3.Санитарлық өңдеу ГИГИЕНАЛЫҚ ВАННА ЖАСАУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ Мақсаты: жеке бас гигиенасын сақтау.
Жабдықтау: -ысқыш (мочалка)
-сабын
-щетка
-су термометрі
-жайма
-орамал
-таза киім
-ағаш орындық.
Іс-әрекет алгоритмы: 1.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
2.Пациентке процедураның барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
3.Алжапқышты , қолғапты киіп, аузыңызға масканы тағыңыз.
4.Жуынатын бөлме температурасын анықтаңыз (25-27 ◦ С).
5.Ваннаны сабын немесе басқа жуғыш заттарды қолданып щетканың көмегімен ысқылап жуыңыз.
6.Ваннаны ыстық сумен шайып жіберіңіз.
7.Ваннаны суға толтыру барысында судың температурасын су термометрімен өлшеп отырыңыз, судың температурасы 37-38 ◦-С болу керек.
8. Пациентке ваннаға ыңғайлы жатуына көмектесіңіз, бетін бұранғыш қаратып жату керек. Су деңгейі төс сүйегінің семсер тәріздес өсіндісі тұсынан келу керек.
9.Аяғының астына тіреуіш ретінде ағаш подставканы беріңіз.
10.Пациенттің алдымен басын, кеудесін, сосын аяқ- қолдарын сабынды ысқышпен ысқылап жуыңыз.
11.Жылы сумен шайындырыңыз
12.Пациенттің ваннадан шығуына көмектесіңіз, жылы орамалмен немесе жылы жайма сүртінуіне көмек жасаңыз.
13.Пациентті киіндіріп, палатасына апарыңыз.
14.Ваннаны және ванна қабылдауға арналған бұйымдарды жуып, өңдеңіз.
15.Пациенттің ауру тарихына ванна қабылдағаны жайында белгі қойыңыз.
Ескертпе: ваннаны 3 % хлорамин ерітіндісімен арасына 15 минут салып екі рет жуып шығыңыз.
ГИГИЕНАЛЫҚ ДУШ ҚАБЫЛДАУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ Мақсаты:жеке бас тазалығын сақтау.
Жабдықтау: -дене ысқыш
-сабын
-щетка
-аяқ астына салынатын ағаш
-ақ жайма
-орамал
-таза іш киім.
Іс әрекет алгоритмы: Бірінші кезең. 1.Пациентке алдағы іс- шара жайында түсіндіріп, келісіміналыңыз.
2.Ваннаға кішкентай орындық қойып, оған пациентті отырғызыңыз
3.Пациенттің ваннаға тұруына көмектесіңіз, арт жағынан тұрып, шынтағынан ұстаңыз, сосын оны отырғызыңыз.
4.Пациентті өз бетімен жуынуына ықпал етіңіз, қажет болған жағдайда ғана көмектесіңіз.
Екінші кезең: 1.Алжапқыш киіп, пациенттің басын жуыңыз:
- жаялықты бірнеше қабат етіп орап алып, онымен көздерін жабуын талап етіңіз
- душтан суды құя отырып, шаштарын сулап, жуыңыз
- пациенттің шашына аздап щампунь жағыңыз
- екі қолыңызбен шаштарын жақсылап жуыңыз
- сабын көпіршіктерін сумен жуып тастаңыз
- пациенттің басын құрғатып сүртіңіз
2.Пациентке көмектесіңіз, қажет болса, денесін де гигиеналық ванна жүргізу тәртібі бойынша жуыңыз.
3.Пациенттің орындықтан тұруына көмектесіңіз ( қажет болған жағдайда көмектесіңіз, екі жақтап, дененің дұрыс қозғалуын қолдана отырып).
Үшінші кезең: 1.Пациентке ваннадан шығуына көмектесіңіз.
2.Денесін сол тәртіппен құрғатып, сүртіңіз.
3.Пациенттің шаштарын тарауына көмектесіңіз, іш- киімдерін кигізіңіз.
4.Қолдары мен аяқтарының тырнақтарын алыңыз.
5.Пациентке киімдерін киюге көмектесіңіз.
6.Алжапқышты шешіп, оны су өткізбейтін қапшыққа салыңыз, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
7. Орындалған іс- шара жайында журналға жазыңыз.