Антропометрия (грек. antropos – адам, metreo – өлшеу) – адамның негізгі физикалық көрсеткіштерін өлшеу арқылы, физикалық дамуын бағалау. Антропометриялық көрсеткіштерге бойы, дене салмағы, кеуде қуысының өлшемі және басқалары жатады.
Өлшеуді тексеруден өткен өлшеуіш құралдармен өлшейді: таразы, бой өлшегіш, сантиметрлік лента. Барлық өлшеуді күннің бірінші жартысында, аш қарынға, физиологиялық қажеттіліктерден кейін жүргізілгені дұрыс. Өлшенетін адам жеңіл тоқыма киімде болуы керек.
Бойды өлшеу (дененің ұзындығы) Дененің ұзындығын өлшеу үшін бой өлшегішті қолданады, ол алаңға бекітілген сантиметрлік шкалаға бөлінген вертикалды енсіз жұқа тақтайша. Вертикалды енсіз жұқа тақтайшада жоғары-төмен қозғалатын көлденең орналасқан планкасы бар.
Шараның орындалуы:
1. Шараның мақсаты мен жасалуы туралы науқасқа түсіндіру, келісімін алу.
2. Гигиеналық әдіспен қолын өңдеу.
3. Бой өлшегішті жұмысқа дайындау.
4. Бой өлшегіштің планкасын бойынан биікке көтеру.
5. Науқасқа алаңның ортасына вертикалды енсіз жұқа тақтайшаға арқасын тіреп тұруын өтіну (аяқ киімсіз).
6. Науқас вертикалды енсіз жұқа тақтайшаға 3 нүктесі тиіп тұруы қажет: өкшесі, жамбасы, жауырыны.
7. Сыртқы есту тесігі мен көзі бір көлденең сызықта тұратындай деңгейде басын ұстап тұру.
8. Бой өлшегіштің жылжымалы планкасын науқастың басына тигізе түсіреді (баспай).
9. Планшеттің төменгі шетіндегі шкаладағы сан науқастың дене ұзындығын көрсетеді.
10. Бой өлшегіш алаңынан абайлап шығуын сұрайды.
Өлшеу дәлдігі - 0,5 см дейін. Дене салмағын өлшеу: Шараның орындалуы:
1. Таразыны қосу
2. Сандық тақтадан 0 көрінуін тосу қажет.
3.Науқасқа алаңның ортасынатұруын өтіну (аяқ киімсіз), қажет болса науқасқа көмектесу.
4. Таразы салмақты көрсеткенін тосу қажет.
5. Таразыдан түсуге науқасқа көмектесу.
6. Нәтижені тіркеу қажет.
2.Педикулезге бақылау Педикулёз (pediculosis, биттілік, лат. Pediculus - «бит») — тері мен шаштың паразиттік ауруы. Адамда: бас биті (Pediculus Humanus Capitis), көйлек биті (Pediculus Humanus Corporis) мен қасағалық бит (Phtyrus Pubis) паразиттік етуі мүмкін. Осыған сәйкес педикулёзді : бастық, көйлектік және қасағалық деп бөледі.
Мақсаты: АІИ таралуынан сақтандыру, дененің түкті бөліктеріндегі жұмыртқаларды, дернәсілдер мен биттерді жою.