14 тақырып. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау


Бесінші бағыт – қоғамда кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата28.04.2023
өлшемі138,06 Kb.
#88112
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
14 лек ЭКН

5.Бесінші бағыт – қоғамда кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру, ол 
қоғамның іргетастық сипаттамаларын өзгертуді, қоғамдық ой мен санада 
маңызды өзгертуді қажет етеді. Бұл жол кәсіпкерлікке деген қоғамдық пікірді 
терістен оңға өзгерту, ал кейіннен тұрақты түрде жаңа мүшелермен 
толықтырылып отыратын кәсіпкерлердің толық класын құру арқылы жүзеге 
асырылады. Қазақстанда тұрғындардың кәсіпкерлерге деген теріс пікірі әлі де 
сақталып жатыр. Сондықтан кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау, тұрақты 
насихаттау және қолдау - бұл кәсіпкерлік қызметтің айналасындағы 
психологиялық климатты өзгертуде де, кәсіпкерлікті қолдауға қоғамдық 
пікірдің оң жаққа өзгертуде де маңызды қадам болып табылады.
Шағын кәсіпкерліктің даму дәрежесі аймақтарда әлеуметтік-
экономикалық, табиғи-климаттық жағдайлар, сондай-ақ аймақтық басқару 
органдарының қызметтері бойынша ерекшеленеді. Кәсіпкерліктің дамуына 
жергілікті басқару органдары қажетті көңілді бөлмейтін немесе жаңа 
кәсіпкерлікті құруда тежеушілік тудыратын аймақтарда сәйкесінше жалпы 
аймақта нашар экономикалық даму байқалады. 
Кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық саясаты жалпы мемлекеттік заңнама 
және реттеу шегінде жүзеге асырылуы тиіс және бұл кезде кәсіпкерлікті 
аймақтық басқаруда біршама шектеу туралы айтуға болады. Алайда жергілікті 
салықтардың деңгейі, бизнесті қаржылық ынталандыру, ақпараттық көздердің 
және өндіріс құралдарының қол жетімділігі, аймақтағы күнкөріс 
минимумының айтарлықтай арзандылығы, бизнесті ашқан және оның жұмыс 
істеу кезінде ресмиліктің жоқтығы, бизнес инфрақұрылымының барлығы бір 
аймақтарды басқа аймақтарға қарағанда бизнесті негіздеу үшін тартымды 
етеді.
Тәжірибе көрсеткендей, егер аймақта немесе ауданда кәсіпкерлік қолдау 
бойынша жергілікті органдар белсенділік танытса, онда шағын бизнестің 
қайта құрылатын субъектілер саны өседі.
Ресейлік экономист А.Виленский (шағын кәсіпкерлік проблемалары 
институтының басшысы) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық 
бағдарламаларын екі топқа біріктіреді. Біріншісі — өндірістік-технологиялық, 


қаржылық, еңбектік және ақпараттық ресурстарға шағын кәсіпкерлік 
субъектілерінің қол жеткізуін қамтамасыз ететін қолдаудың көпдеңгейлі 
кешенді жүйесін қалыптастыру. Ол үшін шағын кәсіпкерлікті қолдаудың 
муниципалдық немесе аймақаралық, соның ішінде кепілдік қорларын құру 
және шағын кәсіпкерлікті қолдау агенттіктерінің муниципалдық немесе 
аймақаралық инфрақұрылымның кешенді обьектілері ретінде бизнес-
инкубаторлар, кеңес беру пунктері және т.б. ұйымдастыру қажет.
Екіншісі — шағын кәсіпкерліктің сандық, сапалық және құрылымдық 
көрсеткіштерінде оң өзгерістерге жету, соның ішінде жалпы аймақтық өнімде 
оның үлесінің өсуі; облыстың тауарлы нарықтарында бәсекелік ортаны 
дамыту; облыстық және жергілікті бюджетке сәйкесінше қалалар мен 
аудандардың бюджеттеріне салықтық түсімдерінің 10% деңгейінде шағын 
кәсіпкерлік субъектілерінен салық түсімдерінің тұрақтылығын қамтамасыз 
ету; жаңа жұмыс орындарын құру және өзін-өзі жұмыспен қамту арқылы 
әлеуметтік шиеленісушілікті төмендету. 
Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті аймақтық (облыстық) деңгейде 
қолдаудың негізгі бағыттары келесідей:
1.Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеу 
және жүзеге асыру, шағын бизнестің дамуы негізінде жаңа жұмыс орындарын 
құру. 
2.Ауылдық кәсіпкерлік саласына инвестициялар мен басқа да 
мемлекеттік емес көздерді тарту. 
3. Кеңес беру орталықтарын құру және оларды ұйымдастыру бойынша 
жергілікті атқарушы органдарға көмектесу. 
4.Ауылдық кәсіпкерлік үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау. 
5.Шағын кәсіпкерліктің мүдделерін қорғау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет