№130 (28858) 9 шілде сенбі 2016 жыл ақпараттар ағыны ●



Pdf көрінісі
бет41/57
Дата31.03.2017
өлшемі7,41 Mb.
#10891
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57

9 шілде 2016 жыл

www.egemen.kz

21

(Соңы. Басы 20-бетте)

3. Осы бұйрыққа қосымшаға сəйкес тұрғын үй қатынастары саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды 

деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-

министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы М.ҚҰСАЙЫНОВ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 

2015 жылғы 26 наурыздағы №246 бұйрығына қосымша

Тұрғын үй қатынастары саласындағы күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

1. «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу əдістемесін бекіту 

туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 

2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 479 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 

7376 болып тіркелген, 2012 жылғы 20 маусымдағы №3 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы жəне өзге 

де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған);

2. «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу əдістемесін бекіту 

туралы» Қазақстан Республикасы  Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 

2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 479 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс жəне 

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері бойынша агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2012 жылғы 6 

тамыздағы № 390 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7859 болып тіркелген, 

2012 жылғы 22 қарашадағы № 19 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы жəне өзге де орталық мемлекеттік 

органдарының актілер жинағында жарияланған);

3. «Кондоминиум объектісін басқару шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 

338 жəне «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу əдістемесін 

бекіту туралы» 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 479 Қазақстан Республикасы Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық 

шаруашылық істері агенттігі төрағасының бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан 

Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы №193/НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық 

актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9637 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 желтоқсандағы № 253 (28476) 

«Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) 1-тармағының 2) тармақшасы.



Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 

2015 жылғы 26 наурыздағы №246 бұйрығымен бекітілген

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу əдістемесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу əдістемесі 

(бұдан əрі – Əдістеме) кондоминиум объектісін басқару органдарының (бұдан əрі – КОБО) шығындарын жəне үй-жай-

лар (пəтерлер) меншік иелері төлемнің мөлшерін қалыптастыруға бірыңғай тəсілдер белгілеу мақсатында əзірленді.

2. Əдістеме «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сəуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының нор-

маларын негізге ала отырып, көп пəтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі шығындарды есептеген 

кезде қолданылады.

3.  Əдістеме  беруі  КОБО-ны  қамтамасыз  ететін  кондоминиум  объектісінің  ортақ  мүлкін  күтіп-ұстау  жөніндегі 

қызметтер мен жұмыстар тізбесі, кондоминиум объектісін басқару шартыда айқындалатынын көздейді.

Ұсынылып отырған Əдістеме ортақ мүлікті күтіп-ұстау жөніндегі сервистік қызмет субъектілері шығыстарының 

толық тізбесінің болуын болжайды.

4. Ортақ мүлікті күтіп-ұстаудың шығындарына мынадай: 

1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалану жəне жөндеу арналған;

2) жер учаскесін күтіп-ұстауға арналған;

3) коммуналдық қызметтерді тұтыну есебінің үйлерге ортақ есептеу аспабын сатып алу, орнату, пайдалану 

жəне тексеруге арналған;

4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауда тұтынған, коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған;

5) алдағы күрделі жөндеуге жинаққа шығыстар қамтылады.

5. Меншік иесімен арадағы келісімде өзгеше көзделмесе кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстаудың 

шығыстарына үй-жай (пəтер) иесі ортақ мүліктегі үлестік мөлшеріне сəйкес жауапты.

6. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға жəне жөндеуге төмендегілерді құрайды: 

1) жертөле үй-жайларын жəне ортақ пайдаланылатын басқа жерлерді дезинфекциялау, дератизациялау, де-

зинсекциялау бойынша қызметтер;

2)  өртке  қарсы  жабдықтарды  күтіп-ұстауды  қоса  алғанда,  өтке  қарсы  іс-шараларға,  өрт  сөндіргіштерді  са-

тып алуға жəне зарядтауға, арнайы жазбалар, көрсеткіштер жазуға, эвакуациялау жоспарлары мен схемаларын 

ресімдеуге жəне т.с.с. қызметтер;

3) орталық жылу жүйесіне қызмет көрсету, сумен жабдықтау, су бұру, ортақ пайдаланылатын жерлерді элек-

трмен жабдықтау, желдету жəне жылыту маусымына дайындау.

4) апаттық жағдайларды қалпына келтіру бойынша қызмет; 

5) шағын сəулеттілік нысандарды жəне қоршауларды ағымдағы жөндеу жəне əрлеу

7. Жер учаскесін күтіп-ұстауға шығыстары қамтылады:

1) көгалдандыру бойынша қызмет (отырғызу, баптау, гүлзарларды жəне жасыл екпелерді кесу);

2)  қоқыс  құбырын,  үй  маңы  аумағын  санитарлық  тазалау,  қоқыстарды  (үйдің  кəріз  жүйесі  емес – қазылған 

шұңқырларды, ауладағы қалдықтарды тазалау) қар мен жапырақтарды шығару;

3) ортақ пайдаланылатын жерлерге санитарлық тазалық жүргізу бойынша қызметтер шығыстар қамтылады. 

8. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің жинақтық шығындарына тисті республикалық 

бюджет туралы заңда қаржы жылы белгіленгенге пайдаланылатын үй-жайдың (тұрғын үй емес) бір шаршы метріне 

есептелген ай сайынғы көрсеткіштің 0,02 мөлшерінен төмен емес сумманы құрайды. Шешімге үй-жайлар (пəтерлер) 

иелерінің жалпы жиналысында қабылданады. 

9. Басқару функцияларын жүзеге асыруға: 

1) кондоминиум объектісін басқару органы басшылары мен қызметкерлеріне еңбек ақы төлеуге арналған;

2) жалақы есептеу (əлеуметтік салық жəне əлеуметтік аударымдар);

3)  кеңсе  тауарларына,  ұйымдастыруына  техникаларына  жəне  оған  қызмет  көрсетуге  арналған  шығыстар 

қамтылады.



2. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған

шығыстардың мөлшерін есептеу

10. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес тұрғын үй қоры адамдардың сенімді жəне 

қауіпсіз тұрып, жеке меншік пен ортақ мүліктің сақталуын, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін жарамды 

күйінде сақталуға тиіс.

11. КОБО жоспарланған жалпы жəне жекелеген көріп-бақылау жұмыстары барысында кондоминиум объектілері 

конструкциялары мен инженерлік жабдықтарының техникалық жағдайын айқындайды.

12.  Күрделі  жөндеу  жүргізу  мерзімдері  олардың  техникалық  жағдайларын  бағалау  негізінде  айқындалады. 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сəуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 41-2-бабына сəйкес 

тұрғын  үй  көмегінің  қатысуымен  қаржыландыру  кондоминиум  объектілерінің  ортақ  мүлкіне  күрделі  жөндеудің 

жекелеген  түрлерін  жүргізудің  тізбесі  мен  кезегін  айқындауды  жəне  кондоминиум  объектілерінің  ортақ  мүлкіне 

күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған сметаларды келісуді тұрғын үй қорын басқару саласында 

мемлекеттік бақылау функциясы бар жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекциясы жүзеге асырады. 

13. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасы үй-жайлар 

(пəтерлер) меншік иелерінің жалпы жиналысында қаралады жəне мақұлданады. Тұрғын үй инспекциясы кондоми-

ниум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасын 

келісуді жүзеге асырады. 

14.  КОБО  құрылған  күннен  бастап  он  бес  жұмыс  күні  ішінде  əрбір  кондоминиум  объектісіне  кондоминиум 

объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеуге арналған сомаларды жинау үшін екінші деңгейдегі банктерде жинақ 

шот ашады. 

15. Əрбір меншік иесінің қатысуы үшін күрделі жөндеу жүргізуге қажетті бағада кондоминиум объектілерінің 

жалпы мүлкіне қатысты үй-жайлар (пəтерлер) меншік иелерінің үлесіне мөлшерлес есептеледі. 

16. Кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін күтіп-ұстауға арналған жарналар мөлшері мынадай формула 

бойынша есептеледі:

В = Р жыл/(S пайдалы*12 ай),

мұнда 

В – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған жарнамөлшері;



Р жыл – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сомасы;

S пайдалы – шаршы метрмен есептелетінтұрғын үйдің пайдалыауданы.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сомасы мынадай формула бойын-

ша есептеледі:

Р жыл = Р к-ұстау + Р жер + Р орнату + Р ком.қызм.төл + Р күр. жөндеуге жинақтау + Р басқару,

мұнда:


1) Р к-ұстау – кондоминиум объектісін күтіп-ұстау мен жөндеуге жұмсалатын шығыстар;

2) Р жер – жер учаскесінкүтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар;

3) Р орнату – коммуналдық қызметтерді тұтынудың үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға 

жəне тексеруге жұмсалатын шығыстар;

4) Р ком.қызм.төлеу – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтердің 

төлемдеріне жұмсалатын шығыстар;

5) Р күр.жөндеуге жинақтау – алдағы күрделі жөндеу жинақтау;

6) Р басқару – басқару функцияларын жүзеге асыруға арналған шығыстар.

17. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға əрбір үй-жайлардың (пəтерлердің) əрбір меншік иесінің 

ай сайынғы шығындарының мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:

Р м.и.= В*S үй-жай

мұнда 


Р м.и. – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған меншік иесі төлемдерінің мөлшері;

S үй-жай – шаршы метрмен есептелетін дараланған (бөлінген) меншік иесі орналасқан үй-жайдың пайдалы алаңы. 

18. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға суық жəне ыстық сумен жабдықтау, су бұру, электрмен 

жабдықтау, жылу беру (жылумен жабдықтау) шарты бойынша шығыстар кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін 

күтіп-ұстауға арналған жалпы шығыстар құрамына кіреді.

19. Өнім беруші ұсынған суық жəне ыстық сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау, жылу беру (жы-

лумен  жабдықтау)  қызметтерінің  көлемін  айқындау  тəртібі  есептеу  құралдарының  болуына  немесе  болмауына 

байланысты болады.

20. Егер көп пəтерлі тұрғын үйде үйлерге ортақ есептеу құралдары орнатылған болса, кондоминиум объектісінің 

ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ұсынылатын коммуналдық қызметтер құны мынадай тəсілмен айқындалады:

электр энергиясы бойынша – жалпы үйлергеортақ есептеу құралдарының көрсеткіштері мен тұтынушылардың 

белгі лі бір топтарының тарифтеріне көбейтілген жеке (пəтерлік) есептеу құралдарының көрсеткіштері сомасының 

айырмасы ретінде;

сумен жабдықтау бойынша (шаруашылық-ауыз су мақсатындағы суық су) – үйлерге ортақ есептеу құралдарының 

көрсеткіштері  мен  тұтынушылардың  белгілі  бір  топтарының  тарифтеріне  көбейтілген  жеке  (пəтерлік)  есептеу 

құралдарының көрсеткіштері сомасының айырмасы ретінде;

су бұру бойынша – сарқынды судың саны тұтынылған шаруашылық-ауыз су мақсатындағы судың санына тең 

белгіленеді, одан кейін тұтынушылардың белгілі бір топтарының тарифтеріне көбейтіледі;

жылумен жабдықтау жəне ыстық сумен жабдықтау бойынша – тұтынушылардың белгілі бір санаттары үшін 

белгіленген тарифтердің меншік иесінің пəтерінде (меншік иесі пəтерінің алаңына сəйкес жəне тұрып жатқандардың 

санына есептеу арқылы анықталады) жылу энергиясын тұтыну (жылу беру жəне ыстық сумен жабдықтау) көлемі 

мен жəне жалпы үйлерегортақ есептеу құралдарының көрсеткіштері бойынша жылу энергиясын тұтыну арасындағы 

айырманың көбейтіндісі ретіндеайқындалады.

21. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына есептеу құрылғыларының 

нақты  көрсеткіштері  бойынша  сметаны  нақтылай  отырып,  алдағы  жоспарлы  кезеңде  тұтынылған  коммуналдық 

қызметтердің құны кіреді.

22. Егер көп пəтерлі үйде жалпы үйлерде ортақ есептеу құралдары болмаса коммуналдық қызметтердің жал-

пы мүлкін күтіп-ұатауға жұмсалған құны тұтынушылардың белгілі бір түрі үшін табиғи монополиялар саласындағы 

уəкілетті  орган  белгілеген  тарифтерді,  коммуналдық  қызметтерді  тұтыну  нормативтерін  негізге  ала  отырып 

айқындалады.

23. Ағымдағы жөндеу жұмыстары ғимараттың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында мерзіммен 

жүргізіледі. 



3. Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау бойынша шығыстар сметасын бекіту

24. Үй-жайлар (пəтерлер) меншік иелерінің жалпы жиналысында кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін 

күтіп-ұстау шығыстарының сметасын бекіту туралы шешім қабылданады. 

25. Үй-жайлар (пəтерлер) меншік иелері шығыстарының сметасын бекіту кезінде осы əдістемеге қосымшаға 

сəйкес  кондоминиум  объектілерінің  ортақ  мүлкін  күтіп-ұстауға  арналған  шығыстар  құрылымында  іс-шараларға 

арналған шығындар негізгі үлестері ескеріледі. 

Ақша қаражатын жұмсау құрылымында іс-шаралар шығындарының негізгі үлесі кондоминиум объектілерінің 

ортақ мүлкін басқаруға жəне күтіп-ұстауға арналған шығыстардан мынадай пропорционалды қатынаста жасалады:

1) кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін басқаруға – 30 пайызға дейін;

2) кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін күтіп-ұстауға – 70 пайызға дейін.



Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған 

шығыстар сметасын есептеу əдістемесіне қосымша

Кондоминиум объектілерін ортақ мүлкін күтіп-ұстау бойынша шығыстар құрылымындағы 

іс-шаралар шығындарының негізгі үлесі*:

р/с

Іс-шаралар

Шығындар 

үлесі

Әкімшілік шығыстар (басқару)

1

кондоминиум объектісін басқару органы басшылары мен қызметкерлеріне еңбек ақы 



төлеу шығыстары

25

2



жалақыны есептеу (әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар)

3

кеңсе тауарларына, ұйымдастыру техникалары және оның қызмет көрсетуіне 



жұмсалатын шығыстар

5

Өндірістік шығыстар (күтіп-ұстау)



4

жертөле үй-жайларын және ортақ пайдаланылатын жерлерді дезинсекциялау, дера-

тизациялау, дезинфекциялау бойынша қызметтер

6

5



өртке қарсы жабдықтарды күтіп-ұстауды қоса алғанда, өтке қарсы іс-шараларға, өрт 

сөндіргіштерді сатып алуға және зарядтауға, арнайы жазбалар, көрсеткіштер жазуға, 

эвакуациялау жоспарлары мен схемаларын ресімдеу және тағыда сол сияқты 

қызметтері

5

6

көгалдандыру қызметі бойынша (жасыл екпелер мен газондардыегу, баптау, кесу);



5

7

қоқыс құбырларын, үй маңы аумағы, қар мен жапырақ сынды қоқыстарды шығару 



(үйдің кәріз жүйесі емес – қазылған шұңқырларды, ауладағы қалдықтарды тазалау) 

санитарлық тазалау

5

8

ортақ пайдаланылатын жерлерге санитарлық тазалық қызметтері



4

9

орталық жылу жүйесіне қызмет көрсету, сумен жабдықтау, су бұру, ортақ пайдаланы-



латын жерлерді электрмен жабдықтау, желдету және жылыту маусымына дайындық 

15

10



апаттық жағдайларды қалпына келтіру қызметі

10

11



шағын сәулеттілік нысандарды және қоршауларды ағымдағы жөндеу және әрлеу

10

12



жалпы үйлерге ортақ есептеу құрылғыларын сатып алу және орнату құны

5

13



жалпы үйлерге ортақ есептеу құрылғыларына техникалық қызмет көрсету, тексеру, 

баптау бойынша қызметтер

5

Жиыны


13

100


*күрделі жөндеуге арналған шығындарды есептемегенде

Бұйрық Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2015 жылғы 30 наурызда Нормативтік 

құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10572 болып енгізілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы

2015 жылғы 27 наурыз                                   №253                                   Астана қаласы



Өндірістік қызметті ұйымдастыру жəне халыққа қызметтер көрсету саласын 

дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің 

пайдаланылмайтын объектілерін жəне олардың алып отырған жер учаскелерін шағын 

кəсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру 

қағидаларын бекіту туралы

«Мемлекеттік  мүлік  туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы  Қазақстан  Республикасы  Заңының 120-бабының 

4-тармағына сəйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Өндірістік қызметті ұйымдастыру жəне халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін 

кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін жəне олардың 

алып  отырған  жер  учаскелерін  шағын  кəсіпкерлік  субъектілеріне  мүліктік  жалға  (жалдауға)  немесе  сенімгерлік 

басқаруға беру қағидалары бекітілсін.

2.  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігінің  Мемлекеттік  активтерді  басқару  саясаты 

департаменті заңнамада белгіленген тəртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзiмдi баспасөз басылымдарында 

жəне «Əділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналасты-

рылуын қамтамасыз етсін.

3.  Осы  бұйрықтың  орындалуын  бақылау  жетекшiлiк  ететiн  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  экономика 

вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы М.ҚҰСАЙЫНОВ

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Қаржы министрі

___________ Б.Сұлтанов

2015 жылғы 3 сəуір

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 

2015 жылғы 27 наурыздағы № 253 бұйрығымен бекітілген

Өндірістік қызметті ұйымдастыру жəне халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін кейіннен 

меншікке өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін жəне олардың 

алып отырған жер учаскелерін шағын кəсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе 

сенімгерлік басқаруға беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қағидалар «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына 

сəйкес  əзірленген  жəне  сауда-делдалдық  қызметті  қоспағанда,  өндірістік  қызметті  ұйымдастыру  жəне  халыққа 

қызметтер көрсету саласын дамыту үшін шағын кəсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік меншіктегі мемлекет пай-

даланбайтын ғимараттарды, құрылыстарды, көлік құралдары мен жабдықтарды жəне ғимараттар мен құрылыстар 

алып отырған жер учаскелерін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мүліктік жалға алуға (жалдауға) немесе 

сенімгерлік басқаруға беру тəртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) кепілдік жарнасы – тендерге қатысу үшін шағын кəсіпкерлік субъектілері енгізетін ақша сомасы. 

2)  қатысушы – тендерге  қатысу  үшін  осы  Қағидаларда  белгіленген  тəртіппен  тіркелген  шағын  кəсіпкерлік 

субъектісі;

3) объектілер – мемлекеттік меншіктегі мемлекет пайдаланбайтын ғимараттар, құрылыстар, көлік құралдары 

мен жабдықтар жəне ғимараттар мен құрылыстар алып отырған жер учаскелері;

4) тендер – бұл Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің 

аумақтық бөлімшелері (бұдан əрі – аумақтық бөлімшелер) əкімдіктер коммуналдық мемлекеттік меншікке билік 

етуге  уəкілеттік  берген,  тиісті  жергілікті  бюджеттерден  қаржыландырылатын  мемлекеттік  мекемелер  (бұдан  əрі 

- атқарушы органдар) өздері қабылдаған бастапқы шарттардың негізінде ең жақсы шарт талаптарын ұсынатын 

тендерге  қатысушылардың  бірімен  шарт  жасасуға  міндеттенетін  тізілімнің  веб-порталын  пайдалана  отырып, 

электрондық форматта өткізілетін объектілерді шағын кəсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға алуға (жалдауға) 

немесе сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі сауда-саттық нысаны; 

5) теңгерім ұстаушы – объект жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік 

заңды тұлға;

6)  тізілімнің  веб-порталы – www.gosreestr.kz мекенжайы  бойынша  Интернет  желісінде  орналастырылған, 

мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға алуға (жалдауға) жəне мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру шарттары 

бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;

7) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген жəне электрондық цифрлық қолтаңба 

арқылы куəландырылған құжат;

8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан əрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған 

жəне электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін жəне мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық 

цифрлық символдар терімі;

3.  Мемлекет  бір  жылдан  астам  уақытта  мақсаты  бойынша  пайдаланбаған  мемлекеттік  кəсіпорындар  мен 

мекемелердің (бұдан əрі – ұйымдар) объектілері шағын кəсіпкерлік субъектілеріне кейіннен меншікке өтеусіз бере 

отырып, бір жыл мерзімге мүліктік жалға алуға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беріледі.

4. Объектілерді беру тендер негізінде жүзеге асырылады.



2. Пайдаланылмайтын объектілер тізбесін қалыптастыру

5. Тендерге қойылатын пайдаланылмайтын объектілердің тізбесін ұйымдардың мемлекет бір жылдан астам 

уақыт пайдаланбаған, оның ішінде ұйымдар мүлкінің мақсатты пайдаланылуын тексерулер барысында анықталған 

мемлекеттік меншіктегі мүлкінің (ғимараттар, құрылыстар, көлік құралдары жəне жабдықтар) қатарынан:

республикалық мемлекеттік меншікке қатысты - аумақтық бөлімшелер;

коммуналдық мемлекеттік меншікке қатысты - атқарушы органдар қалыптастырады.

6. Объектілерді тендерге қою аумақтық бөлімшенің (атқарушы органның) шешімі негізінде жүзеге асырылады 

жəне ұйымдардың мемлекеттік басқару органымен келісіледі.

Республикалық мемлекеттік меншіктегі объектілерге қатысты аумақтық бөлімшелер Қазақстан Республикасы 

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетімен қосымша келіседі.

7. Қалыптастырылған тізбенің негізінде аумақтық бөлімшелер (атқарушы органдар) тендерлер өткізу кестесін 

жасайды.


8. Ұйымдар объектілер шағын кəсіпкерлік субъектілеріне берілгенге дейін олардың сақталуын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет