Бөлімі:
|
4-бөлім. «Python тіліндегі алгоритмдерді программалау»
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Күздеубаева Құндыз
|
Күні:
|
|
Сыныбы: 7
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
4.4. Тармақталған алгоритмдерді программалау
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушы үшін: тармақталған алгоритмдерді программалау жолдарын біледі.
Оқушылардың көбі үшін: Шарт тексеру опреаторының қысқа және толық жазылу құрылымдарын ажырата алады.
Кейбір оқушылар үшін: Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазады.
|
Бағалау критерийлері
|
Тармақталған алгоритмдерді программалау жолдарын біледі.
Шарт тексеру опреаторының қысқа және толық жазылу құрылымдарын ажыратады.
Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Диалогтер мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:
Тармақталу алгоритмі қандай алгоритм?
Тармақталу алгоритміне күнделікті өзің орындайтын іс әрекеттердің қайсысын мысал ретінде келтіре аласың?
Шарт тексеру операторының құрылымдары жайлы не білесің?
Шарт тексеру опреаторының қысқа және толық жазылу құрылымдарының қандай айырмашылықтары бар? Себебін түсіндір.
|
Достарыңызбен бөлісу: |