2.Мемлекет қызметінің екінші бағыты — шағын кәсіпкерлікті
қолдаудың инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту.Шағын бизнесті
қолдаудың инфрақұрылымы ретінде жеке істі ұйымдастыруда көмек көрсету,
маркетинг, инжиниринг және менеджмент саласында ақпаратпен қамтуды,
шағын кәсіпкерлікті материалдық-техникалық, қаржылық және комерциялық
негіздегі басқа да ресурстармен қамтамасыз етуді қоса алғанда шағын бизнес
субъектілері қызмет көрсету және дамытудың жалпы шарттарын қамтамасыз
ететін құрылатын немесе пайдаланатын ұйымдар кешені түсіндіріледі.
Мәні бойынша, кәсіпкерлікті басқарудың көп сатылы жүйесінің қызмет
етуі шағын бизнестің инфрақұрылымы болып табылады.
Шағын бизнесті қолдаудың нарықтық инфрақұрылымы шағын
бизнестің жұмылдыруына елеулі әсерін тигізетін маңызды буын болып
табылады. Бірақ бүгін оның даму деңгейі кәсіпкерлік сектордың нақты
қажеттіліктерінен артта қалып жатыр.
Әлеуметтік зерттеудің нәтижелері көрсеткендей, жеке кәсіпкерлік
қызметпен араласуды бастаған бизнесмендер кеңес беру қызметіне мұқтаж
болады және оны ала алмайды. Құқықтық қызмет ету инфрақұрылымы нашар
дамыған. Бұл әсіресе нотариалдық қызметтер, келісім-шарттарға қол қою,
мүліктік құқықтарды рәсімдеу кезінде байқалады.
Осылайша, қазіргі жағдайда мемлекет шағын бизнестің дамуына
мемлекет әсерінің рөлі мен функциялары өзгерді. Реформаланатын нарықтық
шаруашылықтың қажеттіліктерін қанағаттандару — жаңарту үрдісінің негізгі
элементі. Бұл проблеманы шешу жоспарында кәсіпкерліктің нарықтық
инфрақұрылымының құрылуы мен дамуына жағдайлар жасауға бағытталуы
қажет және келесі бағыттар негізді болып табылады:
1.Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының филиалдарын барлық аймақтар
мен аудандарда ұйымдастыру. Қордың және оның аймақтық филиалдарының
құрылымы міндетті түрде қаржылық, заңды, маркетингтік, ақпараттық және
басқа да қызмет көрсетулер бойынша бөлімшелерді қамтуы тиіс.
2.Несиелік серіктестіктер, ипотекалық несиелік қорлар желісін құруға
бағытталған шаралардың жиынтығын жүргізу.
3.Мамандандырылған агроөнеркәсіптік биржалар қызметінің жандануы.
Таяу жылдары форвардтық және фьючерстік контрактілер саудасын енгізумен
байланысты технологияны және заңнамалық базаны әзірлеу керек.
4.Ғылыми-технологиялық қолдау бойынша консалтингтік, ақпараттық,
маркетингтік, бухгалтерлік, құқықтық қызметтер бойынша орталықтарды,
кадраларды даярлау мен қайта даярлау бойынша оқу орындарын құру.