Фармакодинамикасы
Гепарин – тікелей әсер ететін антикоагулянт, ол гемокоагуляцияның барлық фазаларында қан ұю факторларына тікелей ықпал етеді. Антикоагулянттық әсері in vitro және in vivo анықталып, көктамыр ішіне қолданудан кейін бірден басталады.
Гепариннің әсер ету механизмі бәрінен бұрын оның белсендірілген қан ұю факторларының: тромбин, IXa, Xa, XIa, XIIa тежегіші – III антитромбинмен (ерекше маңыздысы – тромбин мен белсендірілген Х факторды тежеу қабілеті) байланысуына негізделген. Гепарин протромбиннің тромбинге ауысуын бұзады, тромбинді бәсеңдетеді және фибриннің фибриногеннен түзілуін тоқтатады, сондай-ақ аздаған дәрежеде тромбоциттер агрегациясын азайтады.
Бүйректегі қан ағымын ұлғайтады; ми тамырларының кедергісін арттырады, ми гиалуронидазасы белсенділігін азайтады, липопротеинлипазаны белсенділендіріп, гиполипидемиялық әсерге ие болады. Гепарин өкпедегі сурфактант белсенділігін төмендетеді, бүйрек үсті бездері қыртысында альдостеронның артық мөлшерлі синтезін бәсеңдетеді, адреналинді байланыстырады, аналық бездердің гормональді жандану реакциясын реттейді, паратгормон белсенділігін күшейтеді. Ферменттермен өзара әрекеттесу нәтижесінде ми тирозингидроксилазасы, пепсиноген, ДНҚ-полимераза белсенділігін арттыруы және миозиндік АТФаза, пируваткиназа, РНҚ-полимераза, пепсин белсенділігін төмендетуі мүмкін.
Қолданылуы
- терең көктамырлар тромбозы, жедел артериялық эмболия немесе тромбоз, тромбофлебит, коронарлық тамырлар эмболиясы сияқты тромбоэмболиялық бұзылуларды емдеуде
- терең көктамырлар тромбозының профилактикасында
- аталған патологияға ұшыраған науқастардағы коронарлық артериялар тромбоэмболиясы профилактикасында
- қан айналымының экстракорпоральді әдістері пайдаланылатын операциялар кезіндегі қан ұюының профилактикасында, гемодиализ жүргізгенде
Қолдану тәсілі және дозалары
Гепарин үздіксіз көктамырішілік инфузия түрінде немесе жүйелі көктамырішілік инъекциялар түрінде, сондай-ақ тері астына (іш аумағына) тағайындалады.
Профилактика мақсатында – 8-12 сағат аралықтармен тері астына 5000 ХБ/ тәулік. Теріастылық инъекциялар салу үшін әдеттегі жер іштің алдыңғы-бүйірлік қабырғасы болып табылады (айрықша жағдайларда иық немесе санның жоғарғы аумағына енгізіледі), осы орайда жіңішке инені пайдаланып, бас бармақ пен сұқ саусақ арасында ұсталатын тері қатпарына ерітіндіні енгізіп біткенше перпендикулярлы терең енгізу керек. Әр жолы енгізу орнын ауыстырып отыру керек (гематома түзілуін болдырмау үшін). Алғашқы инъекцияны операция басталғанша 1-2 сағат бұрын салу қажет; операциядан кейінгі кезеңде 7-10 күн бойы, қажет болған жағдайда ұзақтау уақыт енгізеді.
Емдік мақсатта енгізілетін Гепариннің бастапқы дозасы, әдетте, 5000 ХБ құрайды және көктамыр ішіне енгізіледі, сонан соң емдеуді көктамырішілік инфузияларды пайдаланумен жалғастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |