14 тақырып. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата28.04.2023
өлшемі138,06 Kb.
#88112
1   2   3   4   5   6
 
6. Мемлекет тарапынан басқаруға байланысты кең де жан-жақты көмек 
АҚШ-та неғұрлым жақсы дамыған. Кәсіпкерлерді қолдау мәселесін жинақты 
шешудің мысалы әртүрлі ғылыми-өндірістік кешендер болып табылады. Оған 
мысал ретінде Талса қаласындағы (Охлама штаты, АҚШ) университет 
жанында ұйымдастырылған орталықты алуға болады. Бұл орталық жаңа 
кәсіпорындарды қалыптастыру процесінде мемлекеттік секторды (федералды 
штат деңгейінде, қалалық өкіметті), білім беру саласын (бизнес мектепті, 
университеттің техникалық факультеттерін), жеке секторды (венчурлы 
капитал фирмаларын, инвесторларды, қаржылық ұйымдарды), сонымен қатар 
әртүрлі қорларды біріктіреді. Орталық өз бетімен қызмет ететін алты бөлімнен 
тұрады: ішкі кәсіпкерлік кәсіпкерлік орталық, венчурлық, капитал биржасы, 
инновациялық орталық, «инкубатор», ұсақ бизнесті дамыту және студенттік 
орталық. Әр бөлімшенің өз бюджеті бар. 
АҚШ-та шағын бизнес оның экономикасының дамуында шешуші рөл 
атқарды. Бұл үшін АҚШ-та осы сектордың дамуына қолдау көрсететін 
құрылым бар, АҚШ-тың шағын бизнес Әкімшілігі, 1953 жылы құрылған
қызметі - бизнесмендерді дер уақытында жаңа енгізулермен таныстыратын 
сапалы, толық масштабты бағдарламаларды қалыптастыру. 


АҚШ Президенті жыл сайын шағын бизнес жағдайы жайлы Конгреске 
баяндама жасайды, оның негізінде американдық заң шығарушылар шағын 
компаниялардың қызметіне көмек көрсететін бағдарламалар дайындайды. 
Осы сияқты бағдарламаларды әртүрлі Үкіметтік ведомстваларда дайындайды 
(сауда, ауыл шаруашылығы Министрліктері және т. б.). Федералды шағын 
бизнесті қолдау бағдарламаларына сәйкес шағын бизнес субъектілеріне 
тікелей және кепілдендірілген қарыздар ұсынылады. Тікелей ссудаларды 
шағын фирмалар белгілі мерзімге алғанымен, олар бойынша пайыздық 
ставкалар жеке капитал нарығындағы несиелерге қарағанда әлде қайда төмен 
болады. Сол сияқты қолдаудың тағы бір түрі салықтық және амортизациялық 
жеңілдіктер көрсету. 1987 жылы пайдаға салынатын салықтың ставкалары 
бойынша жеңілдіктер көрсетілді, яғни ертеде қолданылған 15 ставканың оның 
ішіндегі ең жоғарысы 50 пайыз орнына екеу ғана енгізілді 15 және 28 пайыз.
Федералды үкімет иелері әсіресе инновациялық шағын бизнестің дамуына көп 
көңіл бөледі, оларға дотациялар бөледі, сонымен қатар жаңа өнімдер мен 
технологияларды шығаруға келісім шарттар жасайды. 1980 жылдардың 
ортасында мұндай қолдауларды жүзеге асыруға шығындар көлемі Ұлттық 
ғылыми қордың (ҰҒҚ) жылдық бюджетінің 1 пайызын құрап, 1985 жылы бұл 
сомма 12 млн. АҚШ долларын құрады. ҰҒҚ-мен құрастырылған бағдарлама 
шағын фирмалардағы (жұмысшылар саны 300 адамға дейін) инновацияларға 
қаржылық қолдау көрсетуге бағытталды, оның ішінде бастысы қолданбалы 
зерттеулерді субсидиялау.
Шағын бизнесті қолдауға аймақтық деңгейде көп көңіл бөлінеді. 1983 
жылы Мичиган штатында Уэйн университетінде шағын бизнесті дамыту 
орталығы құрылған болатын. Орталық Шағын бизнес Әкімшілігімен (ШБӘ) 
бірлесе отырып, штаттағы шағын фирмаларды 13 аймақтық бөлімшелер 
арқылы кеңес беруді, шағын бизнес мәселелері бойынша курстарды 
ұйымдастыру, штаттың шағын бизнесінің мәселелерімен танысу, шағын 
фирмаларға құқықтық қорғау бойынша қолдау көрсету сияқты бағдарламарды 
жүзеге асырады. Соңғы жылдары АҚШ-та шағын бизнеске шағын бизнес 
әкімшілігінің кепілдендіруімен ұсынылатын коммерциялық және өнеркәсіптік 
қарыздардың көлемі неғұрлым өсуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет