14 тақырып. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата28.04.2023
өлшемі138,06 Kb.
#88112
1   2   3   4   5   6
 
7.Германияда шағын бизнесті қолдау жүйесі. Германияда шағын және 
орта бизнестегі кәсіпорындарды қолдау жүйесі төмендегі негізгі қағидаларға 
негізделген: 
1. Жеке сектор қызмет ету жағдайларының өзгерісіне қай дәрежеде 
бейімделе алмай жатса, мемлекет экономикалық процеске сол дәрежеде 
араласады. 
2. Басымдық мемлекеттік қолдауға емес, кәсіпорынның өздігінше жұмыс 
істеуіне беріледі. 
3. Инвестициялық қаржыландырудағы қажеттіліктің аздаған бөлігін, 
тәртіп бойынша қосымша және субсидия жабады.
Тұтастай экономика мүддесі тұрғысында орта мерзімді және ұзақ 
мерзімді перспективада нарықтық жағдайлардың табиғи өзгерісін тежеуге 


мемлекеттің құқығы жоқ. Яғни оларға дағдылануға мұршасы жоқ тиімсіз 
кәсіпорындар мен салалар нарықтан кетуге тиіс. Қабылданып отырған 
мемлекеттік қолдау шаралары шағын және орта кәсіпорындардың 
тиімсіздігінен туындап отырған мәселелерді шешуге бағытталған.
Мемлекеттік басқару органдарының жұмыс жүктелімін азайту 
мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бірқатар 
функциялар кейбір көпшілік-құқықтық институттарға, дәлірек айтқанда 
Кредитанштальт фюр Видерауфбау (КфВ) сияқты мамандандырылған 
банктерге, сондай-ақ жеке бизнестегі өзін-өзі реттейтін ұйымдарға, мысалы 
қолөнер мамандары мен сауда-өнеркәсіптік палаталарға берілген.
Германияда шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау 
инвестициялық белсенділікке ықпалын тигізетін федералдық және өңірлік 
маңызы бар 300-ден астам бағдарламаларды қамтиды. Ықпал ету шағын және 
орта бизнеске технологиялар мен тиісті экономикалық ақпарат беру, сондай-
ақ экономикалық және техникалық кеңестерді және шағын және орта 
кәсіпорындар қызметкерлері мен басшыларын оқыту және біліктіліктерін 
арттыру жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру 
түрінде жүзеге асырылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет