Сабақтың ортасы
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі 23 мин
|
Білім дағдысы: Білу , қолдану, түсіну (D)
1 тапсырма.
«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы оқушылар жұптаса отырып зертханалық жұмысты орындайды.
Жұмыстың орындалу барысы:
Калориметрге массасы 100 г болатын ыстық суды, ал стаканға мөлшері дәл сондай суық суды құйыңдар. Ыстық және суық судың температурасын өлшеңдер.
Суық суды еппен ыстық судың үстіне құйыңдар, термометрмен араластырып, температурасын өлшеңдер.
Орныққан температураны пайдаланып, ыстық судың суық суға берген жылу мөлшері мен суық судың ыстық судан алған жылу мөлшерін есептеңдер.
Өлшеу және есептеу нәтижелерін кестеге жазыңдар.
Ыстық су массасы
m, кг
|
Ыстық судың бастапқы температурасы
t, 0C
|
Орнаған температура
t2, 0C
|
Ыстық судың суық суға берген жылу мөлшері
Q, Дж
|
Суық судың массасы
m1, кг
|
Суық судың бастыпқы температурасы
t1, 0C
|
Суық судың алған жылу мөлшері
Q1, Дж
|
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды жазыңыз:
Тәжірибені жүргізуге қандай факторлар әсер етеді?
Тәжірибені жақсартудың екі жолын ұсыныңыз
Тапсырманы аяқтаған соң оқушылардың жауаптарына қарай кері байланыс ұйымдастырылады.Оқушылар жылу алмасу кезінде жылудың бір бөлігі қоршаған ортаға, ал бір бөлігі – жылу алмасу жүретін ыдысқа берілетінін түсінуі тиіс.
|
Оқушылар берілген тапсырманы жұппен бірге орындайды.
|
|