Қолданутәсілі және дозалары Көктамыр ішіне минутына 0,75-1,5 мл аспайтын жылдамдықпен сорғалатып немесе тамшылатып енгізіледі. Дәрілік затты енгізу аяқталған соң емделуші біраз уақыт «жатқан» қалпында қалуы керек.
Аллергиялық ауруларда (есекжем, ангионевротикалық ісіну, аллергодерматоздар, сарысу аурулары), қорғасынды шаншуда, магний препараттарымен артық дозаланғанда – 7,5-15 мл. Жедел гипокальциемияда – 1-3 күн бойы 7,5-15 мл, қажет болғанда енгізуді әр 1-3 күн сайын қайталайды. Гипокальциемиялық тетанияда – 5-17,5 мл. Емдік әсерге қол жеткізу үшін енгізуді әр 8 сағат сайын қайталайды. Гиперкалиемияда (ЭКГ бақылауымен) – 2,45-15 мл, қажет жағдайда қайталама дозаны 1-2 минуттан кейін енгізеді.
Балаларға – 0,3 мл/кг, ең жоғары тәуліктік доза - 15мл.
Көктамыр ішіне тамшылатып енгізу үшін кальций хлориді ерітіндісін алдын ала 5% декстроза ерітіндісімен немесе 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен сұйылтады.
Жағымсыз әсерлері - ыстықты сезіну
- бет терісінің гиперемиясы
- брадикардия
- жүрек қарыншаларының фибрилляциясы
- жергілікті реакциялар (көктамыр ішіне енгізгенде): көктамыр жолы бойының ауыруы және гиперемиясы
- ауызда бор дәмін сезіну
- артериялық қысымның төмендеуі
- естен тану
- гиперкальциемия
Қолдануға болмайтын жағдайлар - препараттың құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдықта
- тромб түзілуге бейімділік
- айқын атеросклерозда
- гиперкальциемияда
- гиперкальциурия
- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі
- несеп-тас ауруы
- қарыншалардың фибрилляциясы
- саркоидоз
- жүрек гликозидтерін бір мезгілде қабылдау
- жүктілік, лактация кезеңі
- тері астына немесе бұлшықет ішіне енгізуге.
Саудалық атауы:Магний сульфаты
Халықаралық патенттелмеген атауы: Жоқ
Дәрілік түрі: Көктамыр ішіне енгізуге арналған 250 мг/мл, 10 мл ерітінді
Құрамы:1 мл препараттың құрамында:белсенді зат: магний сульфаты – 250.0 мг қосымша зат: инъекцияға арналған су – 1.0 мл-ге дейін