қатынастарды құқықтық реттеудегі олқылықтар мен қайшылықтарды жоюға
бағытталған.
Кәсіпкерлік Кодексі кәсіпкерлік саласындағы кейбір жаңа реттеулерді,
қағидаттар мен ұғымдарды енгізді. Атап айтқанда,
кәсіпкерліктің әлеуметтік
жауапкершілігі, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуы;
кәсіпкерлік саласындағы өзін-өзі реттеу; кәсіпкерлік субъектілері мен
мемлекеттің өзара жауапкершілігі қағидаттары енгізілді. Шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің
жаңа санаты енгізілді, кәсіпкерлердің өзін-өзі реттейтін
ұйымдарының, сондай-ақ мемлекет пен бизнес өкілдерінің қатысуымен
консультативтік-кеңесші органдардың режимі белгіленді.
Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау бойынша заңдық
база құрастырылған, бірақ ол оның
елде экономикалық қалыптасу
жағдайларына толығымен сәйкес келмейді.
Достарыңызбен бөлісу: