Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:
Отының меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсіну;
Меншікті жану жылуының формуласын есептер шығару барысында дұрыс қолдана алу;
Отын энергиясы мен отының меншікті жану жылуы арасындағы байланысты көрсету;
Отынның меншікті жану жылуының өлшем бірлігін білу.
Оқушылар мұғаліммен бірге сабақ мақсатын анықтайды
Білім дағдысы: Қолдану
1-тапсырма (Р)
Оқушылар жұптасып эксперименттік тапсырмалар орындайды:
1 -тәжірибе. Бірдей массадағы әр түрлі отын жанған кезде бөлінетін жылу мөлшерін анықтаңдар.
Жұмысқа нұсқау:
2 кусок фольганы картонга қоямыз.
Фольга үстіне мақта кесегін қоямыз
Әр кесектің үстіне біреуіне спирт , ал екіншісіне бензин тамшысын тамызамыз.
Екі кесекті бір мезгілде жағыңдар
Спирт пен бензин жанып болған соң фольганы қолмен ұстап көріңдер. Қайсысы көбірек жылу бөлді?
2-Тәжірибе. Әр түрлі массадағы отынның жану кезіндегі жылу мөлшерін салыстыру Жұмысқа нұсқау:
2 кусок фольганы картонга қоямыз.
Фольга үстіне мақта кесегін қоямыз
Әр кесектің үстіне біреуіне бір тамшы спирт , ал екіншісіне екі тамшы спирт тамызамыз.
Екі кесекті бір мезгілде жағыңдар
Спирт жанып болған соң фольганы қолмен ұстап көріңдер. Қайсысы көбірек жылу бөлді?
Мұғалім сұрақ қояды: Отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшері неден тәуелді?
Бұл сұраққа оқушылар тәжірибе жасап болған соң тұжырымдарын жасайды.
Мұғалім кері байланыс жасай отырып, отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшері отын массасына және отынның меншікті жану жылуына пропорционал екенін атап өтуіне болады. Q=q·m.
Топтық талқылау Отынды белсенді түрде қолдану неге әкеліп соғады?
Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?
Оқушылар берілген құрал –жабдықтар арқылы тапсырманы орындайды.