қабылдау пункттеріне сарқынды жəне құрамында мұнай бар суды, құрғақ қоқысты
жəне қатты тамақ қалдықтарын тапсыру кеме журналында белгіленеді.
20. Тамақ өнімдерін, азық-түлік шикізатын жəне шаруашылық-ауыз суды
тасымалдауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
405. Көлiк құралдарының iшкi беті Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген материалдар дан
жасалған, жуу жəне дезинфекциялау құралдарына төзiмдi, жеңіл жуылатын жəне дезинфекцияланатын гигиеналық
жабыннан көзделеді.
406. Тасымалдауға арналған көлік құралдары таза, бө тен иіссіз ұсынылады.
407. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін тасымалдау тез бұзылатын тамақтарды тасымалдау жағдайларына
қойылатын талаптарға сəйкес температуралық режимді қамтамасыз ететін мамандандырылған көлікпен жүзеге
асырылады.
408. Егер жүк жөнелтушiнің көлік құралдарына қоятын температуралық режимі немесе басқа да жағдайлары
қамтамасыз етілмесе, тасымалдаушы мұндай жүктi тасымалдауға қабылдамайды.
409. Егер жүктің құжатында көрсетілген тасымалдау мерзімі жүкті жеткізу мерзімін есептеу қағидаларына сəйкес
белгіленген жеткізу мерзімінен аз болса, тасымалдаушы тез бұзылатын өнімдерді тасымалдауға қабылдамайды.
410. Тамақ өнімдерін тасымалдау кезінде тауар көршiлестiгі сақталады. Тамақ өнімдерін азық-түлiкке жатпайтын
жүктер мен бiрге тасымалдауға жол берiлмейдi.
411. Шаруашылық-ауыз суды тасымалдау осы мақсатқа арналған, арнайы жабдықталған изотермиялық ци-
стерналарда жүзеге асырылады.
412.Су тасымалдауға арналған ыдыстардың конструкциясында мыналар: жылу оқшаулағыш қабат, люк
арқылы су алуды болдырмауға арналған ілмек құрылғыларымен жабдықталған тығыз жабылатын қақпақтар жəне
су ағызуға арналған құрылғы (шүмектер) көзделеді. Су ағызуға арналған құрылғы ыдыстың судан толық босаты-
луын қамтамасыз етеді.
413. Ыдыстардың iшкi бетiнде тоттануға қарсы қабатының бұзылғаны байқалса, ыдыстар қосымша тоттануға
қарсы жабынмен қапталуға жатады.
414. Цистерналар мен бактардың бүйір жақтарында «Ауыз су» деген жазуы болады. Цистерналар мен бактарды
басқа мақсатқ а пайдалануға жол берілмейді.
415. Суды тасымалдауға арналған цистерналар мен бактарды залалсыздандыру тоқсанына бір рет жəне эпиде-
миологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Дезинфекциялау шараларына механикалық тазарту, жуу, залал-
сыздандыру, ақырғы шаю енгізіледі, залалсыздандыру аяқталғаннан кейін су лабораториялық зерттеуден өткізіледі.
416. Тасымалдау жəне сақтау кезінде судың сапасы № 209 бұйрыққа сəйкес болуы тиіс.
417. Тамақ өнімдерін, азық-түлік шикіза тын, шаруашылық-ауыз суды тасымалдауды Кодекстің 62-бабының
8-тармағына сəйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар көлік құралы қолданылады.
21. Қауіпті жүктерді тасымалдауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
418. Қауіпті жүктерді тиеу жəне түсіру алдында ыдыс тарының жарамдылығы тексеріледі.
419. Қауіпті жүктермен жұмыс орындалатын кəсіпорындарда операцияларының орындалу тəртібін, қауіпсіздік шара-
ла рын жəне жұмысты ұйымдастырумен байланысты адамдардың жауапкершілігін айқындайтын нұсқаулық əзірленеді.
420. Қауiптi жүктердi қайта тиеу қашықтан басқару қағидаты бар тиеу-түсіру механизмдерiн қолдана отырып
жүргiзiледi. Қауiптi жүктермен жұмыс істеуге арналған жүк механизмдеріне арналған ка биналар тұмшаланған болып
көзделедi жəне кабинаға берiлетiн ауаны тазартатын желдеткiшпен жабдықталады.
421. Қауiптi жүктердi (жарылғыш материалдарды, сығымдалған, сұйытылған жəне қысыммен ерiтiлген газ-
дарды, өздiгiнен жанатын заттарды, оңай тұтанатын сұйықтықтарды жəне қатты заттарды, тотығатын заттарды,
қышқылдайтын, күйдіретін жəне тотта ндыратын заттарды, уытты заттарды, радиоактивтi материалдарды) тиеу
жəне түсiру осы мақсатқа арнайы бөлiнген жəне жабдықталған орындарда жүргізіледі.
422. Желдің жылдамдығы 3 м/сек болғанда үйілген химиялық заттарды ашық ауада тиеп-түсіру жұмыстарын
жүргізуге жол берілмейді.
423. Əртүрлi санаттағы қауiптi жүктердi, қауiпсiз жүктермен бiрге қауiптi жүктердi тиеуг е, таңбасы жоқ қауіптi
жүктердi тиеуге жəне түсiруге жол берiлмейдi.
424.Қауiптi жүктердi тасымалдау кезінде тасымалдайтын ыдыстарға мынадай талаптар қойылады:
1) ыдыстың конструкциясы тасымалдау кезiнде пайда болатын барлық жүктемелерді ескере отырып, барлық
климаттық аймақтарда тасымалдаған кезде жүктің кез келген жоғалуын (ағуын) болдырмауды қамтамасыз ететіндей
болып дайындалады;
2) ыдысқа қауiптiлік белгiлері қойылады;
3) ыдысқа арналған материалдың аз сiңiретiн қасиетi болады;
4) оңай тазаланады, қажетті жағдайларда оңай залалсы здандырылады.
425. Улы жəне ащы заттарды түсіргеннен кейін көлік құралы тасымалданатын жүктердің қалдықтарынан тазар-
тылады, қажет болғанда жуылады жəне зарарсыздандырылады.
Түсiру кезiнде ыдыстың жарамсыздығы, шашылған немесе төгiлген жүк анықталса, қау iптi заттың иiсi бол-
са жүк қабылдаушының өкілі шақырылады жəне көлік құралын зарарсыздандыру мəселесi шешіледі, сондай-ақ
тиісті аумақтың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган
ведомствасының лауазымды адамдары хабардар етіледі.
426. Қауiптi жүктердi арнайы контейнерлерде тасымалдау кез інде мынадай талаптар қойылады:
1) контейнерлер iшiндегiсінің төгiлуiн болдырмау үшін тасымалдау кезінде пайда болатын əртүрлі салмақтарды
көтеруi тиiс;
2) қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған контейнерлердiң олардағы заттардың қауiптiлiк дəрежесiн
айқындайтын қосымша қорғанышы болуы тиiс.
427. Қауiптi жүктердi цистерналарда тасымалдау кезінде мынадай талаптар қойылады:
1) цистерналар тасымалданатын қауiптi жүктiң түрiне сəйкес болуы тиiс;
2) құю алдында цистерна қаралады, құю арнайы бөлiнген жерде жүргiзiледi, жүктi құюға дайындау (сұйылту,
араластыру, ылғалдау) арнайы бейімделген ыдыстарда жүргiзiледi;
3) тесілуі анықталған жағдайда құю тоқтатылады, цистернаның iшiндегi сi басқа ыдысқа құйылады;
4) құю орнына сорып тартатын ықтиярсыз ауа алмастыру қондырғылары орнатылады;
5) құю аяқталған соң цистернаның сыртқы бетi сүртiледi немесе құйылатын жүктiң iздерi жойылғанша жуылады,
жүк құйылып алынған соң цистерналар жуу-булау объектiлерiнде өңделедi;
6) қауіпті жүктердi тасымалдайтын цистерналарға арнайы белгi қойылады.
428. Радиоактивті жүктерді тасымалдағаннан кейін көлiк құралдары оларды одан əрi пайдалануға қарамастан
радиациялық бақылауға жатады.
429. Жергiлiктi көздер немесе бетi радиоактивтi ластанған көлiк құралдары анықталған жағдайда дезактиваци-
ялау бойынша жұмыстарды мамандандырылған ұйым жүргізеді.
430. Өсімдіктердің (пестицидтердің) химиялық қорғаныш заттарын тасымалдау кезінде мынадай талаптар
қойылады:
1) өсімдіктердің химиялық қорғаныш заттарын тасымалдауға арналған көліктің шанағы сигналды бояумен бо-
ялады жəне «Абайлаңыз - улы химикаттар» деген жазуы болады. Қысқа мерзімдік тасымалдауға арналған көлік
сигналды жалаушалармен жарақталады. Шанақтың ішкі беті жеңіл тазартылатын жəне залалсыздандыратын,
саңылауы жəне қуыстары жоқ болып көзделеді;
2) пестицидтермен бірге тамақ өнімдерін, азықты жəне басқа заттарды тасымалдауға жол берілмейді.
Пестицидтерді тасымалдауға арналған көлікпен азық-түліктерді, мал азығын, адамдарды тасымалдауға п айдалануға
жол берілмейді;
3) тасымалдауға қоймадан жіберілгенде заттаңбасы бар зауыт қаптамасында немесе арнайы ыдысқа салынған
пестицидтер жіберіледі. Пестицидтерді үйіп немесе жарамсыз ыдыста тасымалдауға қатаң түрде жол берілмейді;
4) пестицидтерді тасымалдау аяқталғаннан кейін көлік құр алдары мұқият жуылады, тазартылады, арнайы
жабдықталған орындарда залалсыздандырылады.
431. Құрамында тiрi микроорганизмдердің штаммдары бар жүктердi (бактериялар, вирустар, рикетсиялар, пара-
зиттер, саңырауқұлақтар, олардың рекомбинациялары , генетикалық өзгерген микроорганизмдер), құрамында ауру
тудыратын агенттерi бар немесе бар болуы мүмкiн, шығу тегi биологиялық материалдарды (бұдан əрі – инфекциялық
252. Пайдаланушы АХЖ жүргізетін экипажды арнайы киімдермен, жеке бас құралдарымен жəне дəрі-дəрмек
қобдишасымен қамтамасыз етеді.
253. Авиакомпания басшылығы АХЖ басталғанға дейін тиісті аумақтың халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствасына АХЖ жүргізілетін орындар
мен мерзімдері туралы хабарлайды.
11. Əуе кемелері экипажының жұмыс жағдайларына қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
254. Экипаж кабиналарында ұшқыш креслосының отыратын орнының, арқалығының жəне басқа элементтерінің
бетi ластан жеңiл тазартуды қамтамасыз ететін жабыны бар жартылай жұмсақ болып жасалады.
255. Кабиналардағы микроклиматтың көрсеткіштері, қоршау бетінің температурасы осы Санитариялық қағидалар
16-қосымшасының 1-кестесіне сəйкес болуы тиіс. Жұмыс аймағының биіктігі бойынша температураның алмасуын
3
о
С-тан асырмауға, көлденеңі бойынша 4
о
С-тан асырмауға жол беріледі.
256. Кабина ауасындағы химиялық зиянды заттар мен шаңның құрамы осы Санитари ялық қағидаларға
17-қосымшада көрсетілген жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың РШШ асыруға жол берілмейді.
Кабиналардың ауасында бір бағытта əсер ететін бірнеше зиянды заттардың бір мезгілде болуы кезінде олардың
əрқайсының ауадағы іс жүзіндегі шоғырлануының олардың РШШ-ге қатынасы бірден аспауға тиіс. Ауада əр бағытта
əсер ететін зиянды заттардың бір мезгілде болуы кезінде РШШ оқшауланған əсер кезіндегідей болып қалады.
257. Жеңіл теріс жəне оң аэроиондардың құрамы осы Санитариялық қағидаларға 18-қосымшаның 1-кестесіне
сəйкес өндірістік жəне қоғамдық үй-жайлардағы ауаның рұқсат етілген иондалу деңгейіне сəйкес келеді.
258. Жұмыс орындарындағы дыбыстық қысымның деңгейі, дыбыстың деңгейі жəне дыбыстың балама деңгейі
осы Санитариялық қағидаларға 18-қосымшаның 2-кестесінде көрсетілген мөлшерден аспауына жол беріл еді.
259. Ультрадыбыс жəне инфрадыбыс қысымының рұқсат етілген деңгейі осы Санитариялық қағидаларға
18-қосымшадағы 3, 4-кестелерде көрсетілген.
260. Жалпы дірілдің рұқсат етілген шекті деңгейі осы Санитариялық қағидаларға 18-қосымшаның 5-кестес інде
көрсетілген мөлшерден аспайтындай болады.
261. Тұмшаланған кабиналары бар барлық əуе кемелерінде ұшу биіктігіне қарамастан, барометриялық қысым
мөлшері сынап бағанасының кемінде 567 миллиметр (бұдан əрі – сынап бағ. мм) болуына жол беріледі.
262. Радиобайланыс жабдығының электр өрісі кернеулігі мен энергетикалық жүктеменің рұқсат етілген деңгейі
осы Санитариялық қағидаларға 18-қосымшаның 6-кестесінде көрсетілген.
263. Магниттiк өрiс кернеулiгiнiң рұқсат етiлген шекті деңгейi жəне магниттi құрайтын энергетикалық жүктеме
метріне 50 ампердi (бұдан əрi – А/м) жəне сағатына 200 вольт шаршы метрді (бұдан əрi – В/м
2
) көбейтумен тең
белгiленедi.
Жиiлiгi деңгейі 3,0 мегаГерцке (бұдан əрi – МГц) электрлi жəне магниттi өрiстерiнiң бiр мезгiлде əсер етуiне
нақты энергетикалық жүктеменiң қатынас жиынтығы электрлi жəне магниттi құрауға байланысты рұқсат етiлген
шекті бiрлiктен аспаған жағдайда жол беріледі.
264. Өте жоғары жиiлiктегi диапаз онда (бұдан əрi – ӨЖЖ) 300,0 МГц-300,0 гигаГерц (бұдан əрi – ГГц)
электрмагниттi энергияның əсерi энергия ағынының тығыздық (бұдан əрi – ЭАТ) деңгейiне жəне энергетикалық
жүктемеге (əсер етудiң белгiлi бiр уақытының iшiнде) байланысты бағаланады. Кабинадағы энергия – ЭЖЖ ағын
тығыздығының деңгейi бір шаршы сантиметрге 500 микроваттан (бұдан əрi – мкВт/см
2
) аспауы тиіс.
265. ӨЖЖ сəулелендіру деңгейі сəуле түсiрудiң жеке кезеңiнде организмге энергетикалық жүктеме жиынтығымен
(бұдан əрi – жиынтықтың ЭЖ) бағаланады жəне 1000 мк Вт сағ/см
2
аспауы тиіс.
266. 6000 м-ден артық биіктікте ұшуды орындайтын экипаж каби насында, сондай-ақ кабинада ӨЖЖ ЭАТ рентген
сəулесінің көздері болғанда рұқсат етілген шекті жүктеме тармағында көрсетілген жағдайда 1000 мкВт/см
2
аспауы тиіс.
267. Ұшу кезінде əуе кемесі экипажының ғарыштық сəулеленуінің эквивалентті мөлшері жылына 5 микрози-
верттен (бұдан əрі – мзв) аспайды. Жер беті жағдайларында табиғи сəулеленумен белгіленген жəне медициналық
куəландыру мен емдеу кезінде алынатын доза ескерілмейді.
Əуе кемелері экипаждары мүшелерінің жеке ғарыштық сəулелену мөлшерін бақылау жəне есепке алу Қазақстан
Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушымен 2015 жылғы 27 наурыздағы № 259 бұйрығымен
бекітілген Иондаушы сəулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу, медициналық рентген-радиологиялық процедуралар
жүргiзу кезiнде, сондай-ақ техногендік радиациялық аяға байланысты азаматтар алған жеке сəуле мөлшерлерiн
бақылау жəне есепке алу қағидасына сəйкес жүргізіледі, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актіні
мемлеке ттік тіркеудің тізіліміне № 10943 болып енгізілді.
Осы Санитариялық қағидалармен белгіленген мөлшер шегі жылдамдығы дыбыстан жоғары əуе кемесі көлігіне
қолданылмайды.
268. Ұшу кезінде кабиналардағы электростатикалық өріс кернеулігі мынадай шамалардан аспауы тиіс: ұшу уақыты
1 сағаттан аз болса - метріне 60 киловатт (бұдан əрі – кВ/м); 1,1 сағаттан 12 сағатқа дейін – 60 кВ/м-ді ұшу уақытына
бөлу есебімен. 20 кВ/м аз электростатикалық өріс кернеулігі кезінде келу уақыты реттелмейді.
269. Экипаж мүшелерінің жұмыс орындарындағы жарықтандыру осы Санитариялық қағидаларға 18-қосымшаның
7-кесте сіне сəйкес болады.
12. Автокөлік құралының салонына (кабинасына) қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
270. Автокөлік құралдарының салондарына (кабиналарына) арналған əрлеу материалдары механикалық
əсерлерге, жуу жəне дезинфекциялау құралдарының əсеріне төзімді материалдардан жасалады.
271. Жолаушыларды тасымалдау кезінде ауысым аяқталған соң жуу жəне дезинфекциялау құралдарын қолдана
отырып, шанақтың сыртын жуу жəне салонына ылғалды жинау жүргізіледі.
272. Салқын мезгілде салонның ( кабинаның) iшiндегi ауаның температурасы жолаушыларды тасымалдау
кезінде салыстырмалы ылғалдылық 70-75 % болған жағдайда +14 °С-тан төмен емес температураны ұстап тұрады.
273. Сыртқы ауаның ылғалдылығы жоғары аудандар үшін жəне ауа салқындатқыштарды қолданған кезде
салондағы салыстырмалы ылғалдылықты 10 %-ға арттыруға жол беріледі.
274. Салонға (кабинаға) шаңның кіруінің алдын алу үшін ауан ы тазалау жүйесінің сүзгілері пайдаланылады.
275. Жалпы жарықтандыру шамшырағынан берілетін кабинаның жарығы аспаптар қалқаны деңгейінде кемінде
10 лк құрайды.
276. Аспаптар шкаласының жарықтандырылуы кемінде 1,2 лк көзделеді.
277. Салондағы шуыл деңгейінің 60 дБА жоғары болуына жол берілмейді.
278. Жолаушылар салондарындағы (кабинасындағы) дірілдің гигиеналық нормаларының параметрлері осы
Санитариялық қағидаларға 19-қосымшасының 1, 2, 3-кестелерінде көрсетілген.
279. Жолаушыларды, жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлі к құралына Кодекстің 62-бабының
8-тармағына сəйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |