(Соңы. Басы 23-бетте)
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы
2015 жылғы 27 наурыз №275 Астана қаласы
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу жəне тұру үшiн келген денсаулық сақтау,
бiлiм беру, əлеуметтiк қамсыздандыру, мəдениет, спорт жəне агроөнеркəсіптік кешен
саласындағы мамандарға əлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартын бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сəуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-
бабы 1-тармақшасына сəйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу жəне тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім
беру, əлеуметтік қамсыздандыру, мəдениет, спорт жəне агроөнеркəсіптік кешен саласындағы мамандарға əлеуметтік
қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік саясат жəне жергілікті өзін-өзі басқаруды
дамыту департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Əдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында
жəне «Əділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналасты-
рылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-
министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрінің міндетін атқарушы М.ҚҰСАЙЫНОВ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы №275 бұйрығымен бекітілген
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу жəне тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, əлеуметтік
қамсыздандыру, мəдениет, спорт жəне агроөнеркəсіптік кешен саласындағы мамандарға əлеуметтік
қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу жəне тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, əлеуметтік
қамсыздандыру, мəдениет, спорт жəне агроөнеркəсіптік кешен саласындағы мамандарға əлеуметтік қолдау шара-
ларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан əрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
(бұдан əрі - Министрлік) əзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аудандардың жəне облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы
органдардың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уəкiлеттi органдары (бұдан əрі – көрсетілетін қызметті
беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды жəне нəтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші
жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тəртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сəттен бастап:
көтерме жəрдемақы - күнтізбелік 39 (отыз тоғыз) күн;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 қосымшаға сəйкес нысан бойынша Келісім қорытындысы
-күнтізбелік 32 (отыз екі) күн;
Келісім жасалғаннан кейін тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит - 30 (отыз) жұмыс күні;
2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің барынша жол берілген уақыты – 15 минут;
3) қызмет көрсетудің барынша жол берілген уақыты – 30 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.
6..Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нəтижесі көтерме жəрдемақы жəне бюджеттік кредит түріндегі əлеуметтік
қолдау шаралары болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нəтижелерін беру нысаны – қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.
8..Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сəйкес де-
малыс жəне мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін
түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызметке өтініштерді қабылдау жəне нəтижелерін беру – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі
үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз
жəне жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек тəртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін
қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көтерме жəрдемақы алған кезде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 қосымшаға сəйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куəландыратын құжаттың көшiрмесi;
жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мəліметтер;
тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
2) көтерме жəрдемақыны жəне тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 қосымшаға сəйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куəландыратын құжаттың көшiрмесi;
жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;
көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мəліметтер;
тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
неке туралы куəлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);
аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының жəне балаларының жылжымайтын мүлкінің бол-
мауы (болуы) туралы анықтама;
3) көтерме жəрдемақы жəне тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2 қосымшаға сəйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куəландыратын құжаттың көшiрмесi;
жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
бiлiмi туралы дипломының көшiрмесi;
көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мəліметтер;
тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы;
неке туралы куəлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);
аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының жəне балаларының жылжымайтын мүлкінің бол-
мауы (болуы) туралы анықтама;
маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;
кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;
кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;
берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім.
Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада жəне көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы
көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берген күні қайтарылады.
Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдауды растау тегі, аты, əкесінің аты, почталық мекен-жайы,
телефоны, өтініш берген күні көрсетілген жəне өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы қойылған қолхат ұсынылады.
3. Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының,
қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер əкімдерінің,
сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің жəне (немесе) олардың лауазымды адамдарының
мемлекеттік қызметтер көрсету мəселелері бойынша шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне)
шағымдану тəртібі
10.. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мəселелері бойынша шешімдеріне,
əрекетіне (əрекетсіздігіне) шағымдану: осы стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша
көрсетілген шағым Министрліктің, көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не тиісті жергілікті атқарушы
органның атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда толтырылады. Шағымда шағым берген тұлғаның тегі, аты, əкесінің аты (жеке басын
куəландыратын құжатта болған кезде), почта мекенжайы, телефоны, шағым берілген күн жəне қолы көрсетіледі.
Қолма-қол, сондай-ақ почта арқылы түскен шағымның қабылданғанының дəлелі көрсетілетін қызметті берушінің
кеңсесінде жеке жəне заңды тұлғалардың арыздары журналында (мөртабан, кіріс нөмірі жəне тіркеу күні шағымның
немесе шағымға ілеспе хатқа екінші қосымшасына қойылады) оның тіркелгендігі болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушыға оның шағымының қабылданғандығы туралы растауда шағымының көшірмесіне,
кіріс нөмірі, күні, шағымды қабылдаған тұлғаның тегі жəне инициалдары, тиісті кеңсенің байланыс телефоны
көрсетілген мөртабан қойылады.
Көрсетілетін қызметті алушыға шағымның қарау нəтижелері туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарланады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерінің əрекетіне (əрекетсіздігіне) шағымдану тəртібі туралы ақпаратты мем-
ле кеттік қызмет көрсету мəселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Министрліктің, тиісті жергілікті атқарушы органның, көрсетілетін қызмет берушінің атына түскен көрсетілетін
қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нəтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік
қызмет көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі
уəкілетті органның атына келіп түскен шағым ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету нəтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес
сотқа жүгіну құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресур-
сында «Экономика жəне сауда саясаты» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» кіші бөлігінде орналасқан.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тəртібі туралы ақпаратты қашықтықтан алу
режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мəселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы, сондай-ақ
көрсетілетін қызметті берушінің ресми сайтынан алуға мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мəселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: www.
economy.gov.kz, Мемлекеттік қызметтер көрсету мəселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414.
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге жəне тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, əлеуметтік
қамсыздандыру, мəдениет, спорт жəне агроөнеркəсіптік кешен мамандарына əлеуметтік қолдау шараларын
ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан
Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу жəне тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, əлеуметтiк
қамсыздандыру, мəдениет, спорт жəне агроөнеркəсіптік кешен саласындағы мамандарға əлеуметтiк
қолдау шараларын ұсыну туралы келісім
Елдi мекен _________ 20 ___ жылғы «__»__________
Бұдан əрі «Əкiмшi» деп аталатын «__________________» мемлекеттiк мекемесi атынан басшы _____
___________________________ бiр тараптан, бұдан əрi «Алушы» деп аталатын əлеуметтiк көмек алушы
_________________________, басқа тараптан жəне бұдан əрi «Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)» деп аталатын ________
____________________________ үшiншi тараптан төмендегiлер туралы осы өзара мiндеттемелер келiсiмiн жасасты:
1. Келiсiмнiң мəні
Тараптар өзара жауапкершiлiктi жəне келiсiмдi ескере отырып, ешқандай тараптан мəжбүр етiлмей тараптар
толық көлемде орындауы тиiс мiндеттемелер қабылдайды, атап айтқанда:
1. Əкiмшi, ________________________________ мəслихатының (20 ___ жылғы «__»_______ №_____) шешiмiнiң
негiзiнде өзiне мынадай түрдегi əлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мiндеттемелерін қабылдайды:
1) _____________________________________________________ теңге мөлшерiнде көтерме жəрдемақы;
2) ___ жыл мерзiмге __________________________________________ теңге сомасында тұрғын үй сатып алуға
немесе салуға бюджеттiк кредит.
2. Алушы өзiне жоғарыда көрсетiлген əлеуметтiк қолдау шараларын алған кезде ___________ ауылдық елдi
мекенiнде орналасқан (денсаулық сақтау, бiлiм беру, əлеуметтiк қамсыздандыру, мəдениет, спорт, агроөнеркəсіптік
кешен) ұйымында кемiнде үш жыл қызмет iстеуге мiндеттеме қабылдайды.
3. Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент) өзiне тапсырма шарты негiзiнде əкiмшiнiң атынан жəне оның есебiнен жəне
оның нұсқауына сəйкес бюджеттiк кредит беруге байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды орындауға мiндеттеме
қабылдайды.
2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерi
1. Əкiмшi:
1) алушыдан осы Келiсiмге сəйкес өзiне алған мiндеттемелердi адал жəне тиiсiнше орындауды талап етуге құқылы.
2. Əкiмшi:
1) аудан (облыстық маңызы бар қала) əкiмдiгiнiң қаулысы қабылданғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде жəне осы
Келiсiм негiзiнде көтерме жəрдемақысының тағайындалған сомасын алушының жеке есеп шотына аударуға мiндеттi.
3. Алушының:
1) комиссияның жұмыс органының талабы бойынша қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде əлеуметтiк қолдау
шараларын ерiктi түрде таңдауға;
2) үш жыл мерзiм өткенге дейiн, өндiрiстiк жағдайларға немесе əкiмшiлiктiң бастамасына байланысты басқа ауыл-
дық елдi мекендерге жұмысқа ауысқан кезде алынған əлеуметтiк қолдау шараларына құқығын сақтауға құқығы бар.
4. Алушы:
1) əлеуметтiк қолдау шараларын алған күннен бастап 60 жұмыс күні iшiнде комиссияның жұмыс органына бюд-
жет қаражатының мақсатты пайдаланылғаны туралы растау құжаттарын беруге;
2) меншiгiне сатып алынған/салынған жылжымайтын мүлiктi əдiлет органдарында тiркегеннен кейiн сенiм
бiлдiрiлген өкiлге (агентке) тұрғын үйге арналған құжаттардың түпнұсқаларын осы Келiсiмдi кемiнде үш жыл мерзiмге
қамтамасыз ету жөнiндегi кепiл ретiнде беруге;
3) жұмыс органына тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама ұсынуға;
4) жыл сайын «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік
кəсіпорнынан жұмыс органына мекенжай анықтамасын ұсынуға;
4) осы Келiсiмнiң шарттары орындалмаған жағдайда əлеуметтiк қолдау шаралары ретiнде алынған бюджет
қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге мiндеттi.
5. Сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агент):
1) алушымен есеп айырысуды жүргiзуге;
2) алушының қаржылық жағдайына мониторинг жүргiзуге құқығы бар.
6. Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент):
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес бюджеттiк кредитке қызмет көрсетуге;
2) кредиттiк шарт бойынша əлеуметтiк қолдау шараларын алған маман мiндеттемелерiнiң орындалуына мо-
ниторинг жүргiзуге;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес алушылардан берешектi өндiрiп алуды
жүзеге асыруға мiндеттi.
3. Дауларды шешу
1) Осы Келiсiмдi орындау кезiнде туындауы мүмкiн барлық мəселелер мен келiспеушiлiктер мүмкiндiгiне қарай
тараптардың арасында келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.
2) Егер даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер жолымен реттелмейтiн болса, олар Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасына сəйкес сот тəртiбiмен шешiлуге тиiс.
4. Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi
1) Осы Келiсiм тараптар қол қойған күннен бастап күшiне енедi.
Келiсiм 20___ жылғы «__»____________ бастап қолданылады.
2) Келiсiм бiрдей заң күшi бар үш данада жасалды.
5. Тараптардың заңды мекенжайлары
Əкiмшi Алушы Сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент)
_______________________ ________________ ______________________
_______________________ ________________ ______________________
_______________________ ________________ ______________________
«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге жəне тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, əлеуметтік
қамсыздандыру, мəдениет, спорт жəне агроөнеркəсіптік кешен мамандарына əлеуметтік қолдау шараларын
ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
_________________________ облысы
______________________ ауданының
(облыстық маңызы бар қаланың) əкiмi
________________________________
тегi, аты-жөнi
________________________________
Мекенжайы бойынша тұратын өтiнiш
берушiнiң
________________________________
тегi, аты, əкесiнiң аты
________________________________
жұмыс орны, лауазымы
Нысан
Өтініш
Сiзден Келiсiмнiң (қоса берiледі) мөлшерiнде жəне шарттарында маған көтерме жəрдемақы төлеуiңiздi жəне/
немесе тұрғын үй сатып алуға/салуға (қажеттісін сызу) бюджеттiк кредит ресiмдеуге құқық беруiңiздi сұраймын.
__________ ____________
күнi қолы
Құжаттар қабылданды:
20__жылғы «___» _______
_______ ____________________________________________________
қолы құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ə.
_______________________________________________________________________________________________
(кесу сызығы)
Өзгерiстер туындаған жағдайда, олар туралы 15 жұмыс күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн. Дұрыс емес
мəлiметтер мен жасанды құжаттар бергенiм үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдiм.
Азамат __________ өтiнiшi қоса берiлген саны ________ дана құжаттармен бiрге
20__жылғы «__»_________________ қабылданды.
_______ ____________________________________________________
қолы құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ə.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2015 жылғы 27 сəуірдегі Нормативтік
құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10805 болып енгізілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы
2015 жылғы 14 желтоқсан №768 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының аумағына шикі құрақ қантты бажсыз әкелуге
2016 жылға арналған квота көлемін бекіту туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының
2)-тармақшасына және «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының
Кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы
№130 шешімінің 5-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. 2016 жылы 405 000 тонна көлеміндегі дәм беріп, иіс шығаратын немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ
қантын (бұдан әрі – шикі қант) (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 1701 13, 1701 14) әкелу Қазақстан Республикасының аумағына
ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде кедендік баждар төлемей жүзеге асырылады деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті
заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он
күн ішінде оның көшірмесін мерзiмдi баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде
ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орнала-
стырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика
вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы М. ҚҰСАЙЫНОВ
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
___________ А.Мамытбеков
2015 жылғы 23 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б.Сұлтанов
2015 жылғы 29 желтоқсан
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 15 қаңтарда Нормативтік
құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12874 болып енгізілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы
2016 жылғы 1 ақпан №49 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы
заңнамасының сақталуына тексеру парағын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кəсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сəйкес
бұйырамын:
Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына
тексеру парағы бекітілсін.
«Сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының жеке кəсіпкерлік саласында сақталуын
мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Экономикалық даму жəне сауда министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 68 бұйрығының
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6926 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде
2011 жылғы 18 маусымдағы № 258-259 (26657) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он
күннің ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында жəне «Əділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми
жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкісіне
енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жəне
мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс
күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың
2-тармағының 1), 2) жəне 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мəліметтердің
ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика
вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |