Бөлімі:
|
4-бөлім. «Python тіліндегі алгоритмдерді программалау»
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Күздеубаева Құндыз
|
Күні:
|
|
Сыныбы: 7
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
4.2. Файлдық функциялармен жұмыс
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
7.3.3.1 Python программалау тілінде файлды оқу және жазу.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушы үшін: файлдық функциялармен танысады.
Оқушылардың көбі үшін: Python программалау тілінде файлдық функциялардың екі типін қарастырады.
Кейбір оқушылар үшін: Python программалау тілінде деректерді файлдан оқу және жазуды жүзеге асырады.
|
Бағалау критерийлері
|
Тапсырманың программа кодтарына талдау жасайды.
Файлға жазу және оқу әдістерін пайдаланып, қарапайым тапсырмаларды орындайды.
Программалау барысында файлдық функцияларды пайдаланып программа жазады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәндік лексика мен терминология:
Шығару → Выход → Оutput
Іздеу→ Искать → Seek
Ашу → Открыт → Open
Диалогтер мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:
Файлдармен жұмыс жасайтын қандай функция және әдістер бар?
Файлға деректерді жазу мен оқуда қандай жайттарға ерекше назар аудару керек?
Python программалау тілінде файлмен жұмыс жасайтын қандай функция және әдістер бар?
|
Құндылықтарға баулу
|
“Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Ағылшын тілі, орыс тілі, математика.
|
Алдыңғы білім
|
Файлды жасау және ашу жолдарымен таныс.
|
Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 мин.
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Психологиялық жағымды ахуал орнату.
|
Топтастыру
«Екілікке саналу» әдісі арқылы 2 топқа бірігеді.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру. «Мозайка» әдісі арқылы үш топқа қима қағаздар беріледі.
Топ мүшелері қағаз қиындыларын құрастырып, І топ - сабақтың тақырыбын, ІІ топ - сабақтың мақсаты мен критерийлерін жариялайды.
|
Бағалау: Топтар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
Қағаз қиындылары
|
5 мин.
|
(Ұ)
«Миға шабуыл» әдісі
Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.
|
Файлдармен жұмыс жасайтын қандай функция және әдістер бар?
Файлға деректерді жазу мен оқуда қандай жайттарға ерекше назар аудару керек?
Python программалау тілінде файлмен жұмыс жасайтын қандай функция және әдістер бар?
|
|
|
|
Жаңа сабаққа кіріспе
Оқушыларға жаңа білім бөлімі бойынша мұғалімнің түсіндіру кіріспе сөзі жүргізіледі. Толығырақ ақпарат алу үшін оқулықтағы ақпараттарды оқуға бағытталады.
|
(Ұ) Сөздікпен жұмыс. «Түртіп алу» әдісі
|
|
7-сынып оқулығы.
|
|
(Т) Талқылау
Оқулықты оқып біткен соң, топтар арасында топтық жұмыс жүргізіледі.
І топ: Readline() функциясы
ІІ топ: Seek функциясы
Мақсаты: Жаңа сабақ бөліміндегі оқыған ақпараттарын топтық талқылау барысында тереңірек түсінеді.
|
Дескриптор:
Readline() функциясы туралы талқылайды.
Seek функциясы туралы талқылайды.
|
Бағалау: Топтар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
|
(Ж) Жинақтау
1-тапсырма.
Input.txt мәтіндік файлдың бірінші жолында “a”..“z” арасындағы кіші латын әріптері, ал екінші жолында және 0 мен 9 аралығындағы араб цифрлары берілген. Бірінші жолдағы алғашқы 10 әріп пен екінші жолдағы алғашқы 5 цифрды оutput.txt файлына жаз.
Input.txt
|
Output.txt
|
abcdefghijklmnopqrstuvwxyz
0123456789
|
abcdefghij
01234
|
Программа коды:
fin=open (“Input.txt”, “r”)
fout=open (“Output.txt”, “w”)
p=fin.readline(10)
fin.readline ()
h=fin.readline (5)
fout.write (p+’/n’)
fout.writelines (h)
fin.close ()
fout.close ()
Нәтижесі: abcdefghij 01234
|
Дескриптор:
Бірінші қатардағы алғашық 10 символды оқу үшін readline(10) деп, нәтижесін p айнымалысына жүктейді.
Екінші қатардағы алғашқы 5 цифрды оқу үшін, бірінші қатардағы алфавиттің қалған бөлігін параметрсіз readline() арқылы оқып, төменгі қатарға түседі.
Файлдан оқыған деректер жекежеке жолға жазу үшін ‘\n’ әдісін қолданады.
Мақсаты: теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, программа жазуға дағдыланады.
|
Бағалау: Жұптар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
|
2-тапсырма
Input.txt мәтіндік файлдың бірінші жолында “a”..“z” аралығындағы кіші латын әріптерінен тұратын жол берілген. Файлдағы осы жолды 2- орыннан бастап 15 әріпті ‘*’ символымен ауыстыр.
Input.txt
|
Output.txt
|
abcdefghijklmnopqrstuvwxyz
|
ab***************rstuvwxyz
|
Программа коды:
fin=open (“Input.txt”, “w”)
f.write (‘abcdefghijklmnopqrstuvwxyz’)
f.seek (2)
f.write (‘***************’)
f.close ()
Нәтижесі: ab***************rstuvwxyz
|
Дескриптор:
Input.txt кіру файлына латын әріптерін жазады.
Файл меңзерін Seek() функциясы көмегімен қажетті орынға орналастырады.
Файлға ‘*’ символын жазады.
Мақсаты: теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, программа жазуға дағдыланады.
|
Бағалау: Жұптар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
|
Дербес жұмыс. Практикалық жұмыс
3-тапсырма:
Input.txt мәтіндік файлында үш, төрт және бес таңбалы сандар бос орынмен ажыратып жазылған. Осы сандардың қосындысын тап. Қосындыны Оutput.txt файлына жаз.
Input.txt
|
Output.txt
|
256 4584 69581
|
74421
|
Программа коды:
fin=open (“Input.txt”, “r”)
fout=open (“Output.txt”, “w”)
a=int(fin.read(3))
fin.seek (4)
b=int (fin.read (4))
fin.seek (9)
c=int(fin.read(5))
fout.write (str(a+b+c))
fin.close ()
fout.close ()
Нәтижесі: 74421
Мақсаты: seek() және read() функцияларын дұрыс қолдану дағдысын қалыптастыру.
|
Дескриптор:
Seek (n) функциясының көмегімен меңзерді қажетті орындарға қойып отырады.
Read(n) функциясының көмегімен жолдық шамаларды таңбасының санына қарай оқиды.
Жолдық шамаларды int() функциясы көмегімен санға айналдырады.
|
Бағалау: Оқушы өзін-өзі «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
Сабақтың соңы
7 мин.
Рефлексия
|
Сабақты бекіту
Достарыңызбен бөлісу: |