I – Үшбұрыштар тобы II – Дөңгелектер тобы III – Төртбұрыштар тобы Мақсаты: белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан, оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: топтық жұмыста пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста - ақылдасып, келісімге келуге; өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.
Саралау:оқытудың қажеттілігіне қарай топ құруда саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады.
Оқушыларды ынталандыру мақсатында Мадақтау әдісі бойынша бағаланады.
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі
Оқушыларға интерактивті тақтадан төменде берілген сұрақтар мен 1-ші және 2-ші сурет көрсетіледі. Оқушылар суреттер бойынша ұжымдық үлгіде өз ойларын айтып, сұрақтарға жауап береді.
Бұл екі суретке қандай ортақ тақырып беруге болады деп ойлайсың?
«Сызықтық пен тармақталу алгоритмдері» дегеніміз не? Есіңе түсір. Мысалдар келтір.
Қалыптастырушы бағалау Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай «Мадақтау сөздері» әдісімен бағалайды. Жарайсың! Керемет! Жақсы! Талпын!
Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.
Тиімділігі:Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.