14-топ, 1-топша : Ибраемова Шолпан


Қолдану тәсіліне қарай демеуші дозалар белгіленеді



бет69/102
Дата08.06.2023
өлшемі1,39 Mb.
#99715
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   102
Қолдану тәсіліне қарай демеуші дозалар белгіленеді:
- үздіксіз көктамырішілік инфузия кезінде Гепаринді 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде сұйылтып, 1000-2000 ХБ/сағаттан (24000-48000 ХБ/тәулік) тағайындайды;
- мезгіл-мезгіл жасалатын көктамырішілік инъекцияларда әр 4 сағат сайын 5000-10000 ХБ Гепарин тағайындалады.
Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі тромбоздар кезінде ересектерге препарат 40000-50000 ХБ/тәулік дозада 3-4 ретке бөлініп, көктамыр ішіне тағайындалады; ауыр тромбоз және эмболияда – көктамыр ішіне 6 сағат аралықпен 4 ретке бөлініп, 80000 ХБ/тәулік дозада. Тіршілік көрсеткіштері бойынша, көктамыр ішіне бір рет 25000 ХБ (5 мл), артынан 80000-120000 ХБ тәуліктік дозаға жеткенше әр 4 сағат сайын 20000 ХБ. Көктамыр ішіне тамшылатып құю кезінде инфузиялық ерітіндінің тәуліктік көлеміне кемінде 40000 ХБ Гепарин қосу қажет. Көктамыр ішіне енгізу кезінде Гепарин дозаларын ішінара белсендірілген тромбопластин уақыты (ІБТУ) бақылануынан 1,5-2,5 есе көбірек болатындай таңдайды.
Саудалық атауы: Кальций хлориді
Халықаралық патенттелмеген атауы: Жоқ
Дәрілік түрі: Көктамыр ішіне енгізуге арналған 100 мг/мл ерітінді, 10 мл
Құрамы:1 л препараттың құрамында белсенді зат-кальций хлориді гексагидраты (кальций хлориді) – 100.0 г қосымша заттар – 1 л дейінгі инъекцияға арналған су
Сипаттамасы:Түссіз мөлдір сұйықтық
Фармакотерапиялық тобы: Электролитті ерітінділер
АТЖ коды В05ХА07
Фармакокинетикасы
Препараттың 45%-ға жуығы плазма ақуыздарымен кешенде болады. Бүйрек (20%) және ішек (80%) арқылы шығарылады. Гломерулярлық сүзілу жолымен шығарылатын 95% Ca2+ Генле ілмегінің жоғарылаған сегментінде, сондай-ақ бүйректің проксимальді және дистальді өзекшелерінде сіңірілуге ұшырайды.
Фармакодинамикасы
Кальций препараты жүйке импульстарының берілуі, қаңқа және тегіс бұлшықеттердің жиырылуы, миокард қызметтері, сүйек тіндерінің қалыптасуы, қанның ұюы үрдістерін жүзеге асыруға қажетті кальций иондары тапшылығын толықтырады, қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігін азайтады. Көктамыр ішіне енгізгенде вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігін көтермелейді, бүйрек үсті безінің эпинефрин бөлуін күшейтеді, орташа диуретикалық әсері бар.
Қолданылуы
- кальцийдің жоғары қажеттілігінде (жүктілікте, лактация кезеңінде, организмнің қарқынды өсуі кезеңінде)
- қан кетулерде (өкпеден, асқазан-ішек жолдарынан, мұрыннан, жатырдан)
- аллергиялық ауруларда (қансарысуы ауруы, есекжем, ангионевротикалық ісіну, пішен қызбасы, дәрілік аллергия)
- бронх демікпесінде
- дистрофиялық алиментарлы ісінулерде
- спазмофилияда
- тетанияда
- өкпе туберкулезінде
- рахитте
- остеомаляцияда
- қорғасын шаншуларында;
- гипопаратиреозда, гипокальциемияда, тамырлардың жоғары өткізгіштігінде (геморрагиялық васкулит, сәуле ауруында), паренхиматозды гепатит, уытты гепатит, нефрит, эклампсия, босану әрекетінің әлсіздігінде
- магний тұздарымен, қымыздық және фторлы қышқылдармен уланғанда
- пароксизмальді миоплегияда (гиперкалиемиялық түрі)
- қабынбалы және экссудативті үдерістер (пневмония, плеврит, аднексит, эндометрит және т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет